Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтары. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырыбы: Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтары
Оқу мақсаты: 10.1.6.3. жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтары құрылысы, орналасуы мен ортақ қасиеттерінің байланысын орнату
Демонстрациялауға және қауіпсіздік техникасына арналған нұсқаулық
Оқушылардың сынып ішінде қозғалуы кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау.
Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар.
Уақытты үнемдеу үшін тапсырманың бағалау критерийін және сол тапсырмаларға арналған нұсқаулықтарды мультимедиалық тақтаның экранына шығарған дұрыс. Материалды игеру кезінде топтағы оқушылар санын өзгертуге болады. Оқыту ресурсы ретінде, оқушыларға қосымша оқу материалдарын ұсыныңыз.
Формативтік бағалау бойынша ұсыныстар.
- Материалды қайталау кезеңінде, бейнероликті ауызша түрде сипаттау үшін еріктілерден сұрай алады. Видеоролик ағылшынша болғандықтан алдын-ала бұлшықет талшықтарының құрылысымен танысып алғаныңыз дұрыс.
- Жаңа тақырыпты түсінуде оқушыларға «Бұлшықет талшықтарының жиырылуы және бұлшықет талшықтарының анатомиясы» туралы ағылшын тіліндегі бейнеролик көруге ұсынылады. Оқушылар видеодан бұлшықет талшықтарының жылдам және баяу жиырылатын түрлерге бөлінуі, физикалық пішіннің әртүрлі болу себебі туралы ақпарат алады. Бейнеролик көру барысында оқушылар өз дәптерлеріне қолжазба жасай алады. Оқушыларда бейнеролик жайлы сұрақ туындаса, мұғалім талқылап түсіндіруге міндетті . Сондықтан қосымша 6 мәтінін алдын ала оқып алғаныңыз дұрыс. Мәтін төменде үй тапсырмасына ұсыныста берілген. Осы кезде оқушыларға мәтінді берсеңізде болады. Бірақ оқушылар видеодан визуалды түрде тез қабылдайды және уақытты үнемдейді. Сондықтан бірінші видео көрсеткеніңіз дұрыс.
Қорытынды жазбаша бағалау жұмысы бойынша ұсыныстар: Оқушыларға О level тапсырмаларын ұсыну өте тиімді. Жауаптың бірнеше нұсқасымен таныса алады. Халықаралық деңгейдегі тапсырмалармен таныс болады.
О level тапсырмаларының жауаптары:
1.B 1 ұпай
2. жаттығу алдында жеңіл жаттығуларды қамтиды;
қыздырылған бұлшық / байламдар икемді / икемді;
белгілі бір ғылыми дәлел бар;
кейбір адамдар жаттығу жасамай ақ ауыр әсерлерін байқалмайды
3 ұпай
3. Жылдам бұлшықет талшықтары үшін: ауыр көтеру, секіру, қысқа қашықтыққа жүгіру.
Баяу бұлшықет талшықтары үшін: ұзақ қашықтыққа жүгіру, триатлон, велоспорт, конькимен сырғанау.
2 ұпай
4. Кез келген төртеуі
Баяу бұлшықет талшықтары | Жылдам бұлшықет талшықтары |
Митохондрия көп Саркоплазматикалық ретикулум әлсіз дамыған Қызыл түсті болуы – миоглобин мен цитохромды пигменттің бар болуынан Гликогеннің құрамы көп емес Зат алмасуды жылдамдату үшін талшықтардың капиллярлармен тығыз байланыста болуы | Митохондрия аз Саркоплазматикалық ретикулум жақсы дамыған Ақ түсті болуы – миоглобин мен цитохромды пигменттер аз немесе мүлде жоқ Гликогенді гранулдардың мол болуы |
жоғары миоглобин | Төмен миоглобин |
аэробты метаболизм | анаэробты метаболизм |
Аяқ, қол бұлшықеттерінің тереңгі қабатында | Сыртқы бетке жақын |
Мембрана электрлік қозғыштыққа ие емес. | Мембрана электрлік тітіркендіргішке ие. |
Баяу градуальді қысқару
Баяу босаңсу (жылдам талшықтарға қарағанда шамамен 100 есе баяуырақ) | Жылдам қысқару (баяу талшықтарға қарағанда 3 есе жылдамырақ) Өте жылдам шаршау |
4 ұпай
Барлығы: 10 ұпай
Үй тапсырмасы бойынша ұсыныстар: Оқушылар сабақ барысында мәтінді оқуға көп уақыт кетеді. Сондықтан үйден тағыда оқып, конспкет жасағандары дұрыс
Қосымша 6
Биология (2 том 389-391 бет)
Автор: Д.Тейлор .,Н.Грин., У.Стаут
Жылдам және баяу бұлшықет талшықтары мәтіні орыс тілінен қазақ тіліне аударылған
Баяу және жылдам бұлшықет талшықтары
Қаңқа бұлшықет талшықтарының екі типі ерекшеленеді, олардың әрқайсысының өзіндік физиологиялық ерекшеліктері болады. Бұл баяу (тоникалық) және жылдам (фазикалық) бұлшықет талшықтары. Кейбір бұлшықеттерде тек қана жылдам немесе тек қана баяу талшықтар, ал кейбіреуінде белгілі бір ара қатыста екі бұлшықет типі де кездесуі мүмкін.
Осы екі типтің талшықтарының арқасында организм жылжып, белгілі бір дене қалпын сақтай алады. Жылдам талшықтар бұлшықетке жоғары жылдамдықпен қысқаруға мүмкіндік береді. Бұл талшықтар жыртқыштарда үлкен мөлшерде кездеседі; олар жемтігін аулауда жылдам әрекет етуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жыртқыштардың жемтігі болмас үшін потенциалдық олжа да жылдам әрекет етуге қабілетті болу керек. Екі жағдайда да жануардың тірі қалу мүмкіндігі оның жылдамдығына байланысты болатыны белгілі.
Жануар тыныштықта жатқанда ол тоникалық бұлшықет талшықтарының көмегімен белгілі бір қалыпты ұстап тұрады. Оларға баяу және ұзақ қысқару тән, дегенмен мұндайда жылдам талшықтарға қарағанда энергетикалық шығындар азаяды.
Адамдарда дененің барлық бұлшықеттері осы екі типті талшықтардан тұрады, бірақ әдетте оның біреуі басым болады. Мұның физиологиялық мәні бар, себебі тоникалық талшықтар баяу және ұзақ қысқаруға қабілетті, сәйкесінше олар жазылу бұлшықеттерінде көп болса, жылдам әрекет етуге арналған бүгілу бұлшықеттерінде фазикалық талшықтар басым болып келеді.
Жылдам бұлшықет талшықтарында оттегіні байланыстыратын миоглобин мен цитохромдық пигменттің аз болуы немесе болмауынан ақ түсті (ақшыл) көрініс береді. Ал баяу талшықтарда миоглобин мен цитохромдық пигментінің жеткілікті мөлшерде болуы талшықтарға қызыл-қоңыр (күңгірт) түс береді.
Баяу және жылдам бұлшықет талшықтарының құрылымы, қозғалысы және ортақ қасиеттері
| Баяу (тоникалық) талшықтар | Жылдам (фазикалық) талшықтар |
Құрылымы | Митохондрия көп Саркоплазматикалық ретикулум әлсіз дамыған Қызыл түсті болуы – миоглобин мен цитохромды пигменттің бар болуынан Гликогеннің құрамы көп емес Зат алмасуды жылдамдату үшін талшықтардың капиллярлармен тығыз байланыста болуы | Митохондрия аз Саркоплазматикалық ретикулум жақсы дамыған Ақ түсті болуы – миоглобин мен цитохромды пигменттер аз немесе мүлде жоқ Гликогенді гранулдардың мол болуы |
Орналасуы | Аяқ, қол бұлшықеттерінің тереңгі қабатында | Сыртқы бетке жақын |
Иннервация | Жіңішке жүйке талшықтар (диаметрде 5 мкм) Бір бұлшықет талшығында бірнеше шеткі пластинкалар бар (бұл мультитерминальды иннервация деп аталады). Импульсті жүргізу жылдамдығы 2-8 м·с-1 | Қалың жүйке талшықтары диаметрде 10-20 мкм. Әдетте бір бұлшықет талшығында бір шеткі пластинка бар (екі де болуы мүмкін). Жүргізу жылдамдығы 8-40 м·с-1 |
Тітіркендіргіштік | Мембрана электрлік қозғыштыққа ие емес. Әрбір импульс тек азғантай мөлшердегі ацетилхолинның босап шығуына ғана әкеледі. Осылайша мембрананың деполяризациясының дәрежесі тітіркендіргіштер түсуінің жиілігіне байланысты болады. | Мембрана электрлік тітіркендіргішке ие. |
Жауап типі | Баяу градуальді қысқару
Баяу босаңсу (жылдам талшықтарға қарағанда шамамен 100 есе баяуырақ) | Жылдам қысқару (баяу талшықтарға қарағанда 3 есе жылдамырақ) Өте жылдам шаршау |
Физиологиялық белсенділігі | АТФ көзі – аэробты тынысалу О2 жетіспегенде көптеген талшықтар анаэробты гликолиз есебінен жұмыс істеуін жалғастырады; бұл жағдайда сүт қышқылы түзіліп, оттегі тапшылығы пайда болады.. Тынысалу субстраттың қышқылдануы бойынша көмірсулар немесе липидтердің қоры жылдам кіріседі. Жылу бұлшықеттен оның өндіруіне байланысты бөлінеді
Жұмыс істеп тұрған бұлшықет пен тыныштық күйдегі бұлшықеттің қажеттіліктері арасында тепе-теңдік орнатылады | АТФ көзі –анаэробты процестер (гликолиз). Оттегі тапшылығы жылдам пайда болады.
Тынысалу субстраты ретінде қарқынды түрде гликоген қолданылады.
Жылу талшықтармен жұтылады, себебі қан тамырлар жүйесі оның жылдам бөліп беруін қамтамасыз етпейді. Қан тамырлар жүйесі оттегінің қосымша жеткізуін қамтамасыз етпей жатқанда да бұлшықет шамалы уақыт жиырылады |
Қызметі | Бұлшықеттің ұзақ уақыт жиырылуын қамтамасыз етеді; бұл белгілі бір қалыпты ұстап тұру үшін қолданылады. | Қан тамырлар жүйесі бұлшықет белсенділігінің жаңа деңгейіне әлі икемделіп жатқанда тез жылдам жиырылуды қамтамасыз етеді; сондықтан қозғалыс кезінде өте қажет. |
Мысалы (спортшылар). | Бұл бұлшықеттер дененің беткі қабатында орналасқан. Адамның аяқ-қолында жылдам жиырылатын (ақ) бұлшықет талшықтары көбірек болады. Бұлшықет түрі ауыр атлетпен айналысатын және қысқа қашықтыққа жүгіретін спортшыларда жақсы дамиды. Қысқа уақыт аралығында қарқынды физикалық жүктеме орындауда маңызы бар. | Денесі тұрақты физикалық күштің әсері баяу және жылдам жиырылатын бұлшықеттер арақатынасын өзгертеді. Марафоншылар бұлшықет талшығының 80% -дан астамы баяу, ал спринтерлерде шамамен 65-70% жылдам талшықтары болуымен ерекшеленеді. Баяу талшықтар ұзын және қарқынды емес жұмысты ұзағырақ атқару (жүзу кезінде қашықтық, мрарафоншылар және жаяу жүру, қалыпты қарқынмен жеңіл жаттығу, аэробика, велоайдаушылар), айтарлықтай күш талап етпейтін, дене кейіпін ұстап тұратын қозғалыстарға қатысады. Қызыл бұлшықет талшықтары жүктеме кізіндегі ең жоғары күші 20-25% ауқымында жұмыс істейді және өте төзімділігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар арқа бұлшықетерінің қалыпын ұстап тұрушы, жылу өндіруші болып табылады. |
Мысалы (тауық). | Бұлшықет талшықтары физиологиясының айырмашылығына тауық еті- жақсы мысал бола алады. Кеуде мен қанаттарға ақ (жылдам жиырылатын) бұлшықеттер тән және май ұлпасының мөлшері аз. Қанат бұлшықеттері қуатты қозғалыс үшін қолданылады да жүктеме жылдам бұлшықет талшықтарына өтеді. | Бұлшықет талшықтары физиологиясының айырмашылығына тауық еті- жақсы мысал бола алады. Жамбас белдеу мен аяқтарға қызыл бұлшықеттер тән және көбірек май ұлпасынан тұрады. Тауықтың көп уақытты аяғында тұратындықтан, аяқтың бұлшықеттері тұрақты түрде үздіксіз жүктемені сезінеді, яғни негізгі жұмыс баяу талшықтармен орындалады. |
Рефлексия бойынша ұсыныстар. Берілген рефлексия мұғалім үшін келесі сабақты жоспарлауға тиімді. Сондықтан оқушыларға сұрақты үш етістіктің бірінің астын сызыңыз деп берсеңіз, оқушының сабақ мақсатының қай бөлімін түсінбегенін біле аласыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру