Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі. Биология, 10 сынып, презентация.
Бүйректің сыртқы көрінісі,
көлденең кесіндісі:
Бүйректің құрылысы
Бүйректің құрылысы
Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі.
Сабақтың тақырыбы:
Оқу мақсаты:
10.1.5.1 зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін түсіндіру
Бағалау критерийлері:
Бүйректің құрылысы туралы алдыңғы білімдерін қолданады.
Бүйректің құрылысын талдайды.
Суреттен бүйректің құрылымдық бірліктерін дұрыс жазады.
Нефронның құрылысы мен қызметін біледі. Нефронның құрлысы мен қызметін зерттейді және дұрыс талдайды.
Фильтрация және несептің түзілу үрдісі туралы алдыңғы білімдерін қолданады.
Бүйректің орналасуы
1 жұп: Баумен-Шумлянский капсуласы және тамыр шумақтары
2 жұп: Проксимальді иірім түтікшесі және дистальді иірім түтікшесі
3 жұп: Капилляр шумағы
4 жұп: Жинағыш түтік
5 жұп: Генле иіні
6 жұп: Эфферентті және афферентті артериола
Нефронның құрылымдық бірліктерің қызметтері
Бүйректің құрылымды -функционалдық бірлігі нефрон болып табылады
Нефрондар қыртысты затта орналасқан
Нефрондарда несеп түзіледі
Қос бүйректе шамамен 2 млн жуық нефрондар болады. Бүйрек каналдарының ұзындығы 120 км.
Екі бүйректің фильтрлейтін беттік көлемі 5-6м2 құрайды
Нефрондарда қандағы еріген зиянды заттар тазаланады
нефронның құрылысы
Әрбір нефрон
микроскопиялық
канал шығатын
капсуладан тұрады
Бүйрек капсулаларының қабырғалары екі қабатты эпителий жасушаларынан құралған.
Осы қабаттар аралығында саңылаулы кеңістік орналасқан; бұдан бүйрек каналы шығады. Бүйрек капсуласының ішіндегі ерекше бокалда капиллярлы шумақ жатыр. Ол бүйрек артериясының капиллярларының тармақталуынан түзілген.
Капсулалар мен нефрон каналдарының бір бөлігі қыртысты қабатта орналасқан.Каналдың өзге бөліктері мен шығарушы түтіктер бүйрек пирамидаларының ми қабатынан орын алған.
Капиллярлы шумаққа қан әкелетін артерия арқылы кіріп, алып шығушы артерия арқылы шығады. Капиллярлы шумақтың шыға берісінде алып шығушы артерия бүйрек каналын торлайтын капиллярларға тармақталады. Демек, капиллярлы шумақ арқылы өткен қан, әрі қарай бүйрек каналдарының капиллярлары арқылы өтіп барып қана, венаға түседі.
Несеп түзілу механизмі
Несеп қан плазмасынан түзіледі. Алайда несептің құрамы қан плазмасы құрамынан едәуір ерекшеленеді.
Демек, бүйректер арқылы өтетін қанның өзгеруі арқылы, несеп өңделеді. Осы үдеріс екі кезеңнен өтеді: әуелі бірінші реттік несеп, кейіннен екінші реттік, немесе соңғы несеп түзіледі. Несеп түзілу бірқатар физиологиялық механизмдер есебінен жүреді.
Бірінші реттік несептің түзілуі
1 фаза – бірінші реттік несептің түзілуі (шумақтағы фильтрация )
қысым айырмасы нәтижесіндегі фильтрация, өйткені алып келуші тамырдың алып кетуші тамырға қарағанда диаметрі артық болады
бүйректерден тәулігіне 1500-1700 л қан өтеді, 150-170л бірінші реттік несеп түзіледі
қан
Шумақ капиллярлары
су, мин. з-тар, витаминдер, несепнәр қ-лы, мочевина, глюкоза, АК)
Шумақ
капсуласы
Фильтрленген з-р
I несеп
(нәруыз сыз қан плазмасы)
2 фаза – екіші реттік несептің түзілуі
тәулігіне 1-1,5 л екінші реттік несеп бөлінеді
қан
шумақ капиллярлары
фильтрленген заттар
шумақ капсуласы
бірінші реттік несеп нефрон каналы
қайта сіңірілу
каналды торлайтын капиллярлар
екінші реттік несеп
бүйрек астаушасы
несепағар
Қуық
Бүйректер арқылы 1 минутта барлық қанның 1/5 бөлігі өтеді.
Бүйрек жұмысы жүйкелік-гуморальды жолдармен реттеледі.
Бүйректегі тастар рН = 5,5-6,0, => ортада түседі, сілтілі минералды тұздар тастың түзілуін тежейді.
Бүйректер арқылы тәулігіне 1500 – 1700 л қан өтеді
150-170 л бірінші реттік несеп түзіледі
Тәулігіне 1,5 – 2 л екінші реттік несеп бөлінеді
Рефлексия
Шығу билеті
Маған.......................түсінікті
Мен...........................түсінбедім, себебі...................................
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру