Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі. Биология, 10 сынып, қосымша материал.


 Нефрон

 Нефрон – бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі, ол тамырлық шумақтан, оның қапшығынан (бүйрек денешігі), түтікшелер жүйесінен және жинақтаушы түтіктен құралады (3-сурет). Морфологиялық тұрғыдан жинақтаушы түтіктер нефронға жатпайды.

 Адамның әр бүйрегінде 1млн-ге жуық нефрон бар, жас өте келе олардың саны біртіндеп азаяды. Боумен қапшығының париетальді қабаты жалпақ эпителий жасушаларынан құралған. Қуыстың ішкі (висцеральді) қабатын шумақ капиллярларын жабатын эпителий жасушалары, яғни подоциттер құрайды. Боумен кеңістігі тікелей проксимальді ирелеңдеген түтікше кеңістігіне ауысады. Шумақтар негізінен бүйректің қыртысты қабатында орналасқан, олардың 1/10-1/15 бөлігі милы қабат шекарасында орналасады, олар юкстамедуллярлық шумақ деп аталады. Олардың Генле ілмегі ұзын, милы затқа тереңірек енеді және алғашқы несептің тиімді қоюлануына қатысады. Емшек жасындағы балаларда шумақ көлемі кішкентай және оларда ересектермен салыстырғанда сүзу беткейі өте аз.

 

 Нефрон құрылымы 

 Қантамырлық шумақ құрылымы

 Қан шумақтың тамырлық шетіне афферентті (әкелуші) артериола арқылы түседі және одан эфферентті (әкетуші) артериола арқылы шығады. Әкетуші артериоланың қуысы тар болғандықтан шумақ ішілік гидростатикалық қысым жоғарылайды, ол арқылы фильтрация жүреді. Шумақ ішінде афферентті артериола бірнеше тармаққа бөлінеді, олар бірнеше бөлікшенің капиллярларына бастама болады (4-А сурет). Шумақта 50 ге жуық капиллярлар өрімі бар, олардың арасында анастомоздар анықталған, ол шумаққа «диализдеуші жүйе» секілді қызмет атқаруға көмектеседі. Капиллярлар қабырғасы эпителийден, эндотелийден және олардың арасында орналасқан базальді мембранадан (БМ) құралған шумақтық фильтр болып табылады (4-Б сурет).

 Молекулалардың сүзілуі олардың көлеміне және электрлік зарядына байланысты. Молекулалық салмағы >50.000Д- нан үлкен заттар сүзілмейді. Шумақта теріс заряд басым болғандықтан аниондар катиондармен салыстырғанда көптеп ұсталады. Эндотелийдедиаметрі 70 нм тесіктер бар. Тесіктер гликопротеидтермен қоршалған, теріс зарядталған әртүрлі елек тәрізді, ол арқылы қан сарысуы ультрафильтрациясы жүзеге асады, бірақ қанның формалық элементтері ұсталып қалады.

 

 А Б

 А – шумақ, афферентті артериола (Боумен қапшығын алып тасған), сканирлеуші электронограмма (АА – афферентті артериола).

 Б – шумақ капиллярлар өрімінің сызбасы.

 Бүйрек түтікшелері

 Алғашқы несеп бүйрек түтікшелеріне түседі және заттардың секрециясы мен реабсорбциясы нәтижесінде сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды.Проксимальді түтікше - нефронның ең ұзын бөлігі, басында қатты иреленген, Генле ілмегіне ауысарда түзеледі. Проксимальді түтікше жасушалары цилиндрлік қалыпты, беткейінде түтікше микробүртіктері бар („щеточная кайма”). Олар жасушалардың жұмыс аймағын кеңейтеді, жоғары энзимдік белсенділікке ие. Оларда көптеген митохондриялар, рибосомалар, лизосомалар бар. Бұл жерде көптеген заттар (глюкоза, аминқышқылдары, натрий, калий, кальций және фосфаттар ионының) белсенді қайта сорылады. Проксимальді түтікшеге шамамен 180л шумақтық фильтрат түседі, содан 65-80% натрий мен су кері сорылады. Осының нәтижесінде алғашқы несеп көлемі азаяды.Генлеілмегі. Проксимальді түтікшенің тік бөлімі Генле ілмегінің төмендеуші тізесіне ауысады. Эпителийлік жасушалар аласара түседі, микробүртіктер саны азаяды. Ілмектің жоғарылаушы бөлігі жіңішке және жуан аймақтарға бөлінеді, тығыз дақта (macula densa) аяқталады. Генле ілмегінің жуан сегментінде жасушалар ірі болып келеді, көптеген митохондриясы бар, олар натрий ионының белсенді тасымалдануына энергия бөледі. Бұл жасушалардың негізгі иондық тасымалдаушысы NKCC2, фуросемидпен тежеледі.

 Дистальді түтікше. Тығыз дақтан (macula densa) кейін дистальді түтікше басталады, ол жинақтаушы түтікшеге ауысады. Дистальді түтікшелерден алғашқы несептен 5% Na кері сіңіріледі. Тасымалдаушысы диуретиктердің тиазид тобымен тежеледі.Жинақтаушы түтікшеүш бөлімге бөлінеді: қыртысты (кортикальді), сыртқы және ішкі милы (медуллярлық). Жинақтаушы өзектің ішкі медуллярлы аймағы кіші тостағаншаларға ашылатын емізікше тәрізді өзекке құйылады. Жинақтаушы түтікшелер екі типті жасушалардан тұрады: негізгі («ашық») және қосалқы («баран»). Қыртысты \

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу