Зәрдің түзілуі. Ультрафильтрация және реабсорбция. Биология, 9 сынып, презентация.
Қыртысты қабат
Милы қабат
Бүйрек астаушасы
Бүйрек артериясы
Бүйрек венасы
несепағар
Бүйректің ойыс жағы омыртқа жотасына қарай бағытталған. Ойыс жағында бүйрек артерия тамырлары, бүйрек вена тамырлары, жүйке талшықтары мен несепағар жолдары болады. Бүйректің бұл жері бүйрек қақпасы деп аталады.
Диктант жауабы:
Бүйрек үрмебұршақ пішінді жұп мүше. Оның негізгі қызметі сүзгіштік. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті милы қабаттан тұрады. Нефрон бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі.
Бір бүйректегі нефрон саны бір млн. Генле ілмегінен кейінгі иірім канал дистальды деп аталады. Дистальды каналдан әрі түзілген зәр жинағыш арнаға өтеді.
Генле ілмекшесі суды жинақтау қызметін атқарады. Капилляр шумағының сыртын Боумен капсуласы қаптайды. Түзілген зәр жинағыш арнадан несепағар арқылы қуыққа жиналады.
10.2C Бөліп шығару
Сабақтың тақырыбы:
Ультрафильтрация және реабсорбция.
Оқу мақсаты:
10.1.5.3 фильтрация және несептің түзілу үдерістерін сипаттау.
Несептің түрлері
Назар аудар!
Бүйрек арқылы минутына 1л қан сүзіледі.
5-6 минутта барлық қан сүзіледі.
Тәулігіне барлық қан бүйрек арқылы 300 рет сүзіледі.
Тәулігіне 1700 л қан сүзіліп, тазартылады. Сол уақытта қаннан 180 л сұйықтық сүзіліп, 1,5-2 л зәр түзіледі.
Бірінші реттік зәр қайда түзіледі?
Бірінші реттік зәр бүйрек денешігінде қыртысты қабатта орналасқан
Шумлянский – Боумен капсуласында) түзіледі.
Бірінші рет түзілген зәрдің мөлшері өте көп болады. Бүйректен ағып өтетін әрбір 10 л қаннан 1 л бірінші реттік зәр түзіледі.
Тәулігіне 1500 -1700 л бірінші реттік зәр түзіледі.
Бірінші реттік зәрдің құрамы қан плазмасына ұқсас, бірақ онда нәруыздарНәруыздар болмайды.
Екінші реттік зәрдің түзілуі:
Бірінші рет түзілген зәрдің құрамындағы судың көп мөлшері қайтадан қанға өтеді. Сонымен бірге ағзаға қажетті қантҚант, аминқышкылдары, натрийНатрий, калий Калий иондары (мұндай бет жоқ)иондарыКалий иондары (мұндай бет жоқ), су және басқа заттар да қайтадан қанға сіңіріледі.
Судың және басқа заттардың қайтадан қанға сіңірілуі нәтижесінде тәулігіне шамамен 1,5 л екінші реттік зәр түзіледі.
Екінші реттік зәр проксимальді иірім өзекшелерде түзіледі.
Зәрдің құрамы
Генле ілмекшесіндегі процесс
Генле ілмекшесі суды сақтау қызметін атқарады. Генле ілмешегі ұзын болған сайын зәрдің концентрациясы соғұрлым жоғары болады.
Мекен ету ортасы құрғақ болса генле ілмешегі ұзын болады.
Генле ілмешегі бүйректің милы затында жинағыш арнамен бірге орналасады.
Милы заттан су осмос арқылы өтеді, ал ілмешегінде концентрленеді.
Қызметі бойынша генле ілмешегінің 2 түрі бар:
Жұқа сегментті төменгі иін – су диффузияланады.
Жұқа сегментті жоғарғы иін – суды өткізбейді, натрий,калий, хлоридтер
Қалың сегментті жоғарғы иін - суды өткізбейді, натрий,калий, хлоридтер
Несеп түзілу
Фильтрация
Реабсорбция
Боумен капсуласы ойығына қан сарысуынан бүйрек қылтамырлар шумағының сүзгіш мембраналары арқылы суда ерітілген микромолекулярлы заттар мен судың өтуі.
Қайта сіңірілу (Реабсорбция)
Алғашқы несептегі ағзаның қызметі үшін маңызды түрлі қосылыстардың, ең бастысы су, глюкоза және иондардың қайта сіңірілу үдерісі.
Ультрафильтрация- капиллярлардағы жоғары қысымға байланысты бүйрек денешігінде жүреді.
Шумақшаға жүрек-аорта-бүйрек артериясы-артериола бойымен келетін жоғары қысым қанмен қатамасыз етіледі. Су мен еріген заттар каппилярдан қысыммен итеріліп шығарылса, ал ірі молекулалар мысалы, нәруыздар мен қанның формалық элементтері қанда қалады.
Боумен капсуласы
Реабсорбция (ре – қосымша қайту деген мағына, қайта қанға сіңірілу) проксимальды бүйрек каналдарында жүреді.
Қалыпты жағдайда барлық глюкоза, аминқышқылдары, витамин, гормондар, су және хлорлы натрий реабсорбцияланады. Нәтижесінде түзілген екінші реттік зәр бүйрек емізікшелеріне түсіп, бүйрек астаушаларына өтеді.
Екінші реттік зәр тәулігіне 1-1,5 л
Бағалау критерийлері
Фильтрация және несептің түзілу үрдісі туралы алдыңғы білімдерін қолданады.
Ақуыз молекулалары Боумен капсуласы арқылы сүзгіленуі үшін тым үлкен екендігін түсінеді
Кішкентай молекулалар (су, глюкоза, амин қышқылы, несепнәр, тұз және тағы басқа) нефрон арнасы арқылы өте алатынын баяндайды
Зерттеуді дұрыс дағдылары жүргізіп, өздерінің бақылауларын талдайды, дұрыс қорытынды жасайды
Үйге тапсырма:
Бүйректің жұмысына әсер ететін факторларды
сипаттау және түсіндіру
диета және су
жоғары қан қысымы
диабет
бүйректегі тастар
індет
бүйрек аурулары, мысалы: қатерлі ісік
темекі шегу
Рефлексия:
нені білдім, нені үйрендім ………………………………………….
нені толық түсінбедім ……………………………………………………
немен жұмысты жалғастыру қажет ………………………………………………………….
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру