Көмірсулардың химиялық құрылымы. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Төмендегі ұғымдардың дұрыс- бұрыстығын анықта.

Нұсқа 1

1. Глюкоза – моносахаридтердің маңызды өкілі.

2. Глюкоза- химиялық құрылымы жағынан кетоноспирттер болып табылады.

3. Глюкозаның спирттік ашу процесі нәтижесінде этил спирті және оттегі түзіледі.

4. Майқышқылды ашу процесінің химиялық реакциясына глюкоза қатыспайды.

5. Глюкозаның гомологы фруктоза болып табылады.

6. ДНҚ нуклеотидтерінің құрамына рибоза моносахаридтері молекуласы кіреді .

7. Фруктоза – маңызды дисахарид.

8. Сахарозаның екінші атауы – жүзім қанты.

9. Сахарозаның гидролизінің нәтижесінде глюкоза және фруктоза түзіледі.

10. Сахароза күміс оксидінің ерітіндісінен күмісті тотықсыздандыра алады .

11. Крахмал және целлюлоза – моносахаридтердің маңызды өкілі болып табылады.

12. Крахмал молекуласы глюкоза молекуласының циклдік қалдықтарынан түзілген.

13. Крахмал қос тізбекті полимер- амилоза және амилопектиннің құрылымы әртүрлі макромолекуласынан тұрады.

14. Крахмал суық суда ісіне алады.

15. Глюкоза тотыға алады, бірақ қалпына келе алмайды

16. Крахмалды азық түліктерден йод тамшылары арқылы анықтауға болады.

17. Сахароза отта жана алмайды.

18. Целлюлозаны сүрек сақиналарынан алады.

19. Целлюлозадан жасанды талшықтар алады: вискоз, мыс-аммиакты талшық және ацетатты шайі.

20. Крахмалды қопарылғыш зат декстриндерді алуда қолданады.

Нұсқа 2

1. Глюкозаның екінші атауы – жеміс қанты.

2. Глюкозаны фрутозадан «күміс айнасы » реакциясы арқылы анықтауға болады.

3.Глюкозаның толық тотығуның нәтижесінде крахмал түзіледі.

4. Глюкозаның сүт қышқылды ашыту процесі сүтқышқышқылды азық түліктер өндірісінде, капустаны тұздау және басқа да өнімдерді дайындаудың негізі болып табылады.

5. Химиялық құрылымы жағынан фруктоза кетоноспирт болып табылады.

6. ДНҚ нуклеотидтерінің құрамына дезоксирибоза моносахаридтері молекуласы кіреді.

7. Рибоза және дезоксирибоза пентозалар өкілі болып табылады.

8. Глюкоза табиғатта фотосинтез процесінің нәтижесі болып табылады.

9. Фруктоза күміс оксидінің ерітіндісінен күмісті тотықсыздандыра алады.

10. Целлюлозаның спирттік ашу процесінен этил спиртін алады.

11. Крахмал мен целлюлоза молекуласының массасы бірдей болғандықтан олар бір -біріне изомерлер болып табылады.

12. Молярная масса крахмала может достигать нескольких миллионов г/моль.

13. Целлюлоза молекуласы глюкоза молекуласының циклдік қалдықтарынан түзілген.

14. Целлюлоза суда ериді.

15. Мақтаның 90% крахмалдан тұрады.

16. Ішінара крахмал гидролизінде декстриндер түзіледі.

17. Крахмалға сапалық реакция – зерттеліп отырған үлгі сарғыш (оранжевое) түске иодтың спирттік ерітіндісімен әсер еткенде анықталады.

18. Сүрек сақиналарының 50% целлюлозадан тұрады.

19. Целлюлоза нитраты өндірісте ацетат шайырын алуда қолданылады.

20. Целлюлоза макромалекуласы сызықтық құрылымда болады.

Жауаптары (дұрыс тұжырымдар):

Нұсқа 1 – 1, 4, 9, 12, 13, 16, 18, 19;нұсқа 2 – 2, 4, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 16, 18, 20;



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу