Нефронның құрылысы және функциялары. Ультрафильтрация және ішінара реабсорбция. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


Нефронның құрылысы мен қызметі.

  Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі – нефрон (грекше «nephros» – бүйрек) деп аталады. Бір бүйректегі нефрондар саны 1-1,2 млн. Нефронның өзі екі бөлімнен тұрады. Сыртынан қоршап жатқан бөлімі – бүйрек денешігі деп аталады, ол қыртысты затта орналасқан. Бүйрек денешігі нефронға артерия қанын әкелетін (приносящая) артериоладан және әкететін (выносящая) артериоладан тұрады. Ол капилляр шумағын (гломерула) түзеді.Шумақ сыртын Шумлян - Боумен капсуласы қаптайды.Нефрон Шумлян - Боумен капсуласымен басталады. Капилляр шумағы мен Боумен капсуласын мальпигий денесі деп те атайды.Міне осы жерде бірінші реттік зәр түзіледі, яғни фильтрация жүреді. (Ағылшын ғалымы Боумен микроскоп арқылы ұсақ денешікті зерттеген). Екінші бөлімі – иірім иір каналдары, олар бүйректің иір-иір болып шумақталып, боз (милы) затында орналасқан. Боумен капсуласының қасында орналасқан келесі бөлігі проксимальды иілген канал. Әрі қарай канал бүйректің ішкі ми қабатына еніп, иірімдері жазылып, Генле иініне (Генле ілмегі) айналады(Неміс ғалымы нефронның осы бөлігін зерттеген). Генле ілмегінен кейінгі иірім канал дистальды канал деп аталады. Дистальды канал қыртыс қабатта орналасқан. Каналдардың сыртын торлап жатқан қылтамырлар арқылы, бұл бөліктерде екінші реттік зәр түзіледі. Дистальды каналдан әрі түзілген зәр жинақтаушы каналға өтеді. Жинақтаушы каналға бірнеше нефрон каналдары келіп құяды. Нефрон каналдарын қоршаған капиллярлар перитубулярлы капилярлар деп аталады.Артерия капилярлары барлық нефрон каналдары арқылы шумақталып, бүйрек венасын түзеді.Сөйтіп бүйректе артерия қантамырлары 2 рет қылтамырлар шумағын құрайды. Бүйрек жұмысы жүйкелік және гуморалды реттеледі.

Нефронның құрылысы

Қолданылған ресурстар:1. Д.Тейлор, Н.Грин, У Стаут Билогия ІІ том.-Москва, «Бином. Лаборатория знании», 2013ж.2. Интернет көзі.3. Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р., Соловьева А. Биология – Алматы, «Атамұра», 2012ж.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу