Айнымалылары ажыратылатын бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Алгебра, 11 сынып, презентация.


Физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді қолдану

11 класс

Оқу мақсаты:

11.4.3.1 - физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді қолдану;

Білу және түсіну: физикалық мазмұнды есептер шығару алгоритмін біледі;

Қолдану және анализ :

- берілген құбылысқа қатысты шамаларды анықтайды

- шамаларды байланыстыратын физикалық заңдарды ажыратады,

- есеп мазмұнына сәйкес дифференциалдық теңдеулер құрады және шешеді.

Бағалау критерийі:

Физикалық есептерді дифференциалдық теңдеу құрып шығару үш этаптан тұрады:

1. Теңдеу құрастыру

2. Теңдеудің шешімін табу

3. Қойылған сұраққа жауап іздеу(шешімді зерттеу).

Теңдеудің шешімін табуды төмендегідей тізбекпен орындау ұсынылады:

1. Берілген құбылыстың өзгермелі шамасын орнату.

2. Ізделінді функцияны және тәуелсіз айнымалыны таңдау.

3. Осы айнымалыларды байланыстыратын заңдылықты орнату.

4. Есептің шарты бойынша бастапқы шартты анықтау және қосымша берілгендерді көрсету.

5. Есептегі барлық негізгі шамаларды тәуелсіз айнымалы, тәуелсіз айнымалыдан тәуелді функция және оның туындылары арқылы бейнелеп алу.

6. Физикалық заңдылықпен есептің берілгені бойынша теңдеу құру.

7. Теңдеудің жалпы шешімін табу.

8. Есептің бастапқы шартын пайдаланып, теңдеудің дербес шешімін және қойылған есептің жауабын табу.

Дифференциалдық теңдеулер арқылы шығарылатын физикалық мазмұнды есептер:

Сұйықтың ағып кетуіне берілген есептер;

Қоспағаберілген есептер;

Радиоактивті заттың ыдырау туралы есеп;

Сұйықтың ағып кетуіне берілген есеп:

1. Биіктігі 2,45 м және табан диаметрі 1,8 м болатын цилиндр тәрізді ыдыстың түбінде диаметрі 6 см дөңгелек тесік бар. Ыдысты толтыра құйылған су қанша уақытта ағып кетеді?

Қоспаға берілген есеп:

2. Ыдыстағы 100 л ерітінді құрамында 20 кг тұз бар. Ыдысқа 3 л/мин жылдамдықпен су құйылған кезде, ерітінді 2 л/мин жылдамдықпен ағып кетеді. 1 сағаттан кейін ыдыста қанша тұз қалады?

«Екі жұлдыз және бір тілек»

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу