Айнымалылары ажыратылатын бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Алгебра, 11 сынып, презентация.
Айнымалылары ажыратылатын бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер
Оқу мақсаты:
11.3.3.1 –
физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді қолдану
Сабақ мақсаттары
айнымалылары ажыратылатын бірінші ретті дифференциалдық теңдеулердің шешу әдістерін біледі;
дифференциалдық теңдеулерді физикалық мазмұнды есептер шығаруда қолданады.
Физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді қолдану қадамдары:
1. дифференциалдық теңдеу құру
2. дифференциалдық теңдеуді шешу
3.алынған шешімді зерттеу.
Есептер типтері :
«Салқындауға» берілген есептер
(дененің салқындау (немесе ысу) жылдамдығы дене мен қоршаған орта температураларының айырмасына тура пропорционал).
«Жарық өткізгіштікке» берілген есептер
(дифферениалдық түрдегі Бугер заңы қолданылады: dI(h) = - kI(n)).
«Радиоактивті ыдырауға» берілген есептер
(радиоактивті ыдырау заңы қолданылады: бірлік уақыт ішінде ыдырайтын зат саны қарастырылып отырған заттың санына пропорционал болады).
«Қоспаға» берілген есептер
«Сұйықтың ағып кетуіне» берілген есептер
«Қозғалысқа» берілген есептер
Физикалық есептерді шығару алгоритмі:
Берілген құбылысқа байланысты шамаларды анықтау;
Ізделінетін тәуелсіз айнымалыны және функцияны таңдау;
Айнымалыларды байланыстыратын заңдарды қарастыру;
Есептің берілгеніне байланысты бастапқы шартты және қосымша мәліметтерді анықтау;
Есепте берілген барлық шамаларды тәуелсіз айнымалы, функция, функцияның туындысы арқылы өрнектеу;
Есеп шартына және сәйкес физикалық заңдылыққа байланысты теңдеу құру;
Теңдеудің жалпы шешімін табу;
Есеп шартына сәйкес дербес шешім табу және қойылған сұрақтарға жауап беру.
Теңдеуді айнымалаларды ажырату арқылы
шешеміз:
Топтық жұмыс:
«Салқындауға» берілген есептер
Дене 10 минутта 100оС -тан 60оС -қа дейін салқындады. Қоршаған орта температурасы 20оС күйінде сақталды. Дене қанша уақытта 25оС дейін салқындайды?
(Жауабы: x(t) = 20 + 80∙2–t/10 x(t) = 25 үшін t = 40 мин).
«Жарық өткізгіштікке» берілген есептер
Су қабатында жұтылатын жарық мөлшері суға түсетін жарық санына пропорционал. Қалыңдығы 3 м суда алғашқы түскен жарықтың жартысы жұтылады. 60 м тереңдікке алғашқы түскен жарықтың қанша бөлігі жетеді?
Жауабы: I(z) = I(0)2–z/3, I(60)/I(0) = 2–20).
«Радиоактивті ыдырауға» берілген есептер
Радиоактивті заттың алғашқы санының екі есе азаю уақытын жартылай ыдырау периоды деп атайды. Жартылай ыдырау периоды 1 жыл болатын 10 г заттың 1 г-ы қалу үшін қанша уақыт өтеді?
(Жауабы: x(t) = 10∙2–t x(tx) = 1 үшін tx = 1/lg2 3,3 жыл).
Топтық жұмысты бағалау критерийі:
Есеп шартына сәйкес тәуелсіз айнымалыны және функцияны анықтайды;
бастапқы шартты және қосымша мәліметтерді анықтайды;
берілген физикалық құбылысқа сәйкес заңды ажыратады;
есеп шартына және сәйкес физикалық заңдылыққа байланысты дифференциалдық теңдеу құрады;
теңдеудің жалпы шешімін табады;
есеп шартына сәйкес қойылған сұрақтарға жауап береді.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
Тапсырма : Егер радиоактивті заттың жартылай ыдырау периоды 1600 жыл болса, 100 жылдан кейін оның қандай бөлігі қалады?
Жауабы:
Рефлексия.
Материалды қай деңгейде меңгердім?
Материалды қаншалықты игергендігіңіз туралы стикерге жазып, түзу бойына сәйкесінше орналастырыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру