Бас жиынтық және таңдама. Алгебра, 11 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.
Сабақ тақырыбы: Бас жиынтық және таңдама
Оқу мақсаттары: 11.2.2.1 - математикалық статистиканың негізгі терминдерін түсіну және білу;
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылар жұптасып жұмыс жасау арқылы анықтамалар мен статистикалық мәліметтерді сәйкестендіреді
Бас жиынтық |
|
Кездейсоқ таңдалым |
|
Жиынтық көлемі |
|
Нұсқалық |
|
Вариациялық қатар |
|
Оқушылар жұмысты аяқтағаннан кейін мұғалім дұрыс жауаптарды көрсетеді
Бас жиынтық |
|
Кездейсоқ таңдалым |
|
Жиынтық көлемі |
|
Нұсқалық |
|
Вариациялық қатар |
|
ІІ. Жеке жұмыс:
№ 1. Төменде дүкенде сатылған ер адамдар аяқ киімдерінің өлшемдері берілген:
41 39 40 38 43 41 42 40 38 41 42 41 40
42 39 41 41 36 43 41 42 38 41 40 42 41
42 42 42 40 41 41 39 42 40 40 39 41 39
38 40 41 41 40 40 39 42 40 43 37 40 42
43 42 38 40 40 41 41 41 40 43 42 42 39
43 41 40 43 41 42 42 39 41 43 42 41 42
40 37
а) Шартта берілген деректер қай түрге жататынын анықтаңыз: бірөлшемді, екіөлшемді немесе көпөлшемді; сапалық немесе сандық;
б) Бұл деректерді өсу ретімен орналастырыңыз, мәндерінің жиіліктерін, қатыстық жиіліктерін есептеңіз;
в) Деректерді топтастырыңыз.
№ 2. Төменде бір типті электронды шамдардың қызмет көрсету уақыты берілген (сағатпен):
13,4 14,7 15,2 15,1 13,0 8,8 14,0 17,9 15,1 16,5 16,6 14,2
16,3 14,6 11,7 16,4 15,1 16,6 14,1 18,8 11,6 13,9 18,0 12,4
17,2 14,5 16,3 13,7 15,5 16,2 8,4 14,7 15,4 11,3 10,7 16,9
15,8 16,1 12,3 14,0 17,7 14,7 16,2 17,1 10,1 15,8 18,3 17,5
12,7 20,7 13,5 14,0 15,7 21,9 14,3 17,7 15,4 10,9 18,2 17,3
15,2 16,7 17,3 12,1 19,2 8,3 14,0
а) Шартта берілген деректер төмендегілердің қайсысына жататынын анықтаңыз: бірөлшемді, екіөлшемді немесе көпөлшемді; сапалық немесе сандық;
б) Бұл деректерді кему ретімен орналастырыңыз, мәндерінің жиіліктерін, қатыстық жиіліктерін есептеңіз;
в) Деректерді топтастырыңыз.
Бағалау критерийлері:
- бірөлшемді, екіөлшемді немесе көпөлшемді; сапалық немесе сандық деректерді анықтайды;
- мәндердің жиіліктерін, қатыстық жиіліктерін есептейді;
- Деректерді топтастырады.
III. Жұптық жұмыс
№3. Саяси ойлаушы сайлаушыларға дауыс беру құқығы бар қаладағы 253000 тұрғынды зерттеді. Берілген таңдалымның қайсысысын репрезентативті деуге болады
А) Болашақ сайлаушылардың таңдалымын салуға үлкен сауда орталығында әрбір 15-ші адамнан сауалнама ала отырып орындауға болады.
Б) Телефон бойынша әрбір 100 адамнан сұрай отырып таңдалымды салуға болады
С) Бірнеше саясаткердің митингі қатысушыларынан сұрау арқылы таңдалымды салуға болады
Болашақ сайланушыларды анықтаудың таңдалымын салудың өз тәсілдеріңізді қарастырыңыздар.
Бағалау критерийлері:
- Талдау жасайды;
- Репрезентативті таңдаманы табады;
- Болашақ сайланушыларды анықтаудың таңдалымын салудың өз тәсілдерін ұсынады;
№ 4. Берілген таңдалымның қайсысысын репрезентативті деуге болады ? Басқа таңдалымдар неге Репрезентативті болмайды?
№ | Басты жиынтық | Зерттеу мақсаты | Таңдалым |
1 | Көлемі 1000 дана болатын бірдей детальдар | Бұзылған детальдар санын анықтау | 1)5 қатар жатқан детальдар 2)5 кез келген жағдаймен әртүрлі партиядан алынған детальдар 3)100 кез келген жағдаймен әртүрлі партиядан алынған детальдар |
2 | Қалалық мектептер түлектерінің математикадан ҰБТбойынша барлық емтихан жұмыстары | Нашар, қанағаттанарлық, жақсы, өте жасы бағаларының қатынастарын алдын –ала анықтау |
|
3 | Ауданы 1000 га болатын жерден алынған бидай өнімі | Осы жердің шығым өнімділігін анықтау |
|
Бағалау критерийлері:
- Талдау жасайды;
- Репрезентативті таңдаманы табады;
- Жауабын негіздейді
ІV. Бекіту.
Тест «Статистикалық сипаттама»
А1. Сандар қатарының арифметикалық ортасын табыңыз: 3; 2; 0; 1; 4; 0; 5; 1.
- 1,27
- 1,50
- 2,00
- 2,67
А2. Сандар қатарының өзгеру ауқымын табыңыз: -4; 2; 0; -5; 2; 0; 3.
- -5
- -4
- 3
- 8
А3. 152; 154; 160; 161; 152; 160; 169 іріктеуі сыныптағы жеті қыздың өсу ақпаратын береді (сантиметр). Сан қатарының модасын табыңыз.
- 152 және 152
- 152 және 160
- 160 және 160
- Модасы жоқ
А4. Кестеде аптаның әртүрлі күндерінде балалар саябағына келушілер саны көрсетілген.
Көрсетілген мәліметтер қатарының медианасын табыңыз.
Апта күні | ПН | ВТ | СР | ЧТ | ПТ | СБ | ВС |
келушілер саны | 45 | 30 | 35 | 40 | 65 | 100 | 105 |
- 35
- 40
- 45
- 60
А5. Егер оның медианасы он бесінші және он алтыншы шарттардың арифметикалық ортасына тең болса, мәліметтер сериясында қанша сандар бар?
- 30
- 31
- 32
- 33
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
В6. Жастар журналының редакциясы жыл ішінде келіп түскен хаттардың есебін жүргізді. Нәтижесінде келесі мәліметтер топтамасы пайда болды: 90; 85; 88; 95; 74; 70; 60; 54; 86; 90; 94; 75.
Табу керек:
1) осы қатардың медианасын;
2) орташа мәнін;
3) модасын.
Бағалау критерийі: мода, медиана, арифм.ортаны анықтайды;
V. Рефлексия:
Мен түсіндім…
Мен білемін…
Мен үшін әлі қиын…
Әсіресе маған ұнағаны…
Үйге тапсырма:
Сувенирлер сататын фирма жүмыс өнімділігін білгілері келді. Тізімде әр адамның белгілі бір күндерде жасалынған сувенирлер саны берілген:
92, 100, 89, 98, 101, 84, 113, 93, 81, 14, 113, 86, 98, 99, 105, 88, 101, 89, 93, 102, 101, 99, 87, 109, 92, 99, 111, 98, 102, 95
Таңдалымның модасын, медианасын және арифметикалық орта мәнін табыңыз.
Әдебиеттер тізімі
- Ә. Н. Шыныбеков «Алгебра және анализ бастамалары», 11-сынып, Алматы «Атамұра», 2011
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру