Бас жиынтық және таңдама. Алгебра, 11 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.


Сабақ тақырыбы: Бас жиынтық және таңдама

Оқу мақсаттары: 11.2.2.1 - математикалық статистиканың негізгі терминдерін түсіну және білу;

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

Сыныпта ынтамақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Амандасу» тренингі

Қазақстанда қол алысады

Италияда құшақтасады

Бразилияда иықтасады

Македонияда шынтақтасады

Оқушылар қағаз қиындыларын таңдайды. Оның бір беті ақ, екінші бетінде осы төрт елдің ақшалары бейнеленген. Соларды таңдау арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді. Оқушыларды топқа бөліп, валюталардың атауын сұраңыз. Топтың атын осы валюта атауларымен қалдыруға болады немесе сабақ тақырыбына сай терминдермен атауға болады.

Қазақстанның валютасы – теңге

Италияның валютасы – лира

Бразилияның валютасы – реал

Македония валютасы – денар

ІІ. Топтық жұмыс: Жаңа тақырыпты топтық жұмыс арқылы талдап, түсінеді.

«Джигсо» әдісі қолданылады, яғни 4 топқа 4 түрлі мәтін беріледі.

  • Берілген мәтінді әркім жеке оқып, өз топтарында талдайды.
  • Әр топ 1-2-3-4 деп санап қайтадан жаңа 4 топ құрады. «1» -лер бір топта, «2»-лер тағы бір топта, т.с.с. Жаңа құрылған топта әр оқушының өз мәтіні бар. Жаңа топта әр оқушы өз тақырыбын топтағы басқа оқушыларға түсіндіреді.

Топтық жұмыстан соң, оқушылардың тақырыпты қалай түсінгендерін сыныпқа келесі сұрақтарды қою арқылы білуге болады.

III.Миға шабуыл

  • Статистика саласы нені оқып үйретеді?
  • Статистика термині қандай мағына береді?
  • Бас жиынтық деп не түсіндіресің ?
  • Кездейсоқ таңдама дегеніміз ? оның көлемі деп нені айтады ?
  • Таңдаманың арифметикалық ортасы мәні, медианасы, модасы дегеніміз?

Сонымен қоса, АКТ қолдану арқылы слайд көмегімен қайталап шығамыз.

ІV.Жеке жұмыс:

1 таралым кестесі бойынша мода, медиана, арифм.ортаны табыңыз

Х

4

7

8

n

5

2

3

Оқушылар жұппен дәптерлерін ауыстырып, слайдтағы жауаптар бойынша бірін-бірі бағалайды.

Бағалау критерийі: берілген қатардың модасын , медианасын, арифметикалық ортасын табады;

Жауабы:

V. Бекіту.

№2. Шартты оқып, анықтаңыз:

1.Музыкант адамдар оның соңғы әндер жинағындағы әндер туралы не ойлайтындығын білгісі келді. Келесі нұсқалардың қайсысы таңдаманың ең жақсы мысалы болып табылады?

a) әндер жинағын сатып алған барлық адамдар.

b) әндер жинағын сатып алғысы келмеген адамдар таңдамасы.

c) әндер жинағын сатып алған 250 қыздар.

d) әндер жинағын сатып алған 3294 адам.

2.Ойыншықтар дүкенінің иесі сатып алушылар ай сайын ойыншықтарға қанша ақша жұмсайтындығын есептеді. Келесі нұсқалардың қайсысы басты жиынтықтың ең жақсы мысалы болып табылады?

a) Ойыншық сатып алған барлық балалар.

b) 227 байдың балалары.

c) 7 – 15 жас аралығындағы 228 ұл балалар.

d) 10 – 15 жас аралығындағы 235 бала.

3.Қала әкімі адамдардың оның жұмысы жайлы не ойлайтынын білгісі келді. Келесі нұсқалардың қайсысы басты жиынтықтың мысалы болып табылады?

а) 1000 жұмыссыз сайлаушылар.

b) әкімнің жанұясының мүшелері.

c) Қала тұрғындары.

d) 242 сайлаушылар

Бағалау критерийі: таңдаманың мысалын келтіреді; басты жиынтықты анықтайды;

VІ. Рефлексия: ПЛЮМИН

ПЛЮМИН

Сабақта не ұнады, соның барлығы жазылады: ақпарат және жұмыс түрі.

Сабақта не ұнамады, не жалықтырды, не түсініксіз болды, соның барлығы жазылады.

Осы сабақтан білген қызықты фактілер және осы тақырып бойынша не білгілерің келеді, мұғалімге сұрақ жазылады.

Үйге тапсырма: Жаңа тақырып бойынша конспект жасау

Әдебиеттер тізімі

  • Ә. Н. Шыныбеков «Алгебра және анализ бастамалары», 11-сынып, Алматы «Атамұра», 2011


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу