Бас жиынтық және таңдама. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.4А Математикалық статистика элементтері

Мектеп: Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Сынып: 11

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бас жиынтық және таңдама

Сабақ түрі

Жаңа сабақ түсіндіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.2.2.1 - математикалық статистиканың негізгі терминдерін түсіну және білу;

Сабақ мақсаттары

Статистика элементтерін ұғымы қалыптасқан және біледі;

Арифметикалық орта мәнін, модасын, медианасын таба алады;

Таңдаманың көлемі мен құлашын таба алады;

Бағалау критерийлері

Статистика элементтерін ұғымын түсінеді.

Арифметикалық орта мәнін, модасын, медианасын таба алады.

Бас жиынтық және таңдаманы ажыратады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар абсолютті және салыстырмалы жиіліктерді анықтау тәсілдерін талқылап, қысқаша сипаттайды;

Негізгі сөздер мен тіркестер:

  • бас жиынтық;
  • нұсқалық;
  • таңдама
  • статистика
  • жиілік;
  • абсолютті жиілік;
  • салыстырмалы жиілік;

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Статистика нені зерттейді........

Зертелетін обьектілер жиынтығы-..........жиынтық деп аталады

Зертеуге кездейсоқ іріктеп алынған обьектілер жиыны- ..... таңдама

Құндылықтарды дарыту

-өмір бойы білім алуға бейімделеді;

- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара қарым -қатынас жасау, жауапкершілікті сезіну.

Пәнаралық байланыстар

Экономика

География (жер бетіндегі әр түрлі елдер халықтарының тулары ) .

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану

Алдыңғы білім

Модасын , медианасын, арифметикалық ортасын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

I. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

Сыныпта ынтамақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Амандасу» тренингі

Қазақстанда қол алысады

Италияда құшақтасады

Бразилияда иықтасады

Македонияда шынтақтасады

Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, жылы лебіздерін білдіреді

Әр елдің ақшалары арқылы топқа бөлу

Суреттер таңдап, топқа бөлінеді

1) 2) 3) 4)

  • Топ –Статистика
  • Топ –Жиілік
  • Топ – Таңдамалы әдіс
  • Топ – Бас жиынтық

Презентация

Қағаз қиындылары: Төрт елдің ақшалары бейнеленген

Сабақтың ортасы

6-20 минут

21-27 минут

28-30 минут

31-36 минут

II.Топтық жұмыс. «Джигсо» әдісі бойынша жаңа тақырыпты талдайды

III.Миға шабуыл

  • Статистика саласы нені оқып үйретеді?
  • Статистика термині қандай мағына береді?
  • Бас жиынтық деп не түсіндіресің ?
  • Кездейсоқ таңдама дегеніміз ? оның көлемі деп нені айтады ?
  • Таңдаманың арифметикалық ортасы мәні, медианасы, модасы дегеніміз?

АКТ қолдану арқылы слайд көмегімен қайталап шығу.

ІV.Жеке жұмыс:

1 таралым кестесі бойынша мода, медиана, арифм.ортаны табыңыз

Х

4

7

8

n

5

2

3

Оқушылар жұппен дәптерлерін ауыстырып, слайдтағы жауаптар бойынша бірін-бірі бағалайды.

Бағалау критерийі: берілген қатардың модасын , медианасын, арифметикалық ортасын табады;

V. Бекіту.

2. Шартты оқып, анықтаңыз:

1.Музыкант адамдар оның соңғы әндер жинағындағы әндер туралы не ойлайтындығын білгісі келді. Келесі нұсқалардың қайсысы таңдаманың ең жақсы мысалы болып табылады?

a) әндер жинағын сатып алған барлық адамдар.

b) әндер жинағын сатып алғысы келмеген адамдар таңдамасы.

c) әндер жинағын сатып алған 250 қыздар.

d) әндер жинағын сатып алған 3294 адам.

2.Ойыншықтар дүкенінің иесі сатып алушылар ай сайын ойыншықтарға қанша ақша жұмсайтындығын есептеді. Келесі нұсқалардың қайсысы басты жиынтықтың ең жақсы мысалы болып табылады?

a) Ойыншық сатып алған барлық балалар.

b) 227 байдың балалары.

c) 7 – 15 жас аралығындағы 228 ұл балалар.

d) 10 – 15 жас аралығындағы 235 бала.

3.Қала әкімі адамдардың оның жұмысы жайлы не ойлайтынын білгісі келді. Келесі нұсқалардың қайсысы басты жиынтықтың мысалы болып табылады?

а) 1000 жұмыссыз сайлаушылар.

b) әкімнің жанұясының мүшелері.

c) Қала тұрғындары.

d) 242 сайлаушылар

Бағалау критерийі: таңдаманың мысалын келтіреді; басты жиынтықты анықтайды;

Оқу мақсатына қайта оралу

Шыныбеков 11 сынып, Алгебра және анализ бастамалары, 2011ж

Теория парағы

Фломастерлер, плакат.

презентация

Тапсырма парағы

Тапсырма парағы

Презентация

Сабақтың соңы

37-40 мин

VІ. Рефлексия: ПЛЮМИН

Үйге тапсырма: Конспект жасау

Үлестірме қағаз

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау

Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

1. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі.

2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара басбармақ арқылы

3. Кері байланыс (ауызша)

4. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлерін қолдану

Сергіту жаттығуы

қимылмен көрсету:

Қауіпсіздік техникасы ережелері

Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу