Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2B Ықтималдық | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.1.3 - ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелерін: * P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B); * P(A + B) = P(A) + P(B); * P(A +B) = P(A)+P(B)- P(A∙B) түсіну және қолдану; | ||||||
Сабақ мақсаты | Ықтималдықтың қосу және көбейту ережелерін түсінеді және қолданады | ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - «алмастыру», «орналастыру», «теру» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты есептер шығару барысында пайымдай алады; - ықтималдықтың қосу және көбейту ережелерін қолданып шешілетін есептерге дәлел келтіреді. - қайталанбалы теру; - қайталанбалы алмастыру; - қайталанбалы орналастыру; - n элементтен r элемент таңдау; - рет, реттеу, орын ауыстыру; - ықтималдықтарды қосу және көбейту; - шартты ықтималдық. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Жұпта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын, алгебралық өрнек жайлы мәтінді оқу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту | ||||||
Бастапқы білім | Комбинаторика элементтерін білу: қайталанбайтын алмастыру, орналастыру және теру. Ықтималдықтың классикалық, статистикалық анықтамаларын, жиындар және олардың элементтерін білу және түсіну.. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 1-3 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі Мақсаты: амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныпта қолайлы атмосфера үшін психологиялық ахуал тудыру. | ||||||
4-7 мин | Оқушылар молекулла дегенде көздерін жұмып жыбырлап жүреді де атом дегенде 2 немесе 4 адамнан жұптасуы керек. | ||||||
Сабақтың ортасы 7-20 мин | 2.Жаңа сабақты бекіту Жеке жұмыс 1.100 лотерея билеттерінің ішінде 10 билет ұтыс билеті болып табылады. а)Кездейсоқ алынған екі билет ұтыс билеттері болуының ықтималдығын табыңдар. в)Кездейсоқ алынған екі билеттің тек біреуі ұтыс билеті болуының ықтималдығын табыңдар. Жауабы: а) 1/110 в)2/11 2.Қорапта төрт шар бар: көк, жасыл және екі қызыл. Қораптан кездейсоқ екі шар алынады. а)Алынған екі шардың қызыл болуының; в)Бірінші алынған шар жасыл, екінші алынған шардың қызыл болуының ықтималдығын табыңдар. Жауабы: а)1/6 в) 1/6 3. Бірінші қорапта 6 қызыл және 4 сары, екінші қорапта 5 қызыл, 5 сары шарлар бар. Әуелі кездейсоқ бір қорап таңдап алынады. 1) алынған шардың қызыл болуының; 2)алынған шардың екінші қораптан алынған болуының ықтималдығын табыңдар. Жауабы: а)11/20 в)5/11 4.Екі атқыш межеге бір-бірден оқ атады. Бірінші атқыштың межеге тигізу ықтималдығы 0,7 екінші атқыштың межеге тигізу ықтималдығы 0,7. Екі атқыштың да межеге оқ тигізу ықтималдығын табыңдар. Жауабы: 0,94 Бағалау: Оқушылар дұрыс жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды. | Қосымша 1 | |||||
21-36минут | 3.Жаңа білімді пысықтау Жұптық жұмыс Мақсат: Өтілген тақырыпты есептерді шығару арқылы пысықтау 1.Екі қораптың әрқайсысында бес текше бар. екі көк, жасыл, ақ және қызыл. Әуелі, кездейсоқ бір қорап таңдап алынады, содан кейін таңдап алынған қораптан кездейсоқ бір текше таңдап алынады. 1) Алынған текшенің ақ болуының; 2) екінші қорап таңдап алынып, одан алынған текшенің көк болуының ықтималдығын табыңдар. Жауабы:а)1/5 в) 1/5 2. Кілтті қосқан кезде қозғалтқыштың іске қосылуының ықтималдығы 0,9. Көлік жұмыс жасау үшін кілтті ең көп дегенде 3 рет қосу ықтималдығын табыңдар. Жауабы: 2 3. Үш станокта жұмыс істеп отырған оператор белгілі бір уақытқа сыртқа шығуға мәжбүр болады. Станоктардың осы уақытта жұмысшыны қажет етпеуінің ықтималдығын табыңдар. Жауабы: 0,448 4. Кереуді арттырған кезде тізбектей жалғанған үш құрылғының істен шығу ықтималдықтары- 0,4; 0,3;0,5. Кернеу артқан кезде электр тізбегінің істен шықпауының ықтималдығын табыңдар. Жауабы: 0,21 5. Межеге екі атқыш бір мезетте оқ атты. Бірінші атқыштың межеге оқ тигізу ықтималдығы 0,7 екінші атқыштың тигізу ықтималдығы 0,8. Екеуі қатар атқан кезде тек бір атқыштың тигізу ықтималдығын табыңдар. Жауабы: а) 0,38 в)0,98 Бағалау: Дұрыс жауаптары арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды. Деңгейлік тапсырмалар: А)100 лотерея билеттерінің ішінде 10 билет ұтыс болып табылады. Осы билеттерінің ішінен кездейсоқ 3 билет сатып алынады. А,В,С оқиғаларының келесі түрде анықтайық: А-бірінші билет ұтады; В-екінші билет ұтады; С-үшінші билет ұтады. Тек үшінші билеттің ұтуының ықтималдығын табыңдар. Жауабы: а) 0,0097 в) 169/495 В)Жәшікте 2 ақ, 3қызыл, 5 жасыл шар бар. Жәшіктен кездейсоқ алынғаншардың: 1) түрлі түсті; 2) ақ немесе қызыл болуының ықтималдығын табыңдар. Жауабы: а)4/5 в)0,5 С) 10 лотерея билетінің ішінде 4 билет ұтыс билеті болып табылады. Кездейсоқ сатып алынған 4 билеттің ең болмағанда біреуі ұтыс билеті болуының ықтималдығын табыңдар. Жауабы: а) 4/5 в) 0,5 Бағалау: Дұрыс жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау Қорытынды: Мұғалім сабаққа оқушылардың қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды. Дер кезінде кері байланыс беріледі. | Қосымша 2 Қосымша 3 | |||||
Сабақтың соңы 37-40-мин | 4.Оқушылар үшін рефлексия сұрақтары: Не білдім? Неге үйрендім? Не түсініксіз болды? Нені жақсартуым керек? Оқушылар бағалау критерийлері бойынша өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды. Үйге тапсырма: | ||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | |||||
Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды. | Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады. Сабақты бекіту алдында «Көз жаттығуы» сергіту сәті жүргізіледі. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру