Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2B Ықтималдық

Мектеп:

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.3 - ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелерін:

* P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B);

* P(A + B) = P(A) + P(B);

* P(A +B) = P(A)+P(B)- P(A∙B) түсіну және қолдану;

Сабақ мақсаты

Ықтималдықтың қосу және көбейту ережелерін түсінеді және қолданады

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • қайталанбайтын және қайталанбалы алмастыру, орналастыру және теруді қолданып, комбинаторика есептерін шығарады;
  • ықтималдықтың қосу және көбейту ережелерін түсінеді және қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- «алмастыру», «орналастыру», «теру» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты есептер шығару барысында пайымдай алады;

- ықтималдықтың қосу және көбейту ережелерін қолданып шешілетін есептерге дәлел келтіреді. - қайталанбалы теру;

- қайталанбалы алмастыру;

- қайталанбалы орналастыру;

- n элементтен r элемент таңдау;

- рет, реттеу, орын ауыстыру;

- ықтималдықтарды қосу және көбейту;

- шартты ықтималдық.

Құндылықтарды дарыту

Жұпта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын,

алгебралық өрнек жайлы мәтінді оқу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту

Бастапқы білім

Комбинаторика элементтерін білу: қайталанбайтын алмастыру, орналастыру және теру. Ықтималдықтың классикалық, статистикалық анықтамаларын, жиындар және олардың элементтерін білу және түсіну..

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі

Мақсаты: амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныпта қолайлы атмосфера үшін психологиялық ахуал тудыру.

4-7 мин

Оқушылардың алдында алманың суреті бар қималар беріледі. Оқушылар алма қиманың артына өздерінің осы сабақтан күтетін ойларын жазады. Сабақтың соңында сабақтың мақсатына жетсе, осы алмаларды қайтадан өздері алады. Яғни алма ағашы өз жемісін берді дегенді білдіреді.

Мұғалім қызметі: сыныпта қолайлы жұмыс ортасын құруға ықпал етеді.

Қосымша 1.

Сабақтың ортасы

7-20 мин

2.Жаңа сабақты бекіту

Жеке жұмыс

Тест тапсырмаларын орындайды

  • 1.Бірінші ойыншының сақаны омпы түсіру ықтималдығы 0,95-ке, екінші ойыншының сақаны омпы түсіру ықтималдығы 0,9-ға тең. Екі ойыншының кем дегенде біреуінің омпы түсіру ықтималдығын тап (Жауабын жүздікке дейін дөңгелекте).

А) 0,14 В) 0,16 С) 0,43 D) 0,12

2. Тоғызқұмалақ ойыны бойынша жарысқа үш ойыншыдан тұратын командалар қатысты. Егер бірінші ойыншының ұту ықтималдығы 0,2, екінші ойыншының ұту ықтималдығы 0,6 және үшінші ойыншының ұту ықтималдығы 0,4 болса, онда команданың 3:0 есебімен ұту ықтималдығын тап.

А) 0 В) 0,048 С) 0,44 D) 0,2

3. Ұста үш көрікте жұмыс жасады. Бір сағатта бірінші көрікте тоқтаусыз жұмыс жасау ықтималдығы 0,56-ға, ал екінші және үшінші көрікте тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығы сәйкесінше 0,55; 0,4-ке тең. Бір сағатта тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығын тап.

А)0,1342 В)0,3212 С)0,431 D)0,1232

4) Ғылыми конференцияда математикадан 25, физикадан 15 және қолданбалы ғылымдардан 30баяндама жасалды. Кездейсоқ алынған баяндама математика немесе физика болу ықтималдығын тап.

А) 0,4 В) 1 С) 0,3625 D) 0

5) Халықаралық ғылыми конференцияға қатысушылардың 75%-ы ағылшын тілін, 30%-ы қазақ тілін және 25%-ы ағылшын және қазақша тілдерін біледі. Кездейсоқ алынған қатысушы ағылшын және қазақ тілін білмеу ықтималдығын тап.

А) 0 В) 0,2 С) 0,8 D)1

Бағалау

Дұрыс жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.

Қосымша 2

21-36минут

3.Жаңа білімді пысықтау

Мақсат: Өтілген тақырыпты есептерді шығару арқылы пысықтау

Жұптық жұмыс.

«Уақытпен кездесу» әдісі

Оқушылар әр түрлі уақытта әр оқушымен кездесіп жұптық жұмыста есептер шығарады. Жұптарын өздері таңдайды.

Сағ 13.00

  • 1.Ғимаратта төтенше жағдайды ескертетін екі тетік орналастырылған. Бірінші тетіктің төтенше жағдайды ескерту ықтималдығы P(A) = 0,75, екінші тетіктің төтенше жағдайды ескерту ықтималдығы P(B) = 0,9. Төтенше жағдай кезінде тек бір тетіктің ескерту ықтималдығын тап.

Сағ 14.00

  • 2. Абонент телефон номерінің соңғы үш цифрын ұмытып қалды, бірақ барлық цифрлар тақ екені есінде. Абоненттің:

а) бірінші реттен барлық цифрды дұрыс табу;

в) тек бірінші немесе екінші цифрын дұрыс табу ықтималдығын тап.

Cағ 15.00

  • 3.«АСТАНА», «АРМАН» және «ҚАЛА» үш сөздің әрқайсысынан кездейсоқ бір-бір әріптен таңдап алынды. Таңдап алынған үш әріптен «АНА» сөзінің шығу ықтималдығын тап.

Бірінші бітірген жұп есептің шығару жолын тақтада көрсетеді. Басқа оқушылар есептің шығару жолын тексереді. Бірін-бірі бағалайды. Мұғалім есептің дұрыс жауабын тақтада көрсетеді. Оқушылар бағалау парағына өзін-өзі бағалайды.

Жеке жұмыс

1.Емтиханда үш талапкер бір-бірінен тәуелсіз бір нұсқаның есептерін орындады.Олардың есепті дұрыс шығару ықтималдығы сәйкесінше 0,6; 0,9; және 0,5 тең. Үш талапкердің кем дегенде біреуі есепті дұрыс шығаруының ықтималдығын тап.

2. Екі ойын сүйегі лақтырылды. А оқиғасы – бірінші ойын сүйегінде 5 ұпайы түсті; В оқиғасы-екі ойын сүйегінің ұпайларының қосындысы 8-ге тең. А және В оқиғасының орындалу ықтималдығын тап.

3.Тоғызқұмалақ және шахмат үйірмесіне алты оқушы барады. Олардың үшеуі- шахматтан, ал төртеуі- тоғызқұмалақтан республикалық жүлдегерлер. Кездейсоқ алынған оқушы тоғызқұмалақтан да, шахматтан да республикалық жүлдегер болуының ықтималдығын тап.

4.Нысанаға жебе үш рет атылды. Жебенің нысанаға тию ықтималдығы 0,5 тең. Нысанаға жебелердің:

а) кем дегенде біреуі;

в) кем дегенде екеуі;

с) үшеуі де тию ықтималдығын тап.

Бағалау:

Дұрыс жауаптары арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Қорытынды:

Мұғалім сабаққа оқушылардың қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды. Дер кезінде кері байланыс беріледі.

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы

37-40-мин

4.Оқушылар үшін рефлексия сұрақтары:

Не білдім?

Неге үйрендім?

Не түсініксіз болды?

Нені жақсартуым керек?

Оқушылар бағалау критерийлері бойынша өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

Үйге тапсырма:

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды.

Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.

Сабақты бекіту алдында «Көз жаттығуы» сергіту сәті жүргізіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу