Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2B Ықтималдық

Мектеп:

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Агадаева Н.А

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.3 - ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелерін:

* P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B);

* P(A + B) = P(A) + P(B);

* P(A +B) = P(A)+P(B)- P(A∙B) түсіну және қолдану;

Сабақ мақсаты

Ықтималдықтың қосу және көбейту ережелерін түсінеді және қолданады

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • қайталанбайтын және қайталанбалы алмастыру, орналастыру және теруді қолданып, комбинаторика есептерін шығарады;
  • ықтималдықтың қосу және көбейту ережелерін түсінеді және қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- «алмастыру», «орналастыру», «теру» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты есептер шығару барысында пайымдай алады;

- ықтималдықтың қосу және көбейту ережелерін қолданып шешілетін есептерге дәлел келтіреді. - қайталанбалы теру;

- қайталанбалы алмастыру;

- қайталанбалы орналастыру;

- n элементтен r элемент таңдау;

- рет, реттеу, орын ауыстыру;

- ықтималдықтарды қосу және көбейту;

- шартты ықтималдық.

Құндылықтарды дарыту

Жұпта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын,

алгебралық өрнек жайлы мәтінді оқу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту

Бастапқы білім

Комбинаторика элементтерін білу: қайталанбайтын алмастыру, орналастыру және теру. Ықтималдықтың классикалық, статистикалық анықтамаларын, жиындар және олардың элементтерін білу және түсіну..

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Мақсат: Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру.

4-7мин

2.Сабақтың мақсатын қою

Мақсат:

Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Тапсырма 1. ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелерін жазыңдар. Бос орынды толықтыр

1.Екі үйлесімсіз оқиғаның ________ ықтималдығы осы оқиғалардың ықтималдықтарының қосындысына тең.

2. Егер A, B, C оқиғалары _________ болса, онда олардың ықтималдықтарының қосындысы 1-ге тең.

3. Қарама-қарсы деп _______ тек қана екі мүмкін оқиғалар аталады.

4. Қарама-қарсы оқиғаның ықтималдығы ______ мынаған тең:

5. A және екі қарама-қарсы оқиғаның ықтималдықтарының қосындысы _____ тең.

6. А және В оқиғаларының көбейтіндісі немесе қиылысуы деп __________ тұратын АВ оқиғасын атайды.

7. Екі оқиғаның бірігіп пайда болуының ықтималдығы – олардың біреуінің, бірінші оқиға пайда болды деп ойда есептеп алынған _______көбейткенге тең:

Бағалау: Оқушылар презентациядағы дұрыс жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады. Бағалау критерийлері оқушылармен таңдалады.

Қосымша 1.

Сабақтың ортасы

7-20 мин

3. Жаңа білімді бекіту

Топтық жұмыс

1. Қорапта ақ, қызыл және көк түсті шарлар бар. Қораптан кездейсоқ алынған шардың ақ, қызыл не көк түсті болуын білдіретін оқиғаларды сәйкесінше А, В және С арқылы белгілейік. Онда: 1) А+В+С 2) А+В; 3) А оқиғаларының мағынасын түсіндіріңдер

2.Егер А оқиғасы В оқиғасының салдары болса, онда:

1) А+В;

2) А∙В оқиғасының мәнін табыңдар.

3. А оқиғасы ойын сүйегін бір рет тастағанда бестік ұпай түсетінін білдірсін. Онда оқиғасы нені білдіреді?

4.Кездейсоқ ойға келген екі таңбалы санның жай сан болуы және оның цифрларының қосындысы 5-ке бөлінуі ықтималдығы қандай?

5.Екі атқыш нысанаға бір-бірден оқ атты. Бірінші атқыштың нысанаға тигізу ықтималдығы 0,7-ге, ал екіншісінікі-0,8-ге тең. Онда: 1) нысанаға бір ғана атқыштың тигізуі; 2) кем дегенде бір атқыштың мүлт кетуі ықтималдығын табыңдар.

Бағалау: Оқушылар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Қосымша 2

21-36минут

4.Жаңа білімді пысықтау

Мақсат: Өтілген тақырыпты есептерді шығару арқылы пысықтау

Жұптық жұмыс

1)А оқиғасы қораптағы асықтардың кем дегенде біреуі қызыл түсті болатынын білдірсін. оқиғасы нені білдіреді?

2) Кездейсоқ ойға келген екі таңбалы санның жай сан болуы және оның цифрларының қосындысы 5-ке бөлінуі ықтималдығы қандай?

3)Қалтада боялмаған 5 асық және боялған 6 асық бар. Егер қалтадан бірінші алынған асық боялмаған болса, онда кездейсоқ екінші алынған асықтың боялмаған болуы ықтималдығы қандай? Мұнда бірінші алынған асық қалтаға қайта салынбайды.

4)Тиын үш рет тасталды. Оның кем дегенде бір рет елтаңба жағымен түсуі ықтималдығы қандай?

5)Цех өнімдерінің 1%-і жарамсыз болып келеді. Оның 1000 өнімі арасында орта есеппен неше өнім жарамсыз болады деп күтіледі?

Бағалау: Оқушылар жұмыстарын алмастыру арқылы бірін-бірі бағалайды.

Жеке жұмыс

5.Деңгейлік тапсырма

А)20-дан аспайтын натурал сан ойладық. Бұл санның: 1) 5-ке бөлінуі; 2) 3-ке бөлінуі; 3) жай сан болуы; 4) құрама сан болуы ықтималдығын табыңдар.

В)Ойын сүйегін үш рет тастағанда әр түрлі ұпайлар түсуі ықтималдығы қандай?

С)Бір атқанда нысанаға тигізу ықтималдығы 0,6-ға тең. Нысанаға тигенше оқ атыла береді. Нысанаға атылған оқтар саны 3-тен артық болмауы ықтималдығы қандай?

Бағалау: Мұғалім есептің шығару жолын бағалау критерийі арқылы бағалап, қажет болса кері байланыс береді.

Қорытынды:

Мұғалім сабаққа оқушылардың қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды. Дер кезінде кері байланыс беріледі.

Қосымша 3.

Қосымша 4

Сабақтың соңы

37-40-мин

6. Сабақты қорытындылау

  • Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
  • Неліктен?
  • Жұмыста нені ескермедіңіздер?
  • Неліктен?
  • Нәтижені қалай жақсартуға болады?

7.Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді

  • Мен бүгін не білдім?
  • Маған қиын болды ма?
  • Тақырыпты түсіндім бе , әлде қиындық тудырды ма?
  • Жаңа нәрсе үйрендім бе?
  • Нәтиже көрсете алдым ба?

Үйге тапсырма:

Қосымша 4

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды.

Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.

Сабақты бекіту алдында «Көз жаттығуы» сергіту сәті жүргізіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу