Қайталанбалы алмастырулар, орналастырулар және терулер. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді «Математика» ӘБ жетекшісі |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1С | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Урынбаев А.О. | |||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қайталанбалы алмастырулар, орналастырулар және терулер Ықтималдықтар ды қосу және көбейту ережелері | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.4.3.1 ықтималдықтың қосу және көбейту ережелерін түсінеді және қолданады; 10.4.3.2 шартты ықтималдықты табу формуласын біледі және оны есеп шығаруда қолданады; 10.4.2.3 қайталанбайтын және қайталанбалы алмастыруларды, терулерді және орналастыруларды қолданып комбинаторикалық есептерді шығарады | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | ықтималдықтың қосу және көбейту ережелерін түсіну және қолдану; шартты ықтималдықты табу формуласымен танысу және оны есеп шығаруда қолдану; | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: . қайталанбалы теру; - қайталанбалы алмастыру; - қайталанбалы орналастыру; - n элементтен r элемент таңдау; - рет, реттеу, орын ауыстыру; - ықтималдықтарды қосу және көбейту; - шартты ықтималдық. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: …табу үшін…қанша әртүрлі тәсіл бар;. - сіз оларды әртүрлі тәсілмен орналастыра аласыз, себебі … ; - егер сізде x …болса, онда оларды ...әртүрлі тәсілмен реттей аласыз, себебі … . - егер мен …элементтерді белгілі ретпен орналастырсам, онда мүмкін орналастырулар саны...болады. - ...мүмкін элементтерден ...таңдау тәсілі бар болады. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | ||||||||||||
Бастапқы білім | Комбинаторика элементтерін білу: қайталанбайтын алмастыру, орналастыру және теру. Ықтималдықтың классикалық, статистикалық анықтамаларын, жиындар және олардың элементтерін білу және түсіну.. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы М 5 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Кезекпен ауызша тапсырма жауаптарының дұрыс бұрыстығын тексеру 3. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау. | 1 – 2 слайд | ||||||||||
Сабақтың ортасы ЖЖ 30 минут 20 минут ЖЖ 25 минут
| Қалыптастырушы бағалау: 1. Қайталанбалы орналастыру. Театрға, циркке және концертке бір-бір билеттен бар. Қанша әдіспен осы билеттерді 4 оқушы арасында үлестіруге болады? (егер әрбір оқушы бірнеше билет алуы мүмкін болса)? 2. Қайталанбалы алмастырулар. Он турист қонақ үйдің екі үшорынды және бір төрторынды бөлмелеріне қоныстанды. Оларды қанша тәсілмен орналастыруға болады? 3. Қайталанбалы терулер. Ұзындықтары 4, 5, 6, 7 см мәндерінің біреуіне ие болатын кесінділерден қанша үшбұрыш жасауға болады? Оқушылармен ұсынылған шешім нұсқаларын талқылап, өзара бағалау ұйымдастыру. Оқушыларға тәуелді және үйлесімді оқиғалар анықтамаларын естеріне түсіріп, келесі тапсырмаларды орындауды ұсыну: Жұптық жұмыс: Қорапта 90 стандартты және 10 стандартты емес тетік бар. Осы қораптан екі тетік бірінен соң бірі кездейсоқ алынады. Келесі оқиғалардың ықтималдығын табыңыз: А) бірінші сынақ кезінде стандартты тетіктің алынуы. Ә) екінші сынақ кезінде стандартты тетіктің алынуы: 1) бірінші оқиға орындалған жағдайда; 2) бірінші оқиға орындалмаған жағдайда. Топтық жұмыс: 1-топ. (a)Келесі сөздегі әріптердің әр түрлі алмастырулар санын табыңыз: И Н Ф О Р М А Т И К А. [2] (b)Екі ‘И’ әрпі бір-бірінің қасында тұратындай, ал екі ‘А’ әрпі бір-бірінің қасында тұрмайтындай И Н Ф О Р М А Т И К А сөзіндегі әріптердің әр түрлі алмастырулар санын табыңыз. [3] (c И Н Ф О Р М А Т И К А сөзіндегі дауыссыз дыбыстардан, қанша тәсілмен 4 әріпті сөз құрастыруға болады? [2] 2-топ. Құрылғы бір- бірінен тәуелсіз жұмыс жасайтын екі элементтен тұрады. Бірінші және екінші элементтердің (t уақыт аралығында) істен шығу ықтималдығы 0,6 және 0,7- ге тең. t уакыт аралығында:
3-топ. Жәшікте 6 қара және 4 ақ шар бар. Жәшіктен бірінен соң бірі 3 шар таңдалынды.
| Геометрия. Поурочные разработки. 10-11 классы : учеб. пособие для общеобразоват. организаций / С. М. Саакян, В. Ф. Бутузов. — М. : Просвещение, 2017. - 2-е изд., перераб. — 232 с. : ил. | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Үйге тапсырма: білімленд есептерін шығару | Таратпа материал | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына класс оқушыларның сенімді болуы жоспарланған. | Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін. | Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру