Комбинаторика  элементтері. Алмастырулар, терулер, орналастырулар. Алгебра, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша

Дидактикалық материал

Бағалау критерийлері:

- есеп мәтіні бойынша қандай ұғымды қолдану керектігін біледі және қолданады (ауыстыру, орналастыру, теру);

- есепті шешу үшін қажетті формуланы анықтайды;

- есеп мәтіні бойынша формуланы қолдану керектігін біледі және қолданады (ауыстыру, орналастыру, теру);

№1

а,b,с,d әріптерінен екі әріптен алынған орналастырулар жасап және олардың комбинацияларын жазу керек.

№2

Бірдей карточкаларға жазылған А, А, А, Б, Р, С, Т әріптерінен:7 әріптен алғанда неше алмастырулар шығады?

№3

Бірдей карточкаларға А, А, А, Е, И, К, М, М, Т, Т әріптері жазылған. Олардан 10әріптен құралатын сөздерді неше тәсілмен құрауға болады?

№4

«МАТЕМАТИКА» сөзінің әріптерінен неше алмастыру жасауға болады?

№5

Топта 9 ұл және 6 қыздан бар. Математикадан командалық жарысқа осы топтан 12 қатысушыны қанша тәсілмен таңдап алуға болады, егер командада ең аз дегенде 6 ұл және ең көп дегенде 4 қыз болу керек болса.

№6

Екі математик пен он экономистерден, құрамында сегіз адам болатын комиссия құру қажет. Құрамында кем дегенде бір математик болатындай етіп неше тәсілмен комиссияны құруға болады?

№7

Неше әдіспен 8 оқушыдан тұратын тізімді құруға болады, егер олардың тегі, аты-жөні бойынша сәкестік жоқ болса?

№8

11 спортшыларды 3 топқа 4,5 және 2 адамнан сәкесінше неше әдіспен бөлуге болады?

№9

7 оқушының ішінен 4 оқушыны тақтаға кезекпен неше әдіспен шақыруға болады?

№10

Барлық цифрлары әртүрлі болатын неше төрттаңбалы сандар құруға болады?

№11

Қорапта 10 ақ және 6 қара түсті шар бар.

1) неше әдіспен қораптан кез келген түсті бір шарды алуға болады?

2) неше әдіспен қораптан екі әртүрлі шарлар алуға болады?

№12

Оқушыға 8 күн ішінде 4 пәннен емтихан тапсыру керек. Неше әдіспен емтихан кестесі құрылуы мүмкін?

№13

Жиналысқа қатысқан 30 қатысушыларының ішінен төраға мен хатшыны неше тәсілмен таңдап алуға болады?

№14

Жазықтықта 5 нүкте белгіленген. Оларды латын әріптерімен неше тәсілмен белгілеуге болады? Латын алфавитінде 26 әріп бар.

№15

Курьер әртүрлі 7 мекемеге құжаттар жеткізу керек. Ол неше маршрут таңдауы мүмкін?

№16

Келесі цифрлар арқылы неше алтытаңбалы сандар (цифрлар қайталанбайды) құруға болады: 1) 1, 2, 5, 6, 7, 8; 2) 0, 2, 5, 6, 7, 8?

№17

3, 5, 7, 9 цифрларынан құрылған (цифрлар қайталанбайды) төрттаңбалы сандар арасынан неше: 1) 3 цифрынан басталатын ; 2) 5-ке еселі болатын сандар бар?

№18

Оқушыларға жазғы демалысқа оқуға 10 кітап ұсынылады. Оқушы ұсынылған кітаптардан неше тәсілмен 6 кітап таңдап алады?

№19

Сөреде 12 кітап тұр: ағылшын-орыс сөздігі және ағылшын тілінде 11 көркем әдебиет. Неше тәсілмен оқырман 3 кітапты таңдай алады, егер 1) сөздік қажет болса; 2) сөздік қажет емес?

№20

«КОМБИНАТОРИКА» сөзінің әріптерінен неше алмастыру жасауға болады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу