Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2В Тригонометриялық теңсіздіктер | Мектеп: Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жармагомбетова Д.Д. | ||
Сынып: 10 (жаратылыстану-математика бағытындағы) | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы: Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу.
| |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.3.17 – қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше білу; 10.2.3.18 – тригонометриялық теңсіздіктерді шеше білу; | ||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||
Жетістік критерийлері |
| ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: тригонометриялық есептер шығару үшін графиктер мен жай теңсіздіктердің пысықталған мысалдарын пайдалана отырып, синус, косинус, тангенс туралы не білетіндігін талқылап, жаза алады. Пәнге тән лексика мен терминология: Бұрыш, синус, косинус, тангенс арксинус, арккосинус, арктангенс тригонометриялық тепе-теңдік, алмастыру Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Синус/косинус/тангенс ..... үшін пайдаланылады. Бұрыштың синусы/косинусы/тангенсы .... тең. Бұл график синус/косинус/тангенстың мәнін көрсетеді. Бұл мысалда/үшбұрышта ..... берілген, осылайша синус/косинус/тангенс ережесін қолданып, бізге .... есептеу қажет. sin α теңдеуін жазу. .... көрсету үшін тиісті тригонометриялық алмастыруларды пайдалану. Теңсіздіктің шешімінің негізгі мәнін табу... . | ||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет құндылығын бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады | ||
АКТ қолдану дағдылары | Презентацианы қарастыру | ||
Бастапқы білім | Алгебралық формулалармен сенімді жұмыс жасау және квадраттық теңдеулерді шешу; тригонометриялық түрлендірулерді жасай алу; | ||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин | Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: Бір-біріне тек қана дауысты дыбыстан басталатын комплимент айтыңдар. Мысалы: Сен бүгін Әдемісің. Сен бүгін Ажарлысың...... | Слайд 3 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Проблемалық тапсырма Жұптық жұмыс 8 мин | Тақырыпқа шығу мақсатында оқушыларға келесі тапсырма ұсынылады, сұрақтар қойылады: Өтілген сабақ бойынша, оқушылар қарапайым тригонометриялық теңсіздікті шешу біледі. Сондықтан тақырыпқа шығу мақсатында, олар екі қарапайым тригонометриялық теңсіздікті шешеді де, теңсіздіктер жүйесін шешуге тырысады. Оқушылар жұпқа бөлініп, келесі тапсырмаларды орындайды
Жауаптары
Бағыттауыш сұрақтар:
Тақырыпқа шығу. Тригонометриялық теңсіздіктер жүйесін қалайша шешуге болады? Бірлік шеңбер бойында теңсіздіктер жүйесін қанағаттандыратын доғалар теңсіздіктер жүйесінің шешімі болып табылады. Оқушылар сабақ мақсатын өздері қорытып шығарады | Слайд 4 Слайд 5 Слайд 6 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыпты ашу 5 минут | Тақырыпты ашу кезеңінде сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында INSERT техникасын қолданамын. Оқушылар жұпта тақырыпты ашады, білімдерін тақырып бойынша жүйелейді. INSERT техникасының қолдану кезендері: Оқушылар «Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу» тақырыбы бойынша келесі сұрақтарға жауап береді:
Күтілетін нәтиже: Нәтежесінде оқушылар осы тақырып бойынша өзіне жоспар құрастырады. | Слайд 7 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырып бойынша бірінші рефлексия 3 мин | «Өз алгоритмін жаса» Оқушылар жұпта қарапайым тригонометриялық теңсіздік жүйесін шешу алгоритмін ұсыну қажет Қарапайым тригонометриялық теңсіздік жүйесін шешу үшін:
Дескрипторлар:
Күтілетін нәтиже: Нәтежесінде оқушылар осы тақырып бойынша алгоритм құрастырады. | Слайд 8 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Топтық жұмыс 10 мин | Деңгейлік тапсырмалар: 1-деңгей тапсырмасы Теңсіздіктер жүйесінің берілген аралықта қанағаттандыратын шешімін табыңдар:
Дескрипторлар:
Жауаптары: Күтілетін нәтиже: Нәтежесінде оқушылар тригонометриялық теңсіздіктер жүйесін шешуін жаттығады. | Слайд 9 Слайд 10 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Топтық жұмыс 5 мин Бір-бірін тексеру | 2-ші деңгей тапсырмалары Сұрақ: 1-ші тапсырмалардың жалпы шешімі қандай болады деп ойлайсыздар?
Дескрипторлар:
Жауаптары: Оқушылар жұпта бір-бірін дайын жауаптары арқылы тексереді. Күтілетін нәтиже: Оқушылар тригонометриялық теңсіздіктер жүйесін жалпы шешімін жаза алады. | Слайд 11 Слайд 12 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Өздік жұмысы 10 мин Бір-бірін тексеру | Оқушылар жекелей келесі тригонометриялық теңсіздік мен теңсіздіктер жүйесін шешеді, жалпы шешімін табады: Дескрипторлар:
Жауаптары: Оқушылар жұпта дайын жауаптар арқылы бір-бірін тексереді.
Күтілетін нәтиже: Нәтежесінде оқушылар тригонометриялық теңсіздіктер жүйесін шешудің дағдысы бағаланады. | Слайд 13 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырып бойынша екінші рефлексия 2мин | Кластер» тақырыпты жүйелеу тәсілі. Кластер — бұл ақпаратты графикалық түрде жинақтау формасы, бұл жерде кілттік идеялардың арасындағы байланыс схема түрінде көрсетіледі. Оқушылар топтарға бөлініп, ақ қағазға «Тригонометриялық теңсіздіктер жүйесін шешу » тақырыбы бойынша постер жасайды. Постерде төмендегі жағдайлар көрсетілуі тиіс Дескрипторлар:
Күтілетін нәтеже: Оқушылар тригонометриялық теңсіздіктер жүйесін шешудің алгоритмін білетін болады. | Слайд 14 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2-ші сабақ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Квадраттық теңсіздікке келтірілетін тригонометриялық теңсіздіктерді шешу. Егер тригонометриялық теңсіздік квадраттық теңсіздікке келтірілетін болса, онда оны жаңа айнымалы енгізу арқылы шешуге болады. | Слайд 15 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Проблемалық тапсырма Жұптық жұмыс 10 мин | Тақырыпқа шығу мақсатында оқушыларға келесі тапсырма ұсынылады, сұрақтар қойылады: Оқушылар жұпқа бөлініп, келесі тапсырмаларды орындайды
Бағыттауыш сұрақтар:
Жауабы:
Тақырыпқа шығу. Квадраттық теңсіздікке келтірілетін тригонометриялық теңсіздікті қалайша шешуге болады? Берілген теңсіздікті жаңа айнымалы енгізіп шешеміз. Алынған теңсіздіктің жауабын қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерге немесе теңсіздіктер жүйесіне әкелеміз. Оқушылар сабақ мақсатын өздері қорытып шығарады | Слайд 16 Слайд 17-18 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жұптық жұмыс 13 мин | Практикалық тапсырма Келесі теңсіздіктерді шешіңдер
Жауабы: Күтілетін нәтеже: Оқушылардың квадраттық теңсіздікке келтірілетін тригонометриляық теңсіздікті шешеді | Слайд 19 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бір-бірін бағалау 10 мин | Оқушылар жұпта бір-бірін келесі бағалау схемасы бойынша бағалайды: Бағалау схемасы:
Күтілетін нәтеже: Оқушылар жұпта жинаған баллдар бойынша өз қателіктерін түсінеді. Өз жұмысына рефлексия жасайды. | Слайд 20 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Өздік жұмысы 10 мин | Келесі тригонометриялық теңсіздікті шешіңдер Дескрипторлар:
Күтілетін нәтиже: Нәтежесінде оқушылар квадраттық теңсіздікке келтірілетін тригонометриялық теңсіздікті шешу дағдысы бағаланады. | Слайд 21 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2минут | Кері байланыс:
Немен жұмысты жалғастыру қажет?
Үй жұмысы: Теңсіздіктерді шешіңіз:
| Слайд -22 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып, деңгейлік тапсырмалар және қосымша тапсырмалар құрастырылды. | Құрастырылған критерийлер бойынша , марк схемалар бойыша бірін бірі, өз-өздерін тексереді. Топтар бір-бірін бағалайды. | Сабақ барысында жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін тренинг өткізіледі.Белсенді оқыту әдістері қолданды. Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтын әр кезені бойынша оқушылар мен кері байланыс орнатып отырдым, сұрақ жауап арқылы, формалдық бағалау арқылы.
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:Марк схема бойынша тексеру дескрипторлары 2:Әр тапсырма соңындағы рефлексия моменттері Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: INSERT техникасы бойынша оқушылардың жоспарлау дағдыларын әрі қарай дамыту. 2: Оқушылардың жеке тұлға ерекшеліктеріне сәйкес тапсырамларды тағы бір сатыға дифференциалдау. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- Шыныбеков, Ә.Н. Алгебра және анализ бастамалары. Алматы «Атамұра» 2011
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру