Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді бірлік шеңбер көмегімен шешу. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Сабақты жоспарлаудан бұрын орта мерзімді жоспарды қараңыз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгі негізінде әзірлеуге болады.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер

Мектеп: Көкшетау қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді бірлік шеңбер көмегімен шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.3.9 - қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар сабақтың сонында тригонометриялық теңсіздіктердің түрін анықтайды және оларды тригонометриялық шеңбердің көмегімен шеше алады;

 Бағалау критерийлері

  • Бірлік шеңбердің бойындағы бұрыштарды және сәйкес координаталарын көрсете алады;
  • Теңсіздікке сәйкес келетін аралықты анықтай алады;
  • Тригонометриялық функцияның периодтылығын түсініп, жауапты дұрыс жаза алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

тригонометриялық есептер шығару үшін графиктер мен жай теңдеулердің пысықталған мысалдарын пайдалана отырып, синус, косинус, тангенс туралы не білетіндігін талқылап, жаза алады.

Лексика мен терминология:

Бұрыш, синус, косинус, тангенс

арксинус, арккосинус, арктангенс

тригонометриялық тепе-теңдік, алмастыру.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

– Синус/косинус/тангенс ..... үшін пайдаланылады.

Бұрыштың синусы/косинусы/тангенсы .... тең.

Бұл график синус/косинус/тангенстың мәнін көрсетеді.

Бұл мысалда/үшбұрышта ..... берілген, осылайша синус/косинус/тангенс ережесін қолданып, бізге .... есептеу қажет.

sin x>a теңсіздігін жазу.

.... көрсету үшін тиісті тригонометриялық алмастыруларды пайдалану.

Теңсіздіктің шешімінің негізгі мәнін табу... .

Глоссарий үш тілде беріледі

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

  • құрмет көрсету;
  • ынтымақтастық;
  • азаматтық жауапкершілік;
  • айқындық

 Пәнаралық

 байланыстар

Физика – гармоникалық тербелестер

 АКТ қолдану

  дағдылары

Geogebra бағдарламасында графиктерді салу

презентация

Бастапқы білім

Тригонометриялық теңдеулерді шешу тәсілдерін біліп, оны осы тақырыпта қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Сабақтың басында мұғалім мен оқушылар амандасады. Мұғалім оқушылардың зейінін шоғырландыруға арналған тапсырма береді, мысалы:

Оқушылардың алдарында бір парақ қағазбен қалам болсын. Енді олардың назарын тек бір ғана (онша үлкен емес) нәрсеге аударыңыз. 1-2 минут ішінде тек сол нәрсеге ғана қарап, сол туралы ойлау керек деңіз. Ал ойы басқаға кетіп қалған сайын , қағазға белгі қойып отырсын. Осылай 1-3 рет істеуге уақыт берініз. Уақыт біткеннен кейін, әр оқушы неше рет белгі қойғанын санасын. Содан кейін мұғалім оқушылармен бірге сабақтын мақсатын анықтап, күтілу нәтижелерін талқылайды. Осылай оқушы-оқушы, мұғалім-оқушы арасында қарым-қатынас, ынтымақсаттық, сыйластық туады.

Сабақтың ортасы

7 минут

15 минут

15 минут

3 минут

  • Білімді шоғырландыру

Презентация -1 (ауызша жұмыс):

Тапсырманың мақсаты: өткен тақырыпты қайталау, өз білімдерін бүгінгі таңға бағалау.

Құндылықтарды дарыту: осы іс-әрекет бір бірін тындау, құрмет көрсету және өзін де құрметтеуді, өз жауапкершілігін дамытуға арналған.

  • Жаңа тақырыпты менгеру
  • Презентация – 2 бойынша тақырыпты түсіндіру.

Мұғалім:

«Тригонометриялық теңсіздіктерді бірлік шеңбердің көмегімен және графикалық тәсілмен шығаруға болады. Бүгін біз бірлік шеңберді қарастырып, оның көмегімен теңсіздіктерді шешу мысалдарын қарастырамыз. Презентацияның бір талданған есебін дәптеріне жазып алғандарыңыз дұрыс болады. Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктердің түрлері»:

Презентациямен жұмыс істегенде, оқушылардың белсенділігін, слайдтарға сәйкес келетін сұрақтар қойып, дамытыныз, мысалы:

  • Синус – ол бірлік шеңбердің бойындағы нүктенін қандай координатасы?
  • Косинус ше?
  • Тангенстер сызығы дегеніміз не? Ол қалай өтеді?
  • Котангенстер ше?
  • 30 градустың синусы, косинусы, тангенсі, котангенсі неге тең?
  • 60 градусдікі, 45? .....т.б.
  • Жұптық жұмыс (тапсырмалар мен жауаптары қосымша бетте)

Үш денгейлі тапсырмалар

Мақсаты: жаңа тақырып бойынша есептер шығару. Әр оқушы А денгейінен бастайды. Бұл іс-әрекетті жеке жұмыс деп санауға болады: оқушы өзі шығарып, жұпта тек қана салыстырсын, тексерсін.

  • Жеке жұмыс

Сабақтың бұл кезеңінде үлгерімі төменірек оқушыларға көмек беру керек, өйткені қалған оқушылар тригонометриялық теңдеулердің шығару жолдарын түсінсе, теңсіздіктерді де түсінеді.

III.Сабақтың қорытындысы

Оқушылардың сұрақтарына жауап беру, әр оқушының осы сабақтағы іс-әрекетін бағалау

Мұғалім әр оқушыға немесе оқушылардың бірнешеуіне сөзбен алғысын айтады: «.......сіздер бүгін белседі қатыстындар, өте жақсы! Рахмет сіздерге! Кейбір оқушыларға бүгін қосымша сабаққа келу керек. Кім өзіне қосымша керек деп ойлайды, яғни түсінбеген жерлері бар, соларды сағат....тосамын.»

IV Үй жұмысы:

Теңсіздіктерді шешіңіз:

Презентациялар

Оқулықтар:

Н.Я.Виленкин. Алгебра и начала математического анализа. 10 класс

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия: оқушылар жазбаша жауап береді

Жаңа тақырыпқа қандай білімдеріңіз өткен тақырыптан жеткілікті болмады?

Қалай ойлайсыздар: басқа тәсілмен осындай теңсіздіктерді шығаруға бола ма?

Сізге қосымша сабақ қажет бе?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жеке жұмыс барысында үлгерімі төменірек оқушыларға көмек көрсету, олардың іс-әрекетін бағыттау;

Қабілеті жоғары оқушыларға үш деңгейлі тапсырмалар дайындалған және қосымша қиықшалар дайын болу керек: олардағы есептер қиынырақ, зерттеуге арналған болсын. Және мұндай есептер үй жұмысына беруге болады.

Жұптық жұмыстың бағалауы қосымша бетте жазылып тұр;

Бұл тақырып бойынша бірінші сабақ болғандықтан, бағалау мұғаліммен ауызша жүргізіледі

Денсаулықсақтаутехнологиялары.

Сергітусәттеріменбелсендііс-әрекеттүрлері.

ОсысабақтақолданылатынҚауіпсіздіктехникасыережелерініңтармақтары

Сабақ белсенді іс-әрекеттен басталады.

Интерактивті тақта 15-20 минут қолданылады

Сабақбойыншарефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу