Мәтінді есептерді шығару. Алгебра, 9 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
Бағалау критерийлері
-Шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның ортақ еселігін есептейді;
-Шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысының формуласын қолданады.
Тапсырма 1:
Геометриялық прогрессияның барлық мүшелерінің қосындысын табыңыз: 1;
- Кескінделген шаршының ауданы неге тең?
- Суретті пайдалана отырып осы прогрессияның барлық мүшелерінің қосындысы жайлы не айтасыз?
- қосындының формуласын пайдаланып қосындыны есептеңіз.
- n болғанда, нешеге ұмтылады?
- Қорытынды:
Тапсырма 2:
Бос орындарды толтырыңыз:
Шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын шығарыңыз:
|
формуласын пайдаланаңыз. |
болғанда болғанда |
Тапсырма 3:
Шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысын табыңыз: 12; 4; …
Тапсырма 4:
Қабырғасы 4 см болатын шаршы берілген. Оның қабырғаларының орталары екінші шаршының төбелері болып табылады, екінші шаршының орталары үшінші шаршының төбелері және т.с.с. Барлық шаршылардың аудандарының қосындысын табыңыз.
Бағалау критерийлері
-Арифметикалық прогрессияның формулаларын біледі;
-Геометриялық прогрессияның формулаларын біледі;
-Есеп шартына қарай қай прогрессияны қолдану керектігін біледі;
-Мәтіндік есептерде прогрессияны дұрыс қолданады.
Арифметикалық және геометриялық прогрессияларларға мәтін есептер шығару.
- Еркін түсетін дене бірінші секундта 4,9 м жол жүріп, әрбір келесі секундтарда алдыңғысынан 9,8м артық жүрген.
а) дене қозғалыс бастағаннан кейінгі жетінші секундта қанша жол жүреді?
б) 7 секунд ішінде қанша метр жол жүреді?
в) 1960 м биіктіктен неше секундта түседі?
- Қабырғаларының ұзындықтары бүтін сандар болатын үшбұрыштың периметрі 24 см-ге тең. Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары арифметикалық прогрессия құрайтын болса, үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарын табыңыздар.
- Трапеция табандары 26 см және 11 см. Трапецияның бүйір қабырғалары тең 10 бөлікке бөлініп, бөлу нүктелері арқылы трапеция табандарына параллель түзулер жұргізілген. Трапецияның бүйір қабырғалары арасындағы параллель кесінділердің ұзындықтарын табыңдар.
- Доғал үшбұрыштың қабырғалары айырымы 5-ке тең арифметикалық прогрессия құрайтын бүтін сандар. Осы үшбұрыштың кіші қабырғасының ең үлкен мәнін табыңдар.
- Жинақ банкісіне 10% жылдық өсіммен 10 000 теңге салынған болса, төрт жылдан кейін ол қанша теңге болады?
- Орман тәжірибе алқабында ағаш сүресінің бір жылдық өсімі 10%. Ағаш сүресінің алғашқы мөлшері болса, 6 жылдан кейін алаңдағы ағаш сүресінің мөлшері қандай болады?
- Қабырғасы 4 см шаршының қабырғаларының орталары екінші шаршының төбелері, ал екінші шаршы қабырғаларының орталары үшінші шаршының төбелері, т.т. Осы шаршылар аудандарының геометриялық прогрессия құрай ма? 7-ші шаршы ауданын табыңыздар.
- Жабдықтың бастапқы құны 100 000 теңге, оның құны әр жылы 5%-ға кемитін болса, төрт жыл өткенде оның құны қандай болады?
- Тікбұрышты үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары арифметикалық прогрессия мүшелері болса, прогрессия айырымы үшбұрыш ішінде сызылған шеңбер радиусына тең болатынын дәлелдеңдер.
- Ағаш көшесінің биіктігі 1,3 м. Келесі жылы оның биіктігі 70%-ға өседі, содан кейінгі жылда да алдыңғы жылдағының 70%-ына өссе, ағаштың биіктігі қандай болады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру