Шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысы. Алгебра, 9 сынып, презентация.
Шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысы
Оқу мақсаты:
9.2.3.9 шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын қорытып шығарады және есептер шығаруда қолданады;
9.2.3.10 шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын периодты ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде көрсету үшін қолданады;
Бағалау критерийлері:
- шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын қорытып шығарады және есептер шығаруда қолданады;
- шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын периодты ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде көрсету үшін қолданады;
Тапсырма 2: Бос орындарды толтырыңыз:
Тапсырма 4:
Қабырғасы 4 см болатын шаршы берілген. Оның қабырғаларының орталары екінші шаршының төбелері болып табылады, екінші шаршының орталары үшінші шаршының төбелері және т.с.с. Барлық шаршылардың аудандарының қосындысын табыңыз.
Тапсырма 5:
Қосындыны табыңыз:
S =0,9+0,09+0,009+0,0009+…
Бұл қосындыдағы қосылғыштар нені білдіреді?
Бұл қай прогрессия?
q-ді табыңыз.
S-ті табыңыз
Тапсырма 6:
0,(3) шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке келтіріңіз.
Қалай ойлайсыз, 0,(3) санымен не істеуге болады?
(0,(3) санын разрядтық қосылғыштар қосындысы түрінде жазу қажет:0,(3)=0,3+0,03+0,003+0,0003+…)
Бекіту үшін тапсырма ұсыныңыз, мысалы:
Тапсырма 7:
0,(15) шексіз периодты ондық бөлшегін жай бөлшек түрінде жазыңыз.
5,(6) шексіз периодты ондық бөлшегін жай бөлшек түрінде жазыңыз.
Сыныппен жұмыс
РЕФЛЕКСИЯ
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім ?
- немен жұмысты жалғастыру қажет ?
Үй жұмысы:
Оқулықтан Математика 9 сынып 2 бөлім. 39-46 беттегі қалған есептерді шығарыңыз.Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру