Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты- тегі:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.2

екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешеді

Сабақ мақсаттары

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін алматыру тәсілімен шешеді

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

– екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесінің анықтамасын біледі;

– екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу тәсілдерімен танысады;

– екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін алмастыр тәсілімен шешеді;

– екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілін шешу алгоритмін қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- екі айнымалысы бар сызықты емес теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешуді ауызша және жазбаша сипаттайды;

- екі айнымалысы бар сызықты емес теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешуді түсіндіреді;

- екі айнымалысы бар сызықты емес теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешуді талдай біледі.

Лексика және терминология, тақырыпқа қатысты сөздік:

- теңдеулер жүйесі, теңдеулер жүйесін шешу;

- бір айнымалы екінші айнымалы арқылы өрнектеу;

- алмастыру әдісі, қосу;

- графикалық әдіс;

- екі айнымалының мәндер жұбы;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу/ мен шештім ...;

Құндылықтарды дарыту

Жұптық тапсырмаларды орындағанда ынтымақтастықты, өзара жауапкершілікті және өзара құрмет құндылықтарын дамыту, оқушылар арасында коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру.

Жаһандық азаматтылыққа тәрбиелеу

Тақырыптың өмірмен байланысын теориялық материалды талқылағанда мысалдар арқылы түсіндіру.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану.

Бастапқы білім

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу, қысқаша көбейту формулалары, Виет теоремасы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • 3 мин
  • 10 мин

Сабақтың ортасы

23 мин

2 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу. Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын, мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау. Дескрипторлармен таңысу.

Дескрипторлар

+/-

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесінің анықтамасын біледі.

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешуге алмастыр тәсілін шешу алгоритмін қолданады.

1 мысал

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешеді

2 мысал

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешеді

Дескрипторлар (ұжымдық және жұптық жұмыстағы есептерге)

1 есеп

2 есеп

3 есеп

1) жүйедегі теңдеулердің бірін бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы алмастырады

2) бір айнымалысы бар теңдеуді алу үшін алынған өрнекті екінші теңдеуге қояды

3) шыққан бір айнымалысы бар теңдеуді шешеді

4) алмастыруы қолданып, екінші айнымалының сәйкес мәнін табады

5) жүйенің жауабы айнымалының сандық мәндерінің жұбы түрінде жазылады

Француз жазушысы Анатоль Франс былай деп жазды: «Білімді қорыту үшін сіз оларды аппетитпен жұтуыңыз керек». Жазушының кеңесіне құлақ салып, сабақ үстінде белсенді, мұқият боламыз. Білімді зор ниетпен сіңіреміз, өйткені олар сізге жақын арада пайдалы болады. Теңдеулер жүйесін шешу мүмкіндігі мәтінді есептерді кеңінен шешуге айтарлықтай мүмкіндік береді және бізде келесі міндет тұр: теңдеулер жүйесін шешу жолдарын қайталау, алынған білімді өз бетінше қолдану.

2. Өткен білімді жаңғырта отырып, жаңа сабақы меңгеру.

Проблемалық сұрақ қойыңыз:

1) Сызықтық емес теңдеулер жүйесі дегеніміз не?

2) Сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері қандай?

3) Теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу алгоритмін тұжырымдаңыз.

4) Теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілмен шығарыңыз:

Оқушылар қойылған сұраққа өз жауаптарын ұсынады.

Анықтама.

Теңдеулер жүйесін шешудің негізгі тәсілдері

  • Алмастыру тәсілі
  • Алгебралық қосу тәсілі
  • Графиктік тәсілі

Теңдеулер жүйесін шешудің негізгі жолдары

  • Қысқаша көбейту формулаларын қолдану, Виет теоремасын қолдану және т.с.с.
  • Теңдеулер жүйесін мүшелеп қосу және азайту, мүшелеп көбейту және бөлу
  • Жаңа айнымалыны енгізу

Теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу алгоритмі

1) жүйедегі теңдеулердің бірінде бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы алмастырады;

2) бір айнымалысы бар теңдеуді алу үшін алынған өрнекті екінші теңдеуге қояды;

3) шыққан бір айнымалысы бар теңдеуді шешеді;

4) алмастыруы қолданып, екінші айнымалының сәйкес мәнін табады;

5) жүйенің жауабы айнымалының сандық мәндерінің жұбы түрінде жазылады.

Төменгі сыныптарда екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен алгоритмін қолданып шешкен болатынбыз.

1 мысал. Теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілмен шығарыңыз:

Жауабы: (5; 6)

2 мысал. Теңдеулер жүйесін шешіңдер: Жауабы: (7; 5), (5; 7)

3. Жаңа сабақы бекіту. Есептер шығару.

Ұжымдық жұмыс.

1 есеп. Теңдеулер жүйесін шешіңдер:

Жауабы: (1; -3), (-3; 5)

2 есеп. Теңдеулер жүйесін шешіңдер: Жауабы: ( 1; 6), (6; 1).

Жұптық жұмыс.

3 есеп. Теңдеулер жүйесін шешіңдер: Жауабы: (3; 5), (5; 3)

Әр есепті шығару барысында дескрипторларға тоқталып отыру керек.

4. Дескрипторлармен жұмыс.

Дескрипторлар (ұжымдық және жұптық жұмыстағы есептерге)

1 есеп

2 есеп

3 есеп

1) жүйедегі теңдеулердің бірін бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы алмастырады

2) бір айнымалысы бар теңдеуді алу үшін алынған өрнекті екінші теңдеуге қояды

3) шыққан бір айнымалысы бар теңдеуді шешеді

4) алмастыруы қолданып, екінші айнымалының сәйкес мәнін табады

5) жүйенің жауабы айнымалының сандық мәндерінің жұбы түрінде жазылады

Презентация

 

Сабақтың соңы

1 мин

1 мин

5. Үй тапсырмасы.

1 есеп. Теңдеулер жүйесін шешіңдер:

2 есеп. Теңдеулер жүйесін шешіңдер:

6. Сабақты қорытындылау. Рефлексия

«Жаңалық» стратегиясы

Менде жаңалық бар! Бірінші рет білдім …….

Менде жаңалық бар! Енді мен істей аламын

Менде жаңалық бар! Менің алғаш рет қолымнан келді …..

Менде жаңалық бар! Енді мен білемін, болады.

Менде жаңалық бар! Мен білемін, не үшін ….. маған қажет

Шыныбеков Н.Ә, Алгебра, 9 сынып, Алматы, 2005 ж

№88 (3),№ 92 (3)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сараптау ұжымдық, жеке, жұптық жұмыс кезінде жүргізеге асатын болады. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі.

Материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін оқытушылар жеке, жұптық жұмыстар орындайды, Жұмыстар өзін-өзі бағалау, өзара бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Сабақ басында оқушыларға жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасы таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу