Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A бөлім: Квадраттық функция | Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: Сынып: 8 Сабақ 5 |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Квадраттық функция және оның графигі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Алған білімді қолдану сабағы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.1.3 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін біледі және графигін салады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін және графигін есептер шығаруда қолданады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар квадраттық функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды, қасиеттерін айта алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алуға бейімдеу, дұрыс шешім қабылдау, қоғамдық өмірге қатысу, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру. Құндылықтарды дарыту жұптық, топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Квадраттық функцияның физикада қолдануы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Desmos бағдарламасы көмегімен функциялардың графиктерін салады және сипаттайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Квадраттық функция графигін қалай салу керектігін біледі, оның қасиеттерін анықтай алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 6 мин 7 мин | Ұйымдастыру бөлімі Амандасу. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару. Теорияны қайталау Оқушылар жұпқа бөлінеді немесе көршілерімен бірігіп отырып орындайды. Оларға анықтамалардың бір бөлігі жазылған кесте беріледі, олар анықтаманың қалған бөлігін кестенің бірінші бағанына жазып, сәйкестендіреді. Кейін басқа жұппен жауаптарын салыстырып, талқылайды. Келіспеушілік туған жағдайда мұғалімнен көмек сұрауға болады. Екі жұптың жауаптарының қорытындысын мұғалімге көрсетеді.
Білімді жаңғырту Оқушылар өздіктерінен төмендегі тапсырмаларды орындайды, жауапты алдыңғы тапсырманы бірге орындаған жұбының жауабымен салыстырып, қателерін талқылайды. Тапсырма: Берілген функциялардың ішінен квадраттық функцияларды анықтап, парабола төбесінің координатасын табыңыз.
| 1,2 слайдтар Қосымша 1 Қосымша 2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 2 мин | Сағат тілімен кездесу Оқушыларға төмендегідей карточка таратылады, оларға сыныпты аралап жүріп, әр сағаттың тұсына сол уақытта бос бір оқушының атын жазу ұсынылады. Ол үшін мынадай сұрақ қояды: Сені сағат 12-ге кездесуге жазып қойсам деп едім, осы сағатта боссың ба? Осылайша 4 сағаттың тұсына 4 оқушының атын жазып болған соң мұғалім айтқан уақытта оқушылар қағазда аты жазылған оқушымен жұпқа бірігіп тақтада берілен тапсырманы орындайды. Әрбір тапсырманы орындауға 2 минут уақыт беріледі. Әрбір тапсырмаға берілген уақыт аяқталғанда оқушылар 1 минут ішінде Desmos бағдарламасы көмегімен графиктің дұрыс салынуын тексереді, жауапты талқылайды, өздерінің қате кеткен тұстарына комментарий жазады. | Қосымша 3 3 слайд ноутбуктер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
12 мин 15 мин | 3.00 Функцияның графигін салыңыз: , симметрия осінің теңдеуін жазыңыз. 6.00 функцияны түріне келтіріп, графигін салыңыз, функция нөлдерін табыңыз. 9.00 функцияның графигін салыңыз, таңбатұрақтылық аралығын жазыңыз. 12.00 функцияны түріне келтіріңіз, графигін салыңыз, өсу, кему аралығын жазыңыз. Жеке жұмыс Оқушылар мұғалім алдынан 1 тапсырмадан алып, өздіктерінен орындап, жауапты мұғалімге немесе бұрын шығарып болған оқушыға тексертіп, келесі тапсырмаға көшеді.
| 4-7 слайдтар Қосымша 4 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия Оқушылар төмендегі сөйлемдерді ауызша толықтырады. Есіме түсті ……………………………….. Қиындықтар туындады …………….. Білгім келеді ………………………... Қолымнан келді ……………………………… Қалап едім …………………………. Үй жұмысы Төменде берілен функциялардың графиктерін салып, анықталу облысы, мәндер жиыны, ең үлкен және ең кіші мәндерін, функцияның нөлдерін табыңыз.
| 8 слайд 9 слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау сабаққа тапсырманы дайындағанда жүргізілді. Қабілеті жоғары оқушылар басқа сыныптастарына көмектеседі. | Сабақта өзара және өзін-өзі бағалау жүргізіледі. | Сынып бөлмесі желдетіледі. Қажет болған жағдайда сергіту сәті орындалады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру