Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар | |||||||||||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A бөлім: Квадраттық функция | Мектеп: | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||
Сынып: 8 Сабақ 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Квадраттық функция және оның графигі | ||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа материалды меңгеру | ||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.1.2 түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу | ||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Әртүрлі әдіспен берілген квадрат функцияның графигін салу. Графиктерді түрлендірулерді орындау. | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар квадраттық функцияның графигін салудың негізгі қадамдарын және олардың қасиеттерін ауызша айтып береді. Пәндік лексика және терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| ||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық, бірлестік, жайдарлылық Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Геометрия, физикадан есептер шығару | ||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, Desmos немесе GeoGebra бағдарламалары | ||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар y = а(x – m)2 + n түріндегі функция графиктерін сала алады. | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1 мин 3 мин | Ұйымдастыру бөлімі Амандасу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Үй тапсырмасын тексеру Оқушылар көршілерімен дәптерлерін алмасады, «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын пайдаланып, дайын шешу үлгісі арқылы өзара бағалау жүргізеді. | Презентация 1-2 слайдтар | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 15 мин 10 мин 4 мин | Жаңа материалды меңгеру Мұғалім оқушыларға y=(x+1)2-4 функция графигін салуды ұсынады, оқушылар түрлендірулер жүргізіп, графикті салып болған соң тақтада математикалық бағдарлама арқылы салынған дұрыс жауабы көрсетіледі. Мұғалім оқушылармен диалог жүргізе отырып, y=(x+1)2-4 функциясының әрбір қасиетін қалай анықтауға болатынына тоқталады. 1. Парабола төбесі – (-1;-4) нүктесі 2. Парабола тармақтары жоғары бағытталған 3. Параболаның симметрия осі – x=-1 4. Функцияның анықталу облысы- 5. Функцияның мәндер жиыны- 6. Функцияның нөлдері: 1 және -3 7. Оу осімен қиылысуы – (0;-4) 8. Таңбатұрақтылық аралығы: -3< x < 1 болғанда y<0; x < -3 және x>1 болғанда y>0 9. Функцияның өсу, кему аралықтары:(-∞; -1]-кемиді, [-1; +∞)-өседі 10. Функцияның ең үлкен/ең кіші мәндері: ең кіші мәні -4-ке тең, ең үлкен мәні жоқ. Алғашқы бекіту Мұғалім түсіндіріп болған соң оқушыларды жұпқа бөліп, жұптың әрбір мүшесіне екі түрлі тапсырма береді. Оқушылар өз тапсырмаларын шығарады, бірдей тапсырма орындаған 3 оқушы топ құрайды, осы топта шығару барысын талқылайды, ортақ қорытынды шығарады, кейін өз жұбына барып шығару барысын түсіндіреді. №1 оқушы. Функция графигін салыңыз және қасиеттерін зерттеңіз. №2 оқушы. Функция графигін салыңыз және қасиеттерін зерттеңіз. Жеке жұмыс Оқушылар тапсырманы өздіктерінен орындайды. Тапсырма функциясының графигін салыңыз және төмендегі кестеге оның қасиеттерін жазыңыз:
Өзара бағалау Мұғалім оқушылардың жұмыстарын жинап алып, басқа ретпен үлестіреді, тақтада дұрыс жауаптар көрсетіледі. Оқушылар дескрипторларды пайдаланып өзара бағалау жүргізеді, комментарий қалдырады. Кейін жұмыстарды мұғалімге тапсырады. | 3 слайд Қосымша 1 Қосымша 2 4 слайд 5 слайд | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | Рефлексия Сынып бөлмесінің 3 бұрышына 3 түрлі парақтар жабыстырылады. Тақтада Рефлексия слайды көрсетіледі. Оқушылар өздері қалаған бұрышқа барып тұрады. Жасыл парақ: Мен бәрін түсіндім, басқаларға көмектесуге дайынмын Көк парақ: Мен тақырыпты түсіндім, бірақ қате жіберемін, басқаларға көмектесуге дайын емеспін Қызыл парақ: Мен тақырыпты жеткілікті түсінбедім, маған көмек қажет Үй тапсырмасы Функцияның графиктерін салып, қасиеттерін жазыңыз: | 6 слайд Қосымша 3 | |||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||
Мұғалім оқушыларға қолдау көрсетеді және оқушылар қабілеті жоғары оқушылардан көмек сұрай алады. | Үй тапсырмасын тексеру барысында және жеке жұмысын кезінде дайын үлгімен өзара бағалау жүзеге асады. Мұғалім оқушыларды сабақ бойы қадағалап, кері байланыс беріп отырады. | Сабақ барысында оқушылар іс-әрекет түрлерін өзгертіп отырады . | |||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?