Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A бөлім: Квадраттық функция

Мектеп:

Күні:

Сынып: 8

Сабақ 4

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Квадраттық функция және оның графигі

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгеру

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.3 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін біледі және графигін салады

Сабақтың мақсаты

Оқушылар түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін біледі және графигін салады.

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Квадраттық функцияның қасиеттерін біледі

Қолдану

Квадраттық функцияның графигін салады

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар квадраттық функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды, қасиеттерін айта алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • квадраттық функция;
  • парабола;
  • парабола төбесі, парабола тармақтары;
  • симметрия осі;
  • функцияның нөлдері;
  • квадрат екімүшелік;
  • дискриминант;
  • параллель көшіру;
  • графиктің симметриялы бейнесі;
  • х осіне сығу;
  • х осінен созу;
  • оңға/солға жылжыту.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • парабола тармақтары …бағытталған;
  • график Ох осінен… (жоғары, төмен) орналасқан;
  • квадраттық функция графигі Оу осін… (жоғарыдан, төменнен) қияды, өйткені с …0 (>,<);
  • берілген функцияның графигін … графигін екі рет параллель көшіру арқылы алуға болады: … бірлікке … х осі бойымен (оңға, солға) жылжыту және … бірлікке … у осі бойымен (жоғары, төмен) жылжыту ;
  • k>1 болғандағы у = kf(х) функциясының графигі y = f(x) функциясының графигін х осі бойымен k есе созу арқылы шығады;

0< k < 1 болғандағы у = kf(х) функциясының графигі y = f(x) функциясының графигін х осі бойымен есе сығу арқылы шығады.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алуға бейімдеу, дұрыс шешім қабылдау, қоғамдық өмірге қатысу, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру.

Құндылықтарды дарыту жұптық, топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Квадраттық функцияның физикада қолдануы

АКТ қолдану дағдылары

Desmos бағдарламасы көмегімен функциялардың графиктерін салады және сипаттайды.

Бастапқы білім

y = a(x – m)2 + n түріндегі функция графигін сала алады, оның қасиеттерін анықтай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу. Назарларын сабаққа аудару.

Ауызша тапсырма

Функция графиктерін салмай-ақ парабола төбесінің координаталарын жазыңыз:

5) 6)

Оқушылар тапсырманың жауаптары дәптерлеріне жазады. Кейін көршісімен дәптерлерін алмастырып, тақтадағы дұрыс жауап арқылы тексереді.

1,2 слайдтар

3 слайд

Сабақтың ортасы

10 мин

20 мин

5 мин

Білімді жаңғырту

Оқушылар 4 оқушыдан топтарға бөлінеді. Оларға

функция графигі бейнеленген кесте таратылады, топта талқылай отырып кестені толтырады. Кейін мұғалім кез келген топтан кез келген оқушысынан кез келген пунктті сұрау арқылы тексеру жүргізеді. Оқушы тек жай ғана жауапты айтып қоймай, неліктен олай ойлайтынын түсіндіруі керек.

Жаңа материалды меңгеру

Оқушылар алдыңғы кезеңде бөлінген топтарында қала береді. Мұғалім топтың әрбір мүшесіне теориялық материалдың бөліктерін ұсынады. Оқушылар осы материалды оқып, топ мүшелеріне түсіндіруі керек. Алдымен №1 парақ оқыған оқушы түсіндіреді, кейін №2, №3, №4. Барлығы түсіндіріп болған соң оқушылар ортақ қорытынды шығарады. Кейін берілген тақтада берілген мысалды бірге талқылау арқылы орындайды.

1-мысалды негізге ала отырып, ункция графигін салыңыз.

Жеке тапсырма

Оқушылар өздіктерінен орындайды, жауапты қабырғада ілініп тұрған жауаппен тексереді.

функциясы үшін:

а) парабола төбесінің координатасын және симметрия осінің теңдеуін;

б) функция нөлдерін;

в) ордината осімен қиылысу нүктесін табыңыз.

Функция графигін салыңыз.

Қосымша 1

Қосымша 2

4 слайд

5 слайд

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия

Оқушыларға кестені толтыруды ұсыну

%

Себебі

Тақырыпты қаншалықты меңгердіңіз?

Өзіңіздің жұмысыңызды қаншалықты бағалайсыз?

Үй тапсырмасы

Берілген

функциялары үшін:

а) парабола төбесінің координатасын және симметрия осінің теңдеуін;

б) функция нөлдерін;

в) ордината осімен қиылысу нүктелерін табыңыз.

Функция графигін салыңыз.

Қосымша 3

6 слайд

Қосымша 4

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар басқа сыныптасытарына жаңа материалды меңгеру кезінде көмектеседі.

Сабақта өзара және өзін-өзі бағалау жүргізіледі.

Сынып бөлмесі желдетіледі. Қажет болған жағдайда сергіту сәті орындалады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу