Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A бөлім: Квадраттық функция | Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||
Күні: Сынып: 8 Сабақ 5 |
| |||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Квадраттық функция және оның графигі | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Білімді кешенді қолдану сабағы | |||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.1.3 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін біледі және графигін салады | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін және графигін есептер шығаруда қолданады. | |||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар квадраттық функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды, қасиеттерін айта алады, қойылған сұрақтың жауабын табу үшін нені білу керектігін талқылайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алуға бейімдеу, дұрыс шешім қабылдау, қоғамдық өмірге қатысу, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру. Құндылықтарды дарыту жұптық, топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады. | |||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Квадраттық функцияның физикада қолдануы | |||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Desmos (https://www.desmos.com/calculator) немесе Geogebra (https://www.geogebra.org/graphing) бағдарламаларында графиктерді салу | |||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Квадраттық функция графигін қалай салу керектігін біледі, оның қасиеттерін анықтай алады. | |||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин 5 мин 3 мин | Амандасу. Жағымды психологиялық орта құру: «Атомдар мен молекулалар» ойыны. Ойынға қатысушылар сыныпта еркін қозғалады, бқл кезде олар «атомдар». Егер мұғалім «Реакция үштен жүріп жатыр!» десе, оқушылар үштен топ құрайды. Егер: «Реакция бітті» десе оқушылар қайтадан еркін жүреді. Ойыннан соң оқушылар үш-үштен топтарға бөлінеді. Білімді жаңғырту Топ оқушылары сәйкестендіруді орындайды. Кесте қиылып беріледі, оқушылар функция қасиеттері мен графигін сәйкестендіру керек:
Слайдта көрсетілген жауаппен тексеру. Оқушылар өздерінің жұмыстарын дескрипторлар арқылы бағалайды. Дескрипторлар:
| Презентация 1 слайд Қосымша 1 4 слайд | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 5 мин 15 мин 5 мин | Мұғалім оқушыларға квадраттық функция графигін салуға дескрипторлар құрастыруын ұсынады. Топтың әрбір мүшесі 3 дескриптордан жазады. Кейін топта дескриптор құрастырады. Сосын демкрипторлар сыныпта талқыланады. Соңғы нұсқа тақтада көрсетіледі: Дескрипторлар: - Тармақтарының бағатын анықтайды - Төбесінің координаталарын анықтап, координаталық жазықтықта бейнелейді - Симметрия осін жүргізеді - Функцияның нөлдерін анықтап, координаталық жазықтықта белгілейді - Координаталық жазықтықта графиктің Оу осімен қиылысу нүктесін анықтап, белгілейді - Параболаның симметрия осіне қатысты Оу осімен қиылысу нүктесіне симметриялы нүктені салады - Функция графигін салады Оқушылар төмендегі функциялардың біреуінің графигін салады: Өзара тексеру: оқушылар сағат тілі бойымен Geogebra бағдарламасын пайдаланып тексереді және дескрипторлар арқылы бағалайды. Жеке жұмыс Оқушылар өздіктерінен орындайды. А деңгейі (қарапайым) 1. Параболаның төбесінің коордианаталарын табыңыз . 2. а) Функцияның графигін салыңыз б) Графикті қолдана отырып, келесі мәліметтерді табыңыз:
В деңгейі (орта) 1. параболаны 3 бірлікке солға және 5 бірлікке жоғары қарай жылжытқан. Нәтижесінде шыққан функцияның формуласын жазыңыз 2. а) Функцияның графигін салыңыз б) График бойынша келесі мәліметтерді табыңыз:
С деңгейі (күрделі) 1. b және с –ның қандай мәндерінде параболаның төбесінің координаталары A(-2,-1) болады. 2. а) функцияның графигін салыңыз б) Табыңыз:
Орындап болған соң оқушылар деңгейлері бойынша топтарға бірігіп, өз нәтижелерін тексереді. Келіспеушілік туған кезде Geogebra бағдарламасын пайдаланады. Оқушылар өз шешімдерін басқа түсті қаламмен толықтара алады. Кейін мұғалім оқушыларға дескрипторлар таратады, олар сол арқылы өздерін бағалайды. | 5 слайд 6 слайд Ноутбуктер Қосымша 2 | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 4 мин 1 мин | Қорытындылау Оқушылар «Квадраттық функция» ұғымына неғұрлым көбірек ассоциация айту керек. Мұғалім тақтаға жазады. Осы ассоцаһиацияларды пайдаланып мұғалім сабақты қорытындылайды. Үй тапсырмасы Өткен сабақтағы үй тапсырмасынан орындамаған 3 тапсырманы орындайды. | 7 слайд Өткен сабақтағы Қосымша 3 | ||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||
Материалды меңгеру кезінде қиындық туындаған оқушыларға жеке көмектесу. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай тапсырмаларды саралау. | Дескриптор арқылы өзара және өзін-өзі бағалау. | Іс-әрекет түрлері өзгеріп отырады. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру