Мәтіндік есептер шығару. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

8.3А Квадрат теңдеулер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Мәтіндік есептер шығару

Cабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 8.4.2.2 бөлшек рационал теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығару;

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

  •  бөлшек рационал теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығарады.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • есеп шартын сауатты жаза алса;
  • есеп шартын пайдаланып бөлшек рационал теңдеуді дұрыс құрса;
  • бөлшек рационал теңдеуді дұрыс шешімін тапса;
  • есеп жауабын дұрыс жазса

оқу мақсатына жетеді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Мәтіндік есептің шешулер саны туралы талдау жүргізеді; бағалау жайлы ой-толғаулар жүргізеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

квадрат теңдеу;

квадрат теңдеудің түбірі;

квадрат теңдеу түбірлерінің жалпы формуласы;

квадрат теңдеудің екінші жұп коэффициенті формуласы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

берілген квадрат теңдеудің түбірі ....

есеп шарты бойынша ...

есеп мағынасы бойынша ....

 Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту берілген сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану.

 Пәнаралық байланыстар

Физикамен байланысы берілген биіктіктен құлаған дененің уақытын табу жайлы қолданбалы есепте жүзеге асады.

Бастапқы білім

Бөлшек рационал теңдеу анықтамасы, бөлшек рационал теңдеуді шешу алгоритмі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

а) Сабақ тақырыбын, оқу мақсатын және бағалау критериін анықтау.

Мұғалім оқу мақсатын және бағалау критериін көрсетеді.

б) ) Үй тапсырмасын тексеру барысында «Қарандашпен белгілеп отыру» әдісін қолданыңыз.

Оқушылар үй тапсырмасын талдау барысында дәптер шетіне «Ж» - жеңіл, «Қ»- қиын, «К»- күмәнденемін белгілерін қойып шығуды сұраңыз. Бұл белгілеулер арқылы мұғалім сабақ басталғанға дейін проблемаларды көруге мүмкіндік алады, ал оқушылар өз жұмыстарын рефлексиялайды, жіберілген қателіктер болса, оларды шешу жолдарын қарастырады. Ары қарай сабақ барысы анықталған проблемаларды шешуге бағытталады.

Презентация

Слайд 1-4

Сабақ ортасы

4-38

Бұл сабақта қоспа мен бірлескен жұмысқа есептер шығарылады. Мұғалім 1 және 2 мысалдармен проблемалық әңгіме жүргізеді.

Мысал 1: Құрамында 100 кг цинкі бар мыс пен цинк қоспасына 20 кг цинк қосты. Нәтижесінде қоспадағы мыс 25 % ға кеміді. Қоспаның бастапқы массасы қандай?

Айталық х кг - қоспаның алғашқы массасы, онда

кг – мыстың қоспадағы массасы

- қоспа массасын мыс құрайды.

кг - 20 кг цинк қосқаннан кейінгі аңа қоспаның массасы

- мыс жаңа қоспа бөлігін құрайды.

Шарт бойынша мыстың құрамы 25% төмендеді. Яғни,

Осыдан

Теңдеуді шешіп, оның екі түбірін табамыз: .

Екі түбір де шартты қанағаттандырады.

Жауабы: 20 кг немесе 40 кг.

Мысал 2: Қолжазбаны қайта басып шығаруға бірінші машинист жеке жұмыс істеп, екіншісінен 3 сағатқа аз уақыт жұмсар еді. Бір уақытта жұмыс істей отырып, олар барлық қолжазбаларды 6 сағат 40 минутта аяқтады. Олардың әрқайсысы барлық қолжазбаны басып шығаруға қанша уақыт қажет еді?

Шешуі:

Қолжазбаны басып шығаратын жұмысты бір деп алайық. х сағат - бірінші терушінің қолжазбаны басып шығаратын уақыты, онда сағат - екінші терушінің қолжазбаны басып шығаратын уақыты.

- бірінші терушінің 1 сағатта орындайтын жұмыс бөлігі.

- екінші терушінің 1 сағатта орындайтын жұмыс бөлігі.

.

- екі терушінің 1 сағатта бірлесіп орындайтын жұмыс бөлігі.

- терушілердің 6 сағ 40 минутта орындайтын жұмыс бөлігі.

Сондықтан (1)

Бұл теңдеу келесі түрде жазылады:

Түрлендірулерден кейін келесі квадрат теңдеу аламыз:

- (1) теңдеудің түбірлері

Есеп мағынасы бойынша х – оң сан, сондықтан 12 – бірінші терушінің уақыты.

12+3=15 – екінші терушінің уақыты.

Жауабы: 12 сағат және 15 сағат.

Сергіту сәті: оқушылар сыныптасының басқаруымен көз шаршауынан арылтатын жаттығу орындайды.

1. Көзіңізді жұмыңыз. Көзіңізді ашыңыз (5 рет).

2. Көзіңізді айналдыра қозғалтыңыз. Басыңызды айналдырмаңыз (10 рет).

3. Басыңызды қозғалтпаңыз, көзіңізді неғұрлым сол жаққа алысқа қаратыңыз. Көзді жұмбаңыз. Алдыңызға қараңыз . Бірнеше рет көзіңізді тез жұмыңыз . көзіңізді жұмып дем алыңыз. Осының бәрін оң жақ үшін қайталаңыз (2-3 рет).

«Мәтіндік есептерді шешу» тақырыбындағы материалдарды шоғырландыру мәселелерін шешу үшін «Puzzle» топтық жұмысын орындаңыз:

Классты шағын топтарға бөліңіз (әртүрлі оқуға қабілетті төрт адамнан аспайтын) және оларға №1-№5 тапсырмаларын орындауды ұсыныңыз. Тапсырмалар оқушылар арасында келіссөздер арқылы топ ішінде бөлінеді. Әрбір оқушыға белгілі бір тапсырманы орындау тағайындалады, ол өз бетінше шешім қабылдайды және нәтижелер туралы хабарлайды. Топ шешімдерді бірге қорытындылайды.

Шешімдердің дұрыстығын тексеру үшін бірдей тапсырмаларды орындаған оқушылар сарапшылар тобына қайта топтастырылады. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы оқушылардың жұмысын қадағалайды және қосымша қолдауды қажет ететін оқушыларға сұрақтар қояды.

Алгебра.8 класс: учебник для общеобразовательных учреждений/ [Ю.Н.МакарычевН.Г.Миндюк, К.И. Нешков, С.Б.Суворова]; под редакцией С.А. Теляковского. – М.:Просвещение, 2013.

Слайд 6

Сабақтың соңы

39-40

Мұғалім интерактивтік тақтада үй тапсырмасын көрсетеді, оқушыларға сұрақтар қойып оларды рефлексияға дайындайды.

Үй тапсырмасы:

презентация 7 слайд

Рефлексия: «Ойлар қоржыны»: Оқушылар парақтарына сабақ туралы өз пікірін жазады, барлық парақтар қорапқа (қорапқа, қапқа) қойылады, содан кейін оқушылардың біреуі пікірлерді оқып, жауаптар талқылайды.

Слайд 7

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Сабақтың барлық кезеңдеріндегі бағалау нәтижелерін ескеріп, сонымен қатар, өздік жұмыстың нәтижесі бойынша мұғалім оқушылардың мақсатқа жетуі бойынша қорытынды жасалады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу