Мәтіндік есептер шығару. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

8.3А Квадрат теңдеулер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Мәтіндік есептер шығару

Cабақтың түрі

Жаңа тақырыпты оқу сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.1 квадрат теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығару;

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

  •  квадрат теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығарады.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • есеп шартын сауатты жаза алса;
  • есеп шартын пайдаланып квадрат теңдеуді дұрыс құрса;
  • квадрат теңдеуді дұрыс шешімін тапса;
  • есеп жауабын дұрыс жазса

оқу мақсатына жетеді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Мәтіндік есептің шешулер саны туралы талдау жүргізеді; бағалау жайлы ой-толғаулар жүргізеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

квадрат теңдеу;

квадрат теңдеудің түбірі;

квадрат теңдеу түбірлерінің жалпы формуласы;

квадрат теңдеудің екінші жұп коэффициенті формуласы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

берілген квадрат теңдеудің түбірі ....

есеп шарты бойынша ...

 Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту берілген сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану.

 Пәнаралық байланыстар

Физикамен байланысы берілген биіктіктен құлаған дененің уақытын табу жайлы қолданбалы есепте жүзеге асады.

Бастапқы білім

Квадрат теңдеу анықтамасы; квадрат теңдеу түрлері; квадрат теңдеу түбірлері; квадрат теңдеудің екінші жұп коэффициенті формуласы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

а) Сабақ тақырыбын, оқу мақсатын және бағалау критериін анықтау.

Оқушылар үй тапсырмасын екі оқушының жұмысын үлгі ретінде қарастырып өзіндік бағалап, салыстырады. Мұғалім бұл жұмыстардың өз жұмыстарын жетілдіру мақсатында ұсынылғандығын оқушыларға ескертіп айтады. Атқарылған жұмыс туралы 2-3 оқушыны тыңдаңыз.

Презентация

Слайд 1-4

Сабақ ортасы

4-38

27-34

Білімдерін белсендендіру:

Белсенді оқыту әдісін қолданыңыз – допты лақтыру. Оқушылар допты бір-біріне лақтыру барысында сыныптастарының өткен тақырып бойынша сұрақтарына жауап береді:

1.Қандай теңдеуді квадрат теңдеу деп айтамыз?

2. Квадрат теңдеудің түбірлерін қандай формуламен есептейді?

3. Квадрат теңдеудің дискриминантын қандай формуламен анықтаймыз?

4. Дискриминантқа қатысты квадрат теңдеудің неше түбірі бар?

5. Квадрат теңдеуді шешу алгоритмін құрастырыңыз.

6. Қандай теңдеуді толымсыз квадрат теңдеу деп атаймыз?

7. Толымсыз квадрат теңдеуге мысалдар келтіріңіз.

8. түрдегі квадрат теңдеуді қалай шешеміз?

9. Как түрдегі квадрат теңдеуді қалай шешеміз?

Жаңа материалды оқып қарастыру «Мәтіндік есептер шығару» (осы сабақта квадрат теңдеудің көмегімен шығарылатын мәтіндік есептер қарастырылады).

1 және 2 мысалдарды талдау, түсіндіру барысында мұғалім мәселелік әңгіме жүргізеді. Оқушылар назарын квадрат теңдеу көмегімен шығарылатын мәтіндік есептерді шығару алгоритміне және шартын дұрыс анықтап жазуға аударады. Көптеген математика, физика, техника есептері квадрат теңдеудің көмегімен шығарылады.

Квадрат теңдеу көмегімен мәтіндік есептерді шығару алгоритмі:

1.Белгісізді әріппен белгілеңіз және есеп шарты бойынша теңдеу құрыңыз;

2. Құрылған теңдеуді шешіңіз;

3.Есеп шартына сәйкес жауапты жазыңыз.

Мұғалім 1 және 2 мысалдарды талдау, түсіндіру барысында мәселелік әңгіме жүргізеді. (физикалық мағынадағы), оқушылар назарын есеп шартын дұрыс анықтап жазуға.

Мысал 1. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің бірі екіншісінен 4 см кіші, ал гипотенузасы 20 см. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерін табыңыз. Айталық – кіші катеттің ұзындығы,

онда - үлкен катеттің ұзындығы.

Пифагор теоремасы бойынша гипотенузаның квадраты катеттердің квадраттарының қосындысына тең:

1.

Құрылған теңдеуді ықшамдап, аламыз:

Есеп мағынасы бойынша - тың мәні оң болуы керек. Бұл шартты 12 саны ғана қанағаттандырады, яғни 12 – кіші катет.

2. - үлкен катет

Жауабы: 12 см, 16 см.

Мысал 2.

Дене вертикал жоғары жылдамдықпен лақтырылды. Неше секундтан кейін дене биіктікте болады?

Физика курсынан егер ауа кедергісін ескермесек, онда жоғары вертикал лақтырылған дене уақыттан кейін биіктікте , формуласымен анықталады.

Мұндағы – бастапқы жылдамдық,

– еркін түсу үдеуі, жуық шамамен

h, v0 және өрнектерінің орнына мәндерін формулаға қойып (бүтін санға дейін дөңгелектелген):

(оқушыларға теңдеуді өздері шығаруды ұсыныңыз). - теңдеу түбірлері.

Квадрат теңдеудің екі шешімі де есеп шартын қанағаттандырады.

Сызбада h тың t дан тәуелді графигі кескінделген, мұндағы

.

Жоғары вертикал лақтырылған дене бастапқы 4 с уақытта 80 м биіктікке дейін көтеріледі, содан кейін төмен түседі.

Жерден 60 м биіктікте ол екі рет болады: лақтырылған кейін 2 с және 6 с кейін. Шешімнің иллюстрациясын тың дан тәуелділігін көрсететін формуласымен өрнектелген график көрсетеді ( 1 сурет).

1сурет.

Сергіту сәті: оқушылар сыныптасының басқаруымен көз шаршауынан арылтатын жаттығу орындайды.

1. Көзіңізді жұмыңыз. Көзіңізді ашыңыз (5 рет).

2. Көзіңізді айналдыра қозғалтыңыз. Басыңызды айналдырмаңыз (10 рет).

3. Басыңызды қозғалтпаңыз, көзіңізді неғұрлым сол жаққа алысқа қаратыңыз. Көзді жұмбаңыз. Алдыңызға қараңыз . Бірнеше рет көзіңізді тез жұмыңыз . көзіңізді жұмып дем алыңыз. Осыныңтбәрін оң жақ үшін қайталаңыз (2-3 рет).

Бастапқы бекіту үшін тесептер шығару: (оқушылар жұптарда жұмыс жасайды және тақтаға оқу қабілеті жоғары оқушы шығып есепті талдайды)

Алгебра.8 класс: учебник для общеобразовательных учреждений/ [Ю.Н.МакарычевН.Г.Миндюк, К.И. Нешков, С.Б.Суворова]; под редакцией С.А. Теляковского. – М.:Просвещение, 2013.

Дидактикалық материалдар

Сабақтың соңы

39-45

Мұғалім интерактивтік тақтада үй тапсырмасын көрсетеді, оқушыларға сұрақтар қойып оларды рефлексияға дайындайды.

Үй тапсырмасы:

презентация 11-12 слайдтар

Рефлексия: оқушылар сабақтың "кілт сөздерін" пайдаланып әңгіме құрастырады немеесе "кілт сөздерді" белгілі ретпен орналастырады. Бірнеше оқушыға өз әңгімесін дауыстап оқуға мүмкіндік беріңіз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Сабақтың барлық кезеңдеріндегі бағалау нәтижелерін ескеріп, сонымен қатар, өздік жұмыстың нәтижесі бойынша мұғалім оқушылардың мақсатқа жетуі бойынша қорытынды жасалады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Рамазанға 21 күн қалды 🌙
» ҰБТ ұзақтығы — төрт сағат болады
» 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды
Пікір жазу