Мәтіндік есептер шығару. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

8.3А Квадрат теңдеулер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Мәтіндік есептер шығару

Cабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.1 квадрат теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығару;

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

  •  квадрат теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығарады.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • есеп шартын сауатты жаза алса;
  • есеп шартын пайдаланып квадрат теңдеуді дұрыс құрса;
  • квадрат теңдеуді дұрыс шешімін тапса;
  • есеп жауабын дұрыс жазса

оқу мақсатына жетеді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Мәтіндік есептің шешулер саны туралы талдау жүргізеді; бағалау жайлы ой-толғаулар жүргізеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

квадрат теңдеу;

квадрат теңдеудің түбірі;

квадрат теңдеу түбірлерінің жалпы формуласы;

квадрат теңдеудің екінші жұп коэффициенті формуласы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

берілген квадрат теңдеудің түбірі ....

есеп шарты бойынша ...

есеп мағынасы бойынша ....

 Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту берілген сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану.

 Пәнаралық байланыстар

Физикамен байланысы берілген биіктіктен құлаған дененің уақытын табу жайлы қолданбалы есепте жүзеге асады.

Бастапқы білім

Квадрат теңдеу анықтамасы; квадрат теңдеу түрлері; квадрат теңдеу түбірлері; квадрат теңдеудің екінші жұп коэффициенті формуласы, Виет теоремасы, мәтіндік есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шығару алгоритмі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

а) Сабақ тақырыбын, оқу мақсатын және бағалау критериін анықтау.

б) Үй тапсырмасын тексеру барысында өзін өзі бағалау әдісі қолданылады.

Оқушылар үй тапсырмасын дайын шешіммен тексереді, өзіндік бағалап, салыстырады. Жіберілген қателіктер болса, оларды шешу жолдарын қарастырады.

Презентация

Слайд 1-4

Сабақ ортасы

4-38

Формативтік бағалау:

Оқушылар 7 минут екі мәтіндік есепті өздері орындайды.

Бағалау критерилері:

  • есепке шартты сауатты жазады;
  • есеп шарты бойынша квадрат теңдеуді дұрыс құрастырады;
  • квадрат теңдеуді дұрыс шешеді;
  • есептің жауабын дұрыс жазады.

1. Біреуі екіншісінен 5 ке артық екі натурал санның көбейтіндісі 104 ке тең. Осы сандарды табыңыз.

2. Тік бұрышты үшбұрыштың бір катеті екіншіснен 7 см артық, ал гипотенузасы кіші катеттен 8 см артық. Үшбұрыш қабырғаларын табыңыз.

Есептердің шешімін интерактивті тақтада дайын шешіммен тексереді, өзара бағалау орындалады (6-9 слайдтар).

«Мәтіндік есептер шығару» тақырыбын бекітуде «Карусель» ойынын ойнатыңыз.

Оқушылардыүш ьопқа бөліңіз. Әр топқа жоғары жағына екі есеп жазылған

А3 форматтағы қағаз беріңіз. Оқушылар қабылданған регламент бойынша есептерді топтарда орындайды. Топтарға жеке түсті ручка беріледі (мысалы: қызыл, жасыл, көк, қара), әр топ өз шешімдерін анықтап отыру үшін. Берілген уақыт біткеннен кейін (15 минут) оқушылар басқа тапсырмалары бар келесі А3 қағазына көшеді. Алдыңғы топтың шешіміммен танысады және өздерінің келісімін/ келіспейтіндіктерін білдіреді. «Карусель» оқушылар барлық топтардың жұмыстарымен танысып болғанша жалғастырылады. Содан кейін әр топ дұрыс шешімді дәптерлеріне жазады.

Мұғалім оқу жетістіктері жоғары оқушылардың жұмыстарын бақылайды, оларға кері байланыс береді. Оқушылар назарын есепті талдау барысындағы қойылған сұрақтардың дұрыстығына аударады. Сонымен қатар қиындық туындаған оқушыларға жеке көмек көрсетіледі.

Сабақтың соңы

39-40

Мұғалім интерактивтік тақтада үй тапсырмасын көрсетеді, оқушыларға сұрақтар қойып оларды рефлексияға дайындайды.

Үй тапсырмасы:

презентация 10 слайд

Рефлексия: «Қалпақтың жағдайы»:

оқушылар музыкамен немесе санаумен бір біріне қалпақты беріп отырады, музыка тоқтаған кезде, кімде қалпақ бар сол оқушы өз жұмысын талдайды немесе сыныптастарының іс әрекеттерін бағалайды және негіздейді.

Презентация

Қосымша 3

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Сабақтың барлық кезеңдеріндегі бағалау нәтижелерін ескеріп, сонымен қатар, өздік жұмыстың нәтижесі бойынша мұғалім оқушылардың мақсатқа жетуі бойынша қорытынды жасалады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу