Мәтіндік есептер шығару. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3А Квадрат теңдеулер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Класс:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтіндік есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 8.4.2.2 бөлшек рационал теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығару;

 Сабақтың мақсаттары

 Оқушылар:

  • бөлшек рационал теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығарады

Бағалау критерийлері

 1.Оқушылар есеп шартын пайдаланып теңдеуге кесте құрады.

 2. Уақыт, жұмыс формулаларын бөлшек рационал теңдеулерді құруға қолданады.

 3. Бөлшек рационал теңдеулерді дұрыс құрады.

 4. Құрылған теңдеуді дұрыс шығарады.

 5. Алынған жауапты дұрыс интерпретация жасайды.

 6. Есеп жауабын дұрыс жазады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- мәтіндік есептегі элементтер арасындағы тәуелділікті түсіндіреді;

- кесте құруды сипаттайды;

- бөлшек рационал теңдеулерін құру жолын сипаттау;

- теңдеудің шешуі туралы нақты талдайды;

- алынған нәтижелер туралы айта алады;

- жауабын дұрыс интерпретация жасайды.

Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология:

- квадрат теңдеу;

- бөлшек рационал теңдеу;

- уақыттан тәуелділік;

- жұмыстан тәуелділік;

- проценттік мазмұн

- теңдеу түбірлернің формулсы.

Сөйлесулер мен жазу үшін пайдалы сөзтіркестері:

  • кесте құру үшін ....
  • бөлшек рационал теңдеулерді шешу үшін...
  • жауабын жазу үшін....

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық, бірлік және командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы, қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Физикамен байланыс «кинематика, динамика, гравитация» бөлімдерін оқу барысында.

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат теңдеулерді, бөлшек рационал теңдеулерді алдынғы тақырыптарда қарастырған. Уақыт, ара қашықтық және жылдамдықтың өзара байланысын білу. Оқушылар есеп шарты бойынша теңдеу құра алулары керек. Бөлшек рационал теңдеулердің анықтамасын білулері және оларды шығара алулары керек. Білімдерін белсендендіру формулаларды қайталау арқылы топтық жұмыспен жүзеге асырылады.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

3-10

I. Ұйымдастыру кезеңі: мұғалім оқушылар назарларын жинақтайды, оқушылармен бірлесіп сабақ мақсатын/оқу мақсатын анықтайды, оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижені анықтайды.

II. Білімдерін жаңарту үшін өткен материалды қайталау. Оқушылар арқылы процентке есептер шығарады. Оқушылар бөлшек рационал теңдеулер турлы білімдерін көрсетеді.

Багалау критерийлері:

  • санның проценті дұрыс аталған;
  • санның проценті дұрыс жазылған

Мұғалім орындалған тапсырмаларға формулалардың қолданылғандығын көрсете отырып кері байланыс береді.

Слайд 1-4

Слайд 5-7

Сабақтың ортасы

10-20

20-36

III. Процентке есептер шығару. Мәтіндік есептерді шешу алдында теңдеулерді шешу үшін жеткілікті уақыт бөлінеді. Есептердің көпшілігі бөлшек рационал теңдеулерді шешуге келеді, бұл, өз кезегінде, жиі квадрат теңдеуді шешуге байланысты.

Оқушылармен бірге бөлшек рационал теңдеулерге келтірілетін есептерді қайталаңыз.

1,2 мысалдарды талдау. Оқушылар назарын математикалық модельді пайдаланып кесте құруға аударыңыз.

IV. Тренинг. Жұптардағы жұмыс.

Оқушыларды жұптарда біріктіріңіз. Әр жұп бірдей тапсырма алады. Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін жұптар жауаптарын басқалардың жауаптарымен тексереді және салыстырады, қажет болса комментарий жазады. Өзара тексіру және өзін өзі тексеру іске асырылады.

Қажет болған жағдайда мұғалім оқушыларға көмек көрсетеді, және оларды дұрыс бағыттап отырады.

Бағалау критерийі:

  • 1. Математикалық модель дұрыс қолданылған.
  • 2.Уақыттың жылдамдық пен ара қашықтықтан тәуелділік формуласы дұрыс қолданылған.
  • 3. Теңдеу дұрыс қоланылған.
  • 4. Бөлшек рационал теңдеу дұрыс шешілген.
  • 5. Есеп шартына сәйкес теңдеу түбірлері дұрыс интерпретацияланған.

Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар өздері есеп шартын пайдаланып, белгісіз элементтерді анықтайды.

Қабілеті төмен оқушыларға консультация түрінде көмек көрсетіліп отырылады.

Қорытындылау. Оқушыларға келесі сұрақтарды қойып, олармен жауаптарын талқылаңыз.

Есептердің қандай түрлерін бүгнгі сабақта талқыладық?

Есептерді шығару алгоритмін қайталаңыз.

Есеп шығару кезінде қандай ерекшеліктерді (немесе заңдылықтарды) байқадыңыз?

V. Білім беру мақсатына қол жеткізу деңгейін бағалау «Құмырсқа илеуі» тапсырмасы көмегімен.

Оқушылар жаңа тақырып бойынша түсініксіз тапсырма бойынша бір сұрақ жазады. Егер оқушылар қиындық көрмесе, сыныптастар үшін қызықты сұрақ құрастыруы мүмкін. Тапсырма аяқталғаннан кейін оқушылардың жауаптары деңгейіне қатысты кері байланысты қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады.

Үй жұмысы

Презентация

Слайд 8-13

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы

36-40

VI. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатына қайта оралып, олардың жетістік деңгейін талқылайды. Келесі сабақты жоспарлау мақсатында төмендегі сөйлемдер толықтырылады:

Мен не білемін... Мен бүгін үйрендім …

Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …

Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

Стикерлер

Слайд 20

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қайталау кезеңінде оқушылар өз қалаулары бойынша, оқу ақпаратын еске түсіру үшін: білім, түсіну (сызба), талдау (талдау және салыстыру) мақсатында өз деңгейін таңдап бөлінеді. Сабақта ақпаратты әртүрлі тәсілмен еске түсіру оқу ақпараты қолданылады. Сабақ барысында қабілеті төмен оқушыларға әртүрлі көмектер көрсетіледі. Сабақта оқытудың саралау әдісі әр деңгейлі топтарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды.

Жақын даму аймағын анықтау барысында диагностикалық бағалау қолданылады. Білімді меңгеру кезеңінде оқушылар критерийлер бойынша жұмыс жасап, салыстыру, қолдану дағдылары қалыптасады.

Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың алдын-ала алынған білімдері формативті бағаланады.

Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда, сыныптағы қозғалыс кезіндегі және «Құмырсқа илеуі» тапсырмасын орындаудағы қауіпсіздік ережелерін қадағалау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу