Мәтіндік есептер шығару. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

8.3А Квадрат теңдеулер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Мәтіндік есептер шығару

Cабақтың түрі

Жаңа тақырыпты оқу сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 8.4.2.2 бөлшек рационал теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығару;

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

  •  бөлшек рационал теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығарады.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • есеп шартын сауатты жаза алса;
  • есеп шартын пайдаланып бөлшек рационал теңдеуді дұрыс құрса;
  • бөлшек рационал теңдеуді дұрыс шешімін тапса;
  • есеп жауабын дұрыс жазса

оқу мақсатына жетеді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Мәтіндік есептің шешулер саны туралы талдау жүргізеді; бағалау жайлы ой-толғаулар жүргізеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

квадрат теңдеу;

квадрат теңдеудің түбірі;

квадрат теңдеу түбірлерінің жалпы формуласы;

квадрат теңдеудің екінші жұп коэффициенті формуласы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

берілген квадрат теңдеудің түбірі ....

есеп шарты бойынша ...

есеп мағынасы бойынша ....

 Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту берілген сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану.

 Пәнаралық байланыстар

Физикамен байланысы берілген биіктіктен құлаған дененің уақытын табу жайлы қолданбалы есепте жүзеге асады.

Бастапқы білім

Квадрат теңдеу анықтамасы; квадрат теңдеу түрлері; квадрат теңдеу түбірлері; квадрат теңдеудің екінші жұп коэффициенті формуласы, Виет теоремасы, мәтіндік есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шығару алгоритмі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

а) Сабақ тақырыбын, оқу мақсатын және бағалау критериін анықтау.

Мұғалім оқу мақсатын және бағалау критериін көрсетеді.

б) Үй тапсырмасын тексеру барысында «Қарандашпен белгілеп отыру» әдісін қолданыңыз.

Оқушылар үй тапсырмасын талдау барысында дәптер шетіне «Ж» - жеңіл, «Қ»- қиын, «К»- күмәнденемін белгілерін қойып шығуды сұраңыз. Бұл белгілеулер арқылы мұғалім сабақ басталғанға дейін проблемаларды көруге мүмкіндік алады, ал оқушылар өз жұмыстарын рефлексиялайды, жіберілген қателіктер болса, оларды шешу жолдарын қарастырады. Ары қарай сабақ барысы анықталған проблемаларды шешуге бағытталады.

Презентация

Слайд 1-4

Сабақ ортасы

4-38

Білімдерін белсендендіру:

«Тізбекпен» оқушылардың келесі сұрақтарға жауаптарын тыңдаңыз:

1.Кандай теңдеу бөлшек рационал деп аталады?

2.Бөлшек рационал теңдеуді шешу алгоритмін қалыптастырыңыз.

3. Бөлшек рационал теңдеулерге мысалдар келтіріңіз.

(бұл сабақ бөлшек рационал теңдеулермен шешілетін мәтіндік есептермен байланысты).

Мұғалім мәселені шешуге түсініктеме беру кезінде проблемалық әңгіме жүргізеді, оқушылардың назарын: есепке қысқаша шартты дұрыс жазуға және бөлшек рационалды теңдеулерді қолдану арқылы мәтіндік есептерді шешуге арналған алгоритмге аударады.

Математика, физика және технологиядағы көптеген есептер бөлшек рационалды теңдеулер арқылы шешіледі.

Осы сабақта біз өзеннің қозғалысы бойынша есептерді шешуді қарастырамыз.

Бөлшек рационал теңдеулерді пайдалана отырып, мәтіндік есептерді шешу алгоритмі:

1. Белгісізді әріппен белгілеп, есеп шартына сәйкес теңдеулер құрыңыз;

2. Құрылған теңдеуді шешіңіз;

3. Жауапты есептің шартына сәйкес жазыңыз.

Мысал : Моторлы қайық ағыспен және ағысқа қарсы жүзді, барлық жолға сағат жұмсады. Егер ағыс жылдамдығы 3 км/с болса, қайықтың тынық судағы жылдамдығы қандай?

Айталық км/с – қайықтың тынық судағы жылдамдығы болсын, онда

км/с – қайықтың ағыспен жүзгендегі жылдамдығы

км/с – қайықтың ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдығы

с – қайықтың ағыспен жүзгендегі уақыты

с - қайықтың ағысқа қарсы жүзгендегі уақыты

с – барлық жолға жұмсалған уақыт.

Есеп шарты бойынша қайық барлықтжолға 2 сағ жұмсағандықтан, келесі теңдеуді аламыз:

 

Теңдеуді шешіп, келесі түбірлерін аламыз:

Есеп мағынасы бойынша ағыс жылдамдығы қайықтың меншікті жылдамдығынан кем болуы керек. Бұл шартты 12 саны қанағаттандырады,ал 2 саны қанағаттандырмайды.

Жауабы. 12 км/ч.

Сергіту сәті. Орташа темппен орындаңыз. Көзіңізді оңға, солға айналдыра қозғалтыңыз. Басыңызды айналдырмаңыз Көзіңіздің талшықтарын босатып 1-6 санауында алдыңызға алысқа қараңыз . Осының бәрін 1-2 рет қайталаңыз.

Өзіндік жұмыс:

№1-3 тапсырмаларды орындау үшін үш топ құрыңыз, үш есептің шешуін сауатты

А4 парақшасына жазатын.

Қалған оқушылар есептерді өздері орындайды, егер оларда қиындық туындаса, онда мұғалімнен немесе сыныптастарынан сұрауға болады.

10 минуттан кейін мұғалім әр жұптың шешімін тексереді. Ары қарай алты оқушы басқа тапсырмаларды дәптерлеріне орындайды.

Есептердің шешімдері интерактивті тақтадағы дайын шешіммен тексеріледі.

Алгебра.8 класс: учебник для общеобразовательных учреждений/ [Ю.Н.МакарычевН.Г.Миндюк, К.И. Нешков, С.Б.Суворова]; под редакцией С.А. Теляковского. – М.:Просвещение, 2013.

Слайд 6

Слайд 7

Сабақтың соңы

39-40

Мұғалім интерактивтік тақтада үй тапсырмасын көрсетеді, оқушыларға сұрақтар қойып оларды рефлексияға дайындайды.

Үй тапсырмасы:

презентация 8 слайд

Рефлексия

Оқушыларға «тектер» ағашын толтыруды ұсыныңыз, мүмкін нұсқалар:

- бүгін мен... білдім

- … қиын болды

- мен … түсіндім

- мен … үйрендім

- мен … орындадым

- … ақпаратты білу қызықты болды

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Сабақтың барлық кезеңдеріндегі бағалау нәтижелерін ескеріп, сонымен қатар, өздік жұмыстың нәтижесі бойынша мұғалім оқушылардың мақсатқа жетуі бойынша қорытынды жасалады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу