y=√x функциясы, қасиеті және графигі. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.


Берілген сабақ жоспары материалды бекітіп, пысықтауға арналған.

Сабақтың тақырыбы мен мақсат барысы анықталғаннан кейін, оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыруға бағытталған жаттығу ұсынылады. Аталған жаттығу тақырып бойынша білімді жаңғыртып, негізгі тірек сөздерді анықтауға арналған.

 Өткен сабақта берілген үй жұмысын тексеруді бірнеше әдіспен ұйымдастыруға болады. Өзін-өзі тексеру немесе бірін-бірі тексеру арқылы. Оқушылар жасыл сиялы қаламмен дұрыс жауаптардың қасына «+» немесе «˅» символдарын қойып, дұрыс емес жауаптардың астын сызады. Тексеру аяқталғаннан кейін бір-біріне жазбаша комментарий беру ұсынылады. Мысалы, қандай амалдар сәтті орындалды, қандай тұстарға назар аудару керек екенін көрсету арқылы.

 Жоспарды көрсетілген жеке жұмыстың мақсаты: ткен сабақтың материалын оқушылар қалай меңгергендерін байқау. Тексеру жұмысы жұпта орындалады. Дұрыс орындалған тапсырмаларадың пайыздық үлесі есептеледі.

 Тақырып бойынша лексика мен терминдерді еске түсіру мақсатында ауызша жұмыс ұйымдастырылады. Яғни, аргументтің мәні, функцияның мәні терминдерін пысықтау және оларды табу мақсатымен.

 Топтық жұмыс сабақтың мақсатына жетуге бағытталған жұмыстардың бірі. Тапсырмалар деңгейленіп берілгендіктен, топтарды қабілеттері бойынша ұйымдастырған дұрыс. Тапсырмалар негізгі деңгей және күрделі деңгей болып бөлінген. Тексеру жұмысын сәйкес топтар өзара тексеру арқылы ұйымдастыруға болады. Егер уақыт жеткілікті болады деп есептесеңіз, оқушылармен бірге топтық жұмыстың бағалау критерийлерін қорытып, нәтижесінде өзара бағалауды ұйымдастыруға болады.

 Сабақ бойынша кері байланысты және рефлексияны топтарда өткізуге болады. Әрбір топқа жоспарда көрсетілген рефлексия диаграммасын таратып, қалай толтыру керек екендігі жөнінде инструкция өткізу керек. Диаграммалар толтырылғаннан кейін кейбір оқушылардан немесе топтардан жазбаларын ауызша айту ұсынылады.

Үй тапсырмасы ретінде сыныпта орындаған тапсырмаларға ұқсас үш есеп беріледі. Жоспарда ұсынылған тапсырмалар Алгебра-8 Абылкасымова А.Е., Алгебра. 8кл. (углубленное изучение)_Макарычев Ю.Н. и др. Ә.Н.Шыныбеков Алгебра 8 оқулықтарынан алынған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу