y=√x функциясы, оның графигі мен қасиеттері. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.


Берілген сабақ жоспары жаңа тақырыпты меңгеруге бағытталған.

Сабақтың тақырыбын атамас бұрын оқушылардың қызығушылығын тудыру мақсатында 4 суретті біріктіретін сөзді табу жаттығуы келтіріледі (Қосымша 1, Презентация, 1-2 слайд). Тақырып анықталғаннан кейін оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарын оқушыларға таныстыру керек. Дайын бағалау критерийлерін ұсынуға болады немесе оқушыларды өздігінен қорытуға бағыттауға болады.

 Білімді жаңғырту үшін оқушыларды қалауыңыз бойынша топтарға бөліп, бұған дейін 7 сынып курсы бойынша қарастырылған функцияларды еске түсіріп олардың сәйкесінше қасиеттері мен графиктерін келтіру тапсырмасы беріледі.

Топтарға бөлудің кейбір мысалдары: Оқушылар 1-2-3-4 деп санап, төрт топ құрады; Әр түсті конфет таңдау арқылы топқа бөлу; Әр түрлі фигуралар таңдау арқылы топқа бөлу; Тақырыпқа байланысты карточкалар арқылы топқа бөлу; Пазлды құрастыру арқылы топ құру.

 Топтық жұмыстың нәтижесін тексеру үшін алдымен бір топ толық ақпаратты презентациялайды, сондықтан үлкен флипчарт қолданған ыңғайлы. Келесі топ тек қана алдыңғы топ атамаған қасиеттерді келтірулеріне болады және т.с.с. Осылайша уақытты үнемдеуге болады.

 Келесі кезең жаңа материалды түсіндіруге арналған. Материалды түсіндіру презентацияның көмегімен жүргізіледі. Түсіндіру кезінде оқушыларды ойландыруға талпындыратын сұрақтар қойып отыруға болады. Мысалы функцияның қасиеттерін дайын түрде бермей, оларды тұжырымдауға бағыттайтын келесідей сұрақтарды ұсынуға болады:

  • Функция графигінің анықталу облысы мен мәндер облысы туралы қандай қорытындылар жасауға болады?
  • Функция графигінің координаталық жазықтықта орналасуы бойынша не айта аласыздар? Неліктен?
  • Функция графигінің өсу және кему аралықтарын анықтай аласыздар ма? Қандай қорытынды жасауға болады?
  • және функция графиктерінің координаталық жазықтықта өзара орналасуы жайлы қандай тұжырым жасауға болады?

Презентацияда келтірілген функцияның қаситеттері мен графиктерінің ерекшеліктері және бекітуге арналған есептер Алгебра-8 Абылкасымова А.Е., Алгебра. 8кл. (углубленное изучение)_Макарычев Ю.Н. и др.оқулықтарынан алынған.

Материалды бекітуге алдымен ауызша жұмыс ұсынылады. Жоспардағы Есеп 2 және Есеп 3 қабілеті жоғары оқушылар орындап үлгереді деп жоспарланған. Бұл тапсырмаларды оқушыларға өздігінен орындауға ұсынуға болады. Әрбір есепке бағалау үшін дескрипторлар келтіріледі. Олармен жұмыс істеу оқушыларды өзін-өзі бағалай білуге бағытталған. Сабақтың қорытындылаған кезде, жүргізген бағалауының нәтижесі бойынша оқу мақсатына қаншалықты жеткендігін анықтай алады. Дескрипторларды таспсырма орындалып, жауабының дұрыс\бұрыстығы тексерілгеннен кейін ұсынған дұрыс.

Сабақты қорытындылау үшін сұрақ-жауап әдісін қолдануға болады.

  • функциясының қандай қасиеттері бүгінгі сабақты анықталды?
  • Графигінің қандай ерекшеліктерін атай аласыздар?
  • Сіздер атаған қасиеттерді есептер шығарғанда қалай қолдануға болады?
  • Оқу мақсатына қаншалықты жеттіңіздер деп өздеріңізді бағалай аласыздар?

Үй тапсырмасы ретінде сыныпта орындаған тапсырмаларға ұқсас екі есеп беріледі.

Рефлексия жүргізу үшін «Жетістік ағашы» жұмыс түрі ұсынылады. Ағаштың жапырақтары формасында берілген парақшаларға оқушылар сабақ барысында нақты қандай нәтижеге қол жеткізгенін сөйлеммен жазады, кейін тақтадағы ағаштың діңіне (Қосымша 1, Презентация, соңғы слайд) жабыстырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу