Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.


Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар

Сабақ тақырыбы: Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру

Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру

Оқу мақсаты: 8.1.2.6 нақты сандарды салыстырады;

Сабақ мақсаттары: Оқушылар рационал және ирроционал сандарды ажыратып, нақты сандарды салыстыру үшін әртүрлі әдістерді қолданады: квадрат түбірі бар сандардың бүтін бөлігін табу, бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан құтылу.

Сабақ құрылымы:

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Бұрынғы білімдерін белсендіру. Топтық жұмыс.
  • Сыныппен жұмыс.
  • Ауызша жұмыс.
  • Практикалық тапсырма.
  • Жұптық жұмыс.
  • Формативті бағалау.
  • Сабақты қорытындылау. Рефлексия

Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар

Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Слайдтарды мұғалімге сабақтың алдында қарап шығып, оларды бір-бірден көрсетіп отырған жөн. Жауабы бар слайдтарды тек оқушылар өздерінің жауаптарын тексеру үшін ғана қолданыңыз.

Жеке қосымша құжат түрінде жазылған тапсырмалар слайдта болғанымен, оларды параққа басып, әрбір оқушыға жеке ұсынған жөн. Сонымен, олардың сабақ үстінде интерактивті тақтамен жұмыс жасау уақыты азаяды.

 Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар

Топтық жұмыс. Бұл тапсырма алдында рационал және иррационал сандарды ажыра алатынын тексеру мақсатында беріледі. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы оқушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір оқушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін. Топтардың жұмыстарының нәтижесін талдай отырып, мұғалім оқушылардың қандай қателерді жасағанын қорытындылайды.

Сыныппен жұмыс.

Мұғалім әрбір оқушыға «>», «<», «=» белгілері бар карточкаларды таратып шығады да олардан дұрыс жауаптарын карточкаларын көтерулері арқылы білдірсін дейді. Ұстаз міндетті түрде оқушыларға ойлануға 20 секунд беруі қажет. Ұстаз қатысушылармен жауаптардың әр түрлі нұсқаларын талқылап, оларға өздерінің таңдауларын түсіндіріп берулерін ұсынады. Олардың жауаптары оқушылардың оқытылған тақырыптың түсінгендіктері және деңгейлерін байқатады. Соған орай мұғалім тақырыпты тағы бір түсіндіру керек пе, әлде жалғастыра беру керек па соны анықтайды.

Жауаптар:

А)

В) =

С) >

Д) >

Е) <

К) <

Л) >

М) <

5.Практикалық тапсырма

Сандарды салыстыру дағдысын қалыптастыру үшін оқушыларға жұптасып нақты сандарды өсу және кему ретімен орналастыруды ұсынады (әр санға бір әріп сәйкес келеді). Мұғалім Евклид туралы қысқаша мәлімет береді.

Жауабы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

6.Жұптық жұмыс.

Жауабы

1

ЕГЕРДЕ

2

ЕСТІ

3

КІСІЛЕРДІҢ

4

ҚАТАРЫНДА

5

БОЛҒЫҢ

6

КЕЛСЕ,

7

КҮНІНДЕ

8

БІР МӘРТЕБЕ,

9

ЖҰМАСЫНДА БІР,

10

ЕҢ БОЛМАСА,

11

АЙЫНДА БІР,

12

ӨЗІҢНЕН-ӨЗІҢ

13

ЕСЕП АЛ

Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.

 Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы). Оқушылардың сабақ үстіндегі талқылауларға қатысуы мұғалімнің бақылауы бойынша ауызша кері байланыс арқылы бағаланады. Оқушыларға сабақ бойы берілетін жеке, топтық немесе бүкіл сыныптық кері байланыс олардың қателерін айқындап, алдағы уақытта болдырмауына себеп болады.

 

 Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.

 Тапсырмаларға берілетін жауаптар презентация слайдтарында бар. Олар өзін-өзі, өзара бағалауды ұйымдастыруда пайдалы болады.

 Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері сабаққа қосымшаларда және қысқа мерзімді жоспарда жазылған.

 

 Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.

Алгебра. 8-сынып: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/ Шыныбеков Ә.Н. – 3-басылымы. – Алматы: «Атамұра», 2012. 14-бет.

Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. — 10-е изд., испр. — М. : Мнемозина,

2010. — 384 с. : ил.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу