Шеңбер мен түзудің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Күні:

НЗМ , мұғалім :

Қатысқандар саны:

7.4А: Шеңбер. Геометриялық салулар

Сабақ тақырыбы: Шеңбер мен түзудің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

7.3.2.12

түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің өзара орналасу жағдайларын талдау;

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақ мақсаттары:

Жазықтықты шеңбер мен түзудің өзара орналасуыны білу және түсіну. Екі шеңбердің өзара орналасуын білу және ажырата алу. Шеңберге жанама мен қиюшының анықтамасын білу және түсіну.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар мақсатқа жетеді, егер:

  • Түзу мен шеңбердің жазықтықта орналасу түрлерін білсе.
  • Екі шеңбердің өзара ораналсуын білсе

Құндылықтарды дамыту

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет

Оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу

Пәнаралық байланыстар

Пәнаралық қатынастарды практикалық құрылымды есептерді шығару арқылы жүзеге асырылады.

Бастапқы білім

Түзу мен шеңбер ұғымдары

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақ барысындағы іс әрекеттер

Ресурстар және комментарийлер

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Мақсат: сабақтың басталуын ұйымдастыру

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Үй жұмысын тексеру кезеңі

(4 мин)

Мұғалім есептердің дұрыс жауабын көрсетеді, оқушылар өзара дәптерлерін ауысып бірін-бірі тексеріп бағалайды.

Жаңа тақырып

(16 минут)

Шеңбер мен түзудің өзара орналасуы

Мұғалім әрекеті: жаңа тақырып және сабақтың мақсатымен айтып өтеді. Оқушыларды 3 топқа бөліп түзу мен шеңбердің өзара орналасуын (3 жағдайын қиылысу, жанасу және қиылыспау) 3 топқа бөліп береді. Оқушылар анықтамаларын өздері қорытып шығарады және әр топ өз тақырыбын зерттеп презентециясын қорғайды. Басқа топтар екі жұлдыз бір тілек әдісін қолдана бірін-бірі бағалайды.

Екі шеңбердің өзара орналасуы

Жұптық жұмыс. Суреттер арқылы оқушылар екі шеңбердің қалай орналасуын біледі. Екі шеңбердің радиустары мен центрлерінің арақашықтығы арасындағы байланысты зерттеп анықтамаларын қорытып шығарады. Мұғалім оқушыларды бағыттай отыра, әр жұпқа өз кері байланысын беріп өтеді.

Мұғалім оқушылармен бірлесіп қорытынды жасайды. Презентациядағы материалды талқылайды.

Слайд 1-6

Слайд7-12

Сұрақ жауап

(6 минут)

Сұрақ

Жауабы

оқушы

1

Шеңбер дегеніміз не?

2

Радиус дегеніміз не?

3

Хорда дегеніміз не?

4

Жанама дегеніміз не?

5

Қиюшы дегеніміз не?

6

Түзу мен шеңбердің өзара орналасу түрлерін көрсетіңіз

7

Екі шеңбердің өзара орналасу түрлерін көрсетіңіз.

Қосымша

(слайд 13)

2 минут

Көзге жаттығу

Жаңа тақырыпты бекіту (11 минут)

  • Берілген нүкте арқылы шеңберге неше жанама жүргізуге болады: а) егер нүкте шеңбердің бойында орналасса, ә) егер нүкте шеңбердің сыртында орналасса, б) егер нүкте шеңбердің ішінде орналасса.
  • Өзара қиылысатын шеңберлердің радиустары 4 және 5. Центрлерінің арақашықтығын табыңыз. (Жауабын аралықта көрсетіңіз)
  • Тік бұрышқа іштей шеңбер сызылған. Екі жанама шеңбермен қиылысу нүктелерін қосқанда пайда болған хорда ұзындығы 40. Шеңбердің центрінен хордаға дейінгі арақашықтықты табыңыз.

Қосымша

Сабақты соңы

(4 мин)

Мұғалім сабақты қорытындылап оқушылардан рефлексия алады.Оқушылар стикерге бүгінгі сабақ нені түсінгенін, нені түсінбегенін және келесі сабаққа ұсыныстарын жазады

Үй тапсырмасы. Екі шеңбер және шеңбер мен түзудің өзара орналасу түрлерін қайталау

  • Екі шеңбердің өзара орналасу түрін көрсетіңіз және егер :
  • d=1, =0.8, =0.2;
  • d=40, =110, =70;
  • d=12, =5, =3;
  • d=24, =17, =28.

Стикер

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Оқушыларды көбірек мадақтау арқылы қолдау көрсету. Топтық жұмыс кезінде қабілеті жоғары оқушылар топ мүшелеріне көмек көрсету қажет

оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың материалды меңгеру деңгейін білуге болады.

Көзге жаттығу жасау.

Сабақта сергіту сәті өткізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу