Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша №1

Қосымша №2

«Білім қоржыны»

Мәтінге байланысты үлгі сөздер:

Уакыт, Адам, Өмір, болашақ, өткен өмір, мәңгілік өмір.

Қосымша №3

 

 

 ӨМІР, УАҚЫТ ЖӘНЕ АДАМ

 “Тек жүрсең, тоқ журесің” демей ме халық нақылы. Миллиондаған жылдар бұрын Уақыт қарттың төрт баласы: Жаз, Қыс, Көктем, Күз бірінен соң бірі Өмір қарияға қызмет істеп жүреді екен. Бір қызыгы Өмір жылдан-жылға қартаюдың орнына жасара беріпті.

 Жер-дүние жылдан-жылға құлпырып, дала төсіне әсем-әсем жиһаздар орнап, ғимараттар салыныпты. Ормандар көбейіп, жер жүзі жасыл баққа орала бастапты. Сан мыңдаған зауыт, фабрикалар іске қосылып, тіпті сонау айға космос кемесі ұшып барыпты.

 Бара-бара Уакыт қартайып, Өмірді өз айтқанына көндіре алмайтынын халге жетсе керек. Уақыт қарттың бүйрығында түн тыныштықтың белгісі болып саналған екен.

 Бірақ бұл уағда орындалмауға айналыпты. Оған кінәлі адамдар екен. Олар түнде ұйықтамайтынды шығарып, электр шамдарын жарқыратып жағып, жүмыс істеп, түнмен тайталасса керек. Әуелі түрлі техникалар жасап, Жазды Күзге, Күзді Қысқа, Қысты Көктемге, Көктемді Жазға айнаддырмаққа әрекет жасайды. Аса шыдамдылық көрсеткен Уақыт шыдамның да шегі болса керек, каһарына мініп селкілдеп, қалшылдап, Өмірге келеді.

 - Әй, Өмір, бұл сенің қай мазағың. Етегімнен тартып еншілесіп алатындай анау адамдарыңа не жаздым. Тоқтатсын, мына сұмдығын, — дейді. Талай ғасырлар жолдас болған Уакытгың бұл ашуына Өмір ата ойлана жауап береді: — Әй, Уақыт замандас, меніңше, адам атаулының жазығы жок сияқты. Ен даланы баққа бөледі, самсаған қала салып. сансыз өлі тіршілікке жан берді. Жерді қойып, сонау Айға да көмекке барды. Оның несі айып. Осы күнге дейін қартайып өлуім мүмкін еді. Енді міне, жасарып келемін, — дейді Өмір қария.

 Уақыт сөзге келмей шарт етіп ашуланды да асыға- аптыға Көктем баласына конаққа келеді. “Бір баламның өнерін көрсйін” дейді. Көктемнің дәуірлеп тұрған шағы болса керек. Жана ғана қылтиып шыкқан көк те, бүршік атқан талдар да, аспандағы аққу бұлттар да, бір орнында тұрып қалады. Кенет қыраң-қыраңға өскен жауқазын гүлдер:

 Ex-ей, тіршілік атаулы енді біз мәңгілік жаспыз. Қартаймаймыз. Рақмет саған. Көктем аға, — деп бөріктерін аспанга лақтырады. Сай-сайда сылдырлап аққан бұлақтар шаттыған тойлайды. Талай құрлықты артқа тастап, туған көлдеріне қауышқан құстарда мәз-мәйрам болып кең дала төсін ән мен жырға бөлейді. Көктем иісін аңқытқан самал жел кең даланы тербетіп, көше қуалап доп ойнаған жас бүлдіршіндер:

 - Рақмет, Көктем аға. Осы тіршілігіңнен тайма. Бізге мәңгі бала блып қалғаннан рахаты бар ма,-деп қуанысады.

 Осы сәтке дейін Өмір ата құрдасыньщ тәубесін есіне түсірмек болған Уақыт не істерге білмей дал болады.

 Көктем баласын шақырып алып.

 -Тұла бойым тұңғышым ең, сенің әрекетің менің көніліме сыймайды, кет көзіме көрінбей, - деп қатты ашуланып, Жаз баласына аттанады.

 -Ей, өмір, Көктем балам көңілшектеу еді. Айтқанымды орындамады. Сазайын Жаздан тартсын, - деп нықтанып.

 -Асқанға бір тосқан, — деп Өмір ата құрдасының соңынан ілеседі.

 Сөйткенше жаз шыға келеді. Сарғайып кеткен сары даланың үсті құлпырып, көк өсіп, сай-сала, тау-етек шалғынға айналады. Табын өріске шығып, қойнау- қойнау мыңғырған малға толады. Адамдар қырдың қыртысын қопарып егін себеді. Күні-түні дамылсыз мотор үні кең даланы еңбекке бөлейді. Қыраттар мен беткейлер құлпырған алқызыл қызғалдақтарға толады. Бау-бақша алғаш жемісін бере бастайды. Балалар оқуын бітіріп, демалысқа шығып, алыс жерлерге сапар шегеді. Құстар балапандарын шығарып, көл бетіне жүзіп, сән-салтанатын тойлайды. Алғашқы комбайндар алқапта бітік шыққан мол астықты орып, бастырып, жаз даласы дүбірлі еңбек науқанына айналады.

 - Әрдайым осылай жаз болып тұрса екен, - деп қуанады адамдар. Осы бір көріністерді өз көзімен көріп, сөздерді өз құлағымен естіген Уақыт, терісіне симай ашуланады. Жаз баласын шақырып алып жер жебіріне жете ұрысады.

 - Көктемнін табалағаны анау. Сенгенім сен едің, жұртқа мазақ жасадың. Менің бір қолқамды көтеретін бала болмаған ба, бұл дүниеде? Жоғал, көзіме көрінбей,- деп тепсінеді. Сонан соң сол сәл ойланып ; - “Сабыр түбі сары алтын”. Күз баламды бір байқайын. Ойпыл- тойпыл мінезі болушы еді.

 - Өз балаларыңның есін шығардың. Менің нем кетгі. Әй, құрдас, сен қартаясың, мен жасарамын, — дейді Өмір Уақыттың қытығына тиіп.

  - Оны әлі көреміз, — дейді ашудан түтіккен Уақыт. Біраз жүрген соң екі құрдас Күзге келіп жетеді.

  - Әй, балам, алдында Өмір ата тұр. Мені таба қылмайтындай, Өмірді бас игізетіндей әкеңнің әлі жас күшті екенін көрсет. Көктем мен Жаз ағаңнан көңілім қалды. — дейді Уақыт ата. Күз басын изеп іске кірісті.

  Әп-сәтте апта бойы ақ жауын құйып береді. Бірақ батыстан соқкан өкпек жел, бұлтгарды ыдыратып жарқырап күн шықты.

  - Күз келді алақай, біз мектепке барамыз, - деді балалар қуанды.

  - Күз елдің ырысы. Еңбекші жұрттың тынысы. Қамданындар түгелдей, - дейді ауыл ақсақалдары.

 Ен дала дүрлігіп сала береді. Қырларға шөп шабылып бітіп, малдарға үйіліп, қыстауларға тартылады. Астық орылып, қамбаларға тасылады.

 Құстар жылы жаққа ұшуға қам жасайды. Бау – бақшалардан мол өнім алынып, коймаларға төгіледі.

 - Тамақ тоқ, киім бүтін. Еңбек тойын бастайық,- деседі адамдар. Дүрілдеп той жасап, кең дала шат-шадыман күйге енді. Уақыт бұл жолы да барар жер, басар тауы калмай сенделіп жүріп алады. Көктем мен Жаз балаларына қайтып барайын десе қарарға беті жоқ. Оның үстінс Өмір құрдасы соңынан қалар емес.

 Соңғы тіреуім Қьіс болған шығар. Оның да көрейік, - дейді Өмір Уақытты сылтың қылып.

 Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба солай жүреді ғой.

 Өмірдің осындай сөзі Уақыттың жанын жаралағандай еді. Мына мысқылга шыдай алмай шоршып түсті.

 Қыс балам кылықты еді. Өңгесі өңшең жасық, боран соқтырып, қарын жаудырып тұрып алайын бір. Анау адамдардың күнін қалай көрер екен, — дейді сақылдай күліп.

 Ештен кеш жақсы. Қыстың да қырын байқайық, — дейді Өмір Уақыт құрдасына ілесіп.

 -Ау, балам, соңғы тілегім де, білегім де сен. Ағаларыңнан көңілім қалды. Ашуымды келтірді, — дейді Уақыт баласына мейіріммен қарап.

 Қыс шынында да қаһарына мінді. Әлгінде Уақыт атасы мақтағанға масаттанған ол алғашқыда көз көрмес алай-түлей боранын соқтырып, жапан түзді қарға көміп тастады. Сақылдаған сары шұнақ аяз басталады. Бірақ тіршілік атаулы да қарап жатпады. Күзде жинап алған отынымен от жағып, аязды үйлерінен қуып шықты. Алып тракторлар калың қарды аршып, жол салды. Мал атаулы жем-шөпке тойып, жылы қораларында тұрды.

 

 Ш.Күмісбайұлы

 

 

 

 

 

 

 

Үлгі сұрақтар:

-Уақыт қарттың төрт баласын ата?

-Уақыттың қабылдаған шешімін кімдер бұзды?

-Мәңгілік осылай болып тұрса екен деген адамдар қуанышы ұзаққа созылды ма?

Қосымша №4

«Төрт сөйлем» тәсілі

  • пікір

шығарманың тақырыбын жазады

  • дәлел

Шығармадағы оқиғаларға сүйеніп өз сөзімен жазады

  • мысал

Шығармадағы негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігі немесе сөйлеммен мысал келтіреді

  • қоры

тынды

негізгі ойды білдіріп тұрған шығарманың бөлігі немесе сөйлемнен қорытынды шығарады

Қосымша №5

Сұрақтар үлгісі:

• Уақыт Өмірдің айтқанына неліктен көнді?

• Уақыт ашумен кімге келді?

• Жауқазындар неге қуанды?

• Өткен шақ, келер шақпен айырмашылық бар ма?

-Мәңгілік өмір үшін адамдар неге қуанды ?

Дескриптор:

шығарма мазмұны бойынша бағалау сұрақтар құрастырады;

сұрақтарға мәтіннен дәлелдер келтіріп, жауап береді;

автордың негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтайды;

шығарманың мазмұнына сәйкес тақырып қояды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу