Мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Пән: қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Ғарышқа саяхат» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Мерзімі: 4-тоқсан 19.04.18 | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | ||||
Сынып: 4В | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Әңгіме жазу | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.3.3.1 Мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру.
| ||||
Сабақ мақсаттары | Ғарыш тақырыбында мәтін құрастырып жазу. | ||||
Бағалау критерийлері | Жоспар құрып, мәтін жазады. | ||||
Тілдік мақсаттар | Ғарыш, ғарышкерлер тақырыбында сөздік қорлары молаяды. | ||||
Миссия. Пайымдау. Аз Жаһандық азаматтық. | Мәтін желісі бойынша адами қасиеті жоғары, зиялы тұлға тәрбиелеуге ықпал ету. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Өз ойын еркін жазу, сауатты жазу дағдылары қалыптасады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Ғылымға кіріспе, дүниетану пәндерімен байланыс жүзеге асады. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Ғарыш тақырыбында мәтін құрады. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 3 минут | (Ұ) Сұрақ-жауап.
| ||||
Сабақ ортасы 35 минут | (МК) Оқушыларға жазылым үшін тақырыптар ұсынылады. (Ө) Мәтінді тыңдау. Мәтіннен «Түртіп алу» әдісі арқылы сын есімдер болатын тірек сөздер мен сөз тіркестерді теріп жазу. Айдын бала кезінен биіктікке құмар болатын. Биік ағаш болсын, үй болсын төбесіне өрмелеп шығып алатын еді. Бір жылдары Ақан (Айдынның әкесі) бір училищеде директор болды. Сол училище жатақханасының алдында үлкен, биіктеу қол жуғыш болған. Бір күні Айдын соның төбесіне өрмелеп шығып, биіктен құлап кеткен. Айдар үйге қолынан жетектеп алып келді. Бетінің бәрі қан. Қол жуғыш үстіне құлап кеткен екен.Тағы бір осындай оқиғасы есімде қалыпты. Қарабұлақта жолдың шетіндегі ағаштарды кесіп тастайтын еді. Сол көше бойындағы биік ағаштардың бірі жартылай кесілген екен. Оның кесілгенін білмеген Айдын тағы да ағаштың ең төбесіне дейін өрмелеп шыққан. Содан ағашпен бірге құлаған еді. Өзі үнемі солай биікке өрмелеп жүретін. Бала күнінен болмысы бөлек болды. Үлбіреген сүйкімді кішкентай бала бүгінде талапшыл, еңбекқор арқа сүйер азаматқа айналды. Айдын үнемі күлімдеп жүреді. Өзі ақкөңіл, айналасындағыларға мейіріммен қарайды. Адамдармен тез тіл табысады. Біздің үлкен ұлымыз Айдар томаға тұйық, артық сөзі жоқ болып өсті. Ал Айдын мүлдем керісінше, айналасына жылулық шашып жүреді.Өзі спортқа да бейім болды. Дзюдо, каратэ, самбо секілді спорт үйірмелеріне қатысты. Мектеп жасында Айдар екеуі үнемі спортпен айналысты. (Айдын Айымбетовтың анасымен сұхбат) (ОТ, ҚБ) Мәтінді логикалық бөліктерге бөлу. (Ө, ҚБ) Жоспар құру. Тірек сөздер:Биік ағаш,үлбіреген, сүйкімді, кішкентай, талапшыл, еңбекқор, арқа сүйер азамат,ақкөңіл,мейірімді, спортқа бейім. (Ж) Теріп жазған сын есімдерді жұпта өзара тексеру және қарсы мәндес сын есімдерді каллиграфиялық нормаларды сақтап жазу. Биік – аласа Кішкентай – үлкен Еңбекқор – еріншек Мейірімді – қатыгез (Ж) «Дайын сұрақтар» стратегиясы арқылы ақпарат жинақтау –Сен өзіңді мейірімдімін деп ойлайсың ба? –Сенде үлкен адамдарға көмектескен кездерің болды ма? –Қандай іспен шұғылданғанды жақсы көресің? –Сен кім болуды армандайсың? –Сен қандай үйірмелерге қатысасың? (Ө) Жинақталған ақпаратты пайдалана отырып, тірек сөздер арқылы сыныптасына мінездеме жазу. (Ж), (ҚБ) Мінездемені оқу және бағалау. |
| |||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия. «Галереяны шарлау» әдісі арқылы кері байланыс алу.
| ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Жазған мінездемеге баға береді. | Мәтінді логикалық бөліктерге бөлу және жоспар құру білігі бағаланады. | Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Сабақ кезіндегі қауіпсіздік ережелері айтылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?