«Жедел жәрдем- анамның сүйікті жұмысы». Мәди Айымбетов. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, Халықаралық мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Жанбосынова Н.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау «Жедел жәрдем- анамның сүйікті жұмысы» Мәди Айымбетов

Оқу мақсаттары

4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

4.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды, мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдейді, деректерін келтіре отырып,салыстыру.

Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды, мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдей алады, ойларын негіздейді

Кейбір оқушылар: негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігіне сүйеніп, ондағы нұсқасымен салыстыруда өзінің көргені бойынша байланыстыра алады.

Бағалау критерийлері

  • шығарманың тақырыбын анықтайды;
  • кейіпкердің іс – әрекетін бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: (жедел жәрдем, дімкәсі, жарақат, ажал).

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар топтық жұмыс барысында бір – бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасау арқылы жауапкершілікке дағдыланады

Пәнаралық байланыстар

Сөйлемдегі сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғау, сөйлемдердің тыныс белгілерін қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

https://www.youtube.com/watch?v=nBgrIJttCq8

Бастапқы білім

Мәтінді дауыстап, түсініп оқиды, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын біледі, кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді. Шығарма құрылымын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Ширату тапсырмасы

1. 3x3 шаршысында əртүрлі мақалдар орналасқан. Оқушылар сандарды таңдап, сол санға тиісті мақалды таңдауы керек.

2. (ҰЖ) Әр оқушы өзінің таңдаған мақалы бойынша түсінгендерін айтады.

Сабақ мақсатын бірге айқындау:

1. Оқушылардан қандай іс-әрекеттер жасағандары жайлы сұралады.

- Оның бүгінгі сабақпен қандай қатысы бар екендігі талданады. (Мақал-мәтелдерді қолдану).

Бағалау критерийімен таныстыру.

Слайд №1-4

Қосымша №3

Сабақтың ортасы

6-8 минут

9-15 минут

16-21 минут

22-29 мин

30-37 мин

1-тапсырма

(Ө,ЖЖ,Т) «Фрайер» әдісі. «Денсаулық» дегенді қалай түсінесіңдер? Өз ойыңды жеке жаз. Ортақ пікірге келіп, негізгі ойды анықта.

1. Оқушылар 4-5 оқушыдан топқа бөлінеді. Әрбір топқа ортасына шеңбер салынған үлкен парақ беріледі.

2. (Ө) «Денсаулық» дегеніміз не? – деген сұрақтың жауабына әрбір оқушы өз идеясын ешкімге көрсетпей қағаздың бұрышына жазу тапсырылады.

3. (ЖЖ;Т) Барлығы жазып болғаннан кейін, топ жазған барлық идеялардың ішінен бес ең маңызды идеяны таңдау керек. Бұл бүкіл топпен келісіп шешіліп, шеңберідің ортасына жазылу керек.

4. Оқушылардың жауаптарын «Екі бұрыш» әдісі арқылы сұралады. Оқушылар қалаулары бойынша өз жазғандарын оқи алады. Қалған оқушылар басқа топтардың позициясына келісу/келіспеуін лайықты бұрышты таңдау арқылы көрсетеді.

Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың жазған идеясы тыңдалып, қолдау көрсетіледі, ал, қабілетті оқушылардан түсініктемелер мен қағидаттарды тұжырымдап айту сұралады.

Б. «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

2-тапсырма

1. (МК, Ұ) «Моделденген оқылым» әдісімен «Жедел жәрдем- анамның сүйікті жұмысы» мәтінді оқиды.

2. (Ө) Мәтінді оқушыларға іштей оқу тапсырылады.

3. Барлық оқушылар әңгімені оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделей алуға жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздерді түсіндіріледі. (жедел- жәрдем, дімкәсі, жарақат, ажал).

3. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін мәтінді қайта шолу тапсырылады.

4. Қажеттілігіне қарай мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.

1. Мәтін не жайында?

2. Әңгімедегі жедел- жәрдем туралы не білесің?

3. Неліктен ажал деген сұмдықтан арашалап қалмақшы делінген?

Саралау: «Диалог және қолдау көрсету арқылы саралау» тәсілі негізінде қолау көрсетіледі. Қабілеті төмен оқушылардың өзіне сенімділігін қалыптастыру үшін, қабілеті әңгімені оқығанда ескеріледі.

Б. «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.

3-тапсырма

(Ұ,Т) Әңгімені талда

1. Әрбір топқа келесі критерийлер бойынша «Жедел жәрдем- анамның сүйікті жұмысы» мәтіні бойынша талдау тапсырылады.

Мәтіннің тақырыбы________________________

Кейіпкерлері ______________________________

Автор неліктен анамның сүйікті жұмысы деген? Ойыңды дәлелде._____________

Мәтіннен жедел- жәрдемге байланысты айтылған сөздерді тауып оқы.

Неліктен адамдар жедел жәрдем көмегіне жүгінеді?____________________

Әңгіме бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?

3. Топтар өз талдағандары бойынша қорытынды ойларын көрсетеді.

4. Барлық топтардың жұмыстары қорғалады, соңғы дұрыс жауаптармен сәйкестендіріледі.

Саралау: «Тапсырма арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау кезінде қабілеті төмен оқушыларға өлеңнің мазмұнын айтуда жетекші сұрақтар қою арқылы көмек беріледі, ал қабілеті жоғары оқушылар үшін мүмкіндігінше жоғары деңгейлі сұрақтар қойылады.

4- тапсырма

(Ө, Т). Фотосуретті пайдаланып өз ойыңды жаз.

1. Өлең мазмұны мен фотосуретті байланыстырып өз ойыңды жаз.

2. Фотосуреттер мағынасын ашу үшін мұғалім түсіндірме жұыстарын жүргізеді.

3. Алдымен олар ойларын бөлісіп, алдында орындалған тапсырмалар бойынша әңгіме жазуға дайындалады. Жұмыстарын тыңдап, бағыт беріледі.

4. Әңгімені әр оқушы жеке жазады.

5. Жетістіктері бағаланады.

Саралау: «Қарқын тәсілі» арқылы жылдам жұмыс жасаған оқушыларға басқа сөйлемдер құрастыруға тапсырма ұсынуға болады.

Б. «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.

Слайд №5-6

Қосымша №4

Слайд №7

Қосымша №1

Слайд №8

Слайд №9

Қосымша №5

Сабақтың соңы

38-40 мин

Рефлексия: «5 сөйлемнен 5 сөз» әдісі. Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.

Үйге тапсырмасына «Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі» шағын әңгіме жазу ұсынылады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау1 тапсырма – «Нәтиже арқылы саралау» негізінде орындалады.

Қабілеті төмен оқушылардың жазған идеясы тыңдалып, қолдау көрсетіледі, ал, қабілетті оқушылардан түсініктемелер мен қағидаттарды тұжырымдап айту сұралады.

2 тапсырма – «Диалог және қолдау көрсету арқылы саралау» тәсілі негізінде қолау көрсетіледі. Қабілеті төмен оқушылардың өзіне сенімділігін қалыптастыру үшін, қабілеті өлеңді оқығанда ескеріледі.

3 тапсырма – «Тапсырма арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау кезінде қабілеті төмен оқушыларға өлеңнің мазмұнын айтуда жетекші сұрақтар қою арқылы көмек беріледі, ал қабілеті жоғары оқушылар үшін мүмкіндігінше жоғары деңгейлі сұрақтар қойылады.

Дескриптор

  • мәтінді түсініп оқиды
  • әңгіменің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды;
  • кейіпкерлердің іс – әрекетін бағалайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу