«Жедел жәрдем- анамның сүйікті жұмысы». Мәди Айымбетов. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


ҚОСЫМША 1

Жедел жәрдем- анамның сүйікті жұмысы

Әбіл, Гүл, естимісіңдер, мен жұмысқа кетіп барамын. Атаң да, әкең де кештеу келетін болар. Тамақ ішкілерің келсе, дайын, газда тұр. Ысыта қойыңдар. Жұмыстан хабарласармын.

Апам бүгін түнгі кезекке шығып бара жатыр.

Жедел жәрдем дәрігеріне бүгінгі түн әдеттегіден гөрі мазасыз әрі қиын болары анық. Себебін апамның ойымен түсіндірсем, былай: осындай мереке күндері адамдар көңіл көтеру мәселесін, сірә, шамадан тыс асырып жібереді, демек, денсаулықтарына да белгілі дәрежеде зиян келеді деген сөз. Әсіресе, көп жағдайда, бұрыннан дімкәсі бар, соғыстан жарақат алған адамдар жедел жәрдем көмегіне зәру болады. Ал ондай адамдар аз емес. Апам үшін мазасыз, қиын түн болатыны да сондықтан.

Маңдай шамында қызыл крест белгісі бар, зымырап, жүйткіген жедел жәрдем мәшинелерінің азынаған сиренасы көше жақ терезеден бүгін тым жиі естіліп жатқандай. Адам жанын ажал деген сұмдықтан арашалап қалуға асығып бара жатқан апамның шаршаулы кейпі көз алдыма келеді. Жедел жәрдем- өте ауыр жұмыс. Жанға бататын осы өте ауыр жұмысын ол бәрібір тастай алмай келеді. Талай рет емханаға ауысатын болады да, ауыспайды. Дәлелі: жедел жәрдемнен басқа жерде өзімді ауру жанға дер кезінде қол ұшын бере алатын дәрігер ретінде сезіне алмайтын сияқтымын дейді. Несі бар, дұрыс. Апамның мұнысына қосыламын. Егер мен дәрігер болсам, міндетті түрде тек жедел жәрдемде ғана қызмет етер едім. Бірақ, өкінішке қарай, болашақта дәрігер болмайтынымды қазірден – ақ біліп жүрмін. Қалайша дейсіңдер ғой? Басқа мамандықты таңдап қойғанмын. Қандай мамандық дейсіңдер ғой? Бұл әзірге осы күнделікке жазылмайтын құпияларымның бірі бола тұрсын. Өйткені, кім біледі, шынымен –ақ, жедел жәрдемнің дәрігері немесе әкем сияқты музыкант болып кетуім де мүмкін ғой. Кім біледі?...

Атамнан бастап, үй ішіндегілердің бәрі де шешемнің ауыр қызметінің жайын түсініп, оған шамалары келгенше көмек көрсетіп, қол ұшын беруге тырысады. Яғни оның мойнына түсетін үй шаруасын бәріміз өзара бөлісіп аламыз. Еденнің тазалығына мен жауап беремін. Төсеніштерді қағып-сілкіп қою да менің мойнымда. Үй өсімдіктерін суарып, жиһаздардың шаң- тозаңдарын сүрту – Гүлдің міндетіне кіретін жұмыстар. Жоғарыда айттым, атам сыртқы шаруалардың бас – қасында жүреді. Ал әкеме жалпы басшылық және жеңіл- желпі жұмыстар қалады. Осыншама қыруар міндетті бөлісіп алғанымыздың өзінде де оның бір басына жетіп артылатын талай жұмыстың күтіп тұратынын қайтерсің?! Қабырғам қайысып, көмектескім – ақ келеді. Амал қайсы, менің де жеке басыма жетіп артылатын толып жатқан басқа істер бар. Мәселен, оқушылық тапсырмалардың неше алуаны, жүзу(секция), мерекелік концертке дайындық (хор), спорт залында ГТО- ның нормативін тапсыруға жаттығу(қысқы түрі), фотоүйірме, олимпиадаларға дайындалу, ертеңгі сабақты оқу, содан соң, міне, күнделік жазу. Сонда да шаршамаймын, дәлірек айтқанда, шаршап, уһілеп отыруға уақыт та қалмайды.

Үлкендердің пайымдауынша, бала шаршау дегеннің не екенін білмеуге тиісті. Яғни шаршау деген ұғым басыма кіріп – шықпауы керек. Жоқ, бұл турасында құрметті үлкендермен, абзалы, келісе алмаспын. Бала – бүкіл іс – әрекеті, қимыл – қозғалысы күрделі электроника жүйелері арқылы программаланып қойылған робот – автомат емес қой. Ол да жұрт қатарлы шаршауға тиіс. Тоқта, есімнен тарс шығып кетіпті ғой, шаршап отыруға менде уақыт қалмайды емес пе?! Қандай өкінішті...

Мәди Айымбетов

 

ҚОСЫМША 2

Мәди Айымбетов Айтбенбетұлы 1946 жылы 14 қарашада Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді селосында туған. 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

 «Тәтті мұң» атты алғашқы әңгімелері бірі жетпісінші жылдардың басында жарық көрді, содан бері  жиырмаға жуық прозалық кітаптардың авторы  Бірқатар кітаптары орыс тіліне («Голубая тропинка» (1978), «Чаша печали» (1997), «На тверди земной» (2004), «Элегия бытия» (2012), ал жекеленген шығармалар  украин, белорус, молдован, түркмен, өзбек, қырғыз, ұйғыр, шешен және тағы басқа ұлт тілдеріне аударылған. Жекелеген шығармаларым Мәскеудің «Детская литература»  баспасынан жарық көрген балаларға арналған шығармалардың жинағына (1995), «Художественная литература» баспасынан шыққан Қазақ прозасының «Домбыра и колыбель» антологиясына (2013) енген. Осы таяудағы жылдары «Дүние  керуен», роман  (2013), «Таңдамалы әңгімелер мен хикаяттар» (2014 ж.,«Ақтөбе» кітапханасы сериясы,23 том) атты кітаптары жарық көрді.

   Жазушының шығармалары мен шығармашылық қызметі  жөнінде әр жылдары «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш», «Жалын», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Детская литература» (Мәскеу), «Сарыарқа» және басқа басылымдарда жазылып, әдеби орта мен оқырмандар тарапынан оң бағасын алып, әдеби ортаның толық сараптамасынан өтті.

  «Құла түздегі үнсіздік», «Кәрі жыланның азасы», «Ақша бұлт-Таңкөрік», «Құмөзектің Донкихоты», «Сырлы зерен» және тағы басқа да әңгімелерде прозашының кейіпкер жан-дүниесін психологиялық, әлеуметтік сипатын ұтымды иірімдермен аша біледі.

 

Қаламгердің 1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың бірінші жартысында жазылған  прозалық туындылары, «Дүние-керуен» романы мен «Шырақшы Қалжігіт» хикаяты қырқыншы-елуінші жылдардағы  адамдардың тағдыры, олардың жақсылық, ізгілік мұраттар жолындағы әрекеті, озбырлықпен күресі туралы тақырыпты қозғайды. Жазушының образ сомдаудағы шеберлігі кейіпкерлерінің болмысын  шынайы да шұрайлы тілмен аша білуінен айқын көрініс тапқан.

 

1980-1985 жылдар аралығында жазылып, жарық көрген балалар мен жасөспірімдер өмірінен жазылған «Бар болғаны он төрт жас», «Нәзік жаңғырық», «Ғашық болу бақыты», «Күнекей», «Көлге шомылған Ай» және тағы басқа хикаяттарда жас кейіпкерлердің адами болмысының қалыптасу ерекшеліктерін өміршең тартымды оқиғалар арқылы көркем әрі шебер өрнектеледі. Бұл шығармалардың барлығы да жазушының қазақ балалар әдебиетінің бейнесін ашықтауға қосылған айтарлықтай рухани зор үлесі.

 

Қаламдастары мен өнер қайраткерлері туралы портреттер, эсселер, қоғам өміріндеге әртүрлі өзекті проблемалары туралы мен очерктері мен мақалалары да - жазушының публицистика жанрындағы  таңдаулы еңбектері.

 

ҚОСЫМША 3

Ширату жаттығуы: Денсаулық туралы мақал-мәтелдер:

  • Еңбектен асқан ем жоқ.

1

5

3

7

2

4

9

6

8

  • Денсаулық — зор байлық.
  • Жан ауырса тән азады,Қайғы басса, жан азады.
  • Тазалық — саулық негізі,Саулық — байлық негізі.
  • Жеңіл барып, ауыр қайт,Аман барып, сау қайт.
  • Дәрігер дәрімен емдемейді,Тілмен емдейді.
  • Ауырып, ем іздегенше,Ауырмайтын жол ізде.
  • Аурудың жақсысы жоқ,Дәрінің тәттісі жоқ.
  • Ауру кірді - әлек кірді.

Ауырып тұрдым - аунап тұрдым.

ҚОСЫМША 4

ҚОСЫМША 5

[attachment=26549:did_-mater__2_3-shyarmany-tayryby-men-negizgi-ojdy-anytau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу