Шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру. Күмән. Машқар Гумеров. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


ҚОСЫМША 1

Күмән

Оқушылар соңғы сабаққа кіргенде, сыныптағы үлкен терезенің бір көзі сынғанын көрді. Кезекші Рақила болатын.

-Терезені Боранбай сындырды. Өз көзімммен көрдім,- деп айқайға басты ол.

Боранбай танып әлек. У- шу ұлғайып бара жатқанда, мұғалима кірді де, сабақ бастаймыз,- деді.

Сынып ішіндегі мына у- шу сол айтыстың жалғасы еді. Мұғалима қағаздарын тастап, қайтып оралмақ. Істің ақиқатына жетудің орнына, салғыласа берсе, ұзақ отырып қалмай ма? Әтіргүлдің қарны ашты, үйіне қайтуға асықты. Тамағын кенеп, бар дауысымен:

-Балалар!- деді. –Қазір апай келеді. Не айтамыз? Құр сарылып отыра береміз бе? Терезені кім сындырды? Айтсаңдаршы біреуің! Рақила, сен анық көрдің бе? Кім сындырды? Әйнек өз – өзінен сынбайды ғой.

Осы кезде көпшілік арасынана Дәуіт деген қара домалақ бала суырылып шығып:

-Сындырған мен!- деді.

Сыныптағылар аң- таң. Дәуіт ең момын бала еді.

Өтірік!- деді Рақила қызараңдап.

-Түк те өтірік емес. Рас. Мен сындырдым.

- Ендеше неге бірден таппадың?- деді Әтіргүл. –Жұртты осынша дауластырып қойғаның не?

-Е, маған сөз тиді ме? Өздерің ғой шуылдасып...

Онысы рас. Жұрт шуылдасып жатқанда, бұның өмірі үні шықпайтын.

Дәуіт терезені қалай сындырғанын айтып берді. Терезеде қалбалақтап жүрген әдемі көбелекті ұстаймын деп, байқамай әйнекті сындырып алыпты да, сасқанынан сыртқа зып беріпті. Бұл кезде сыныпта ешкім жоқ екен.

Балалардың барлығы Рақилаға қарады.

-Ау, кезекші! Бұл қалай? Боранбай сындырды деп ең? Оны қайдан көрдің?- деді екі- үш бала.

Рақила қысылғаннан жұртқа тура қарай алмады. Есікке тұра ұмтылды.

Мән – жай анықталған соң балалар көңілденіп, парталарына жайғасып отырды. Көрмегенді көрдім деу- ең жаман әдет, әрі – беріден соң жалақорлық. Жиында басқасынан гөрі осы туралы көбірек сөз болды.

Әтіргүл ұстаз үстелінің қасында жалғыз өзі тұр еді. Жолдастары алдында тауы шағылған Рақилаға жаны ашып, есіктен көзін алмады. «Ұят – ай! Бұрын да осындай ұсақ- түйек оқиғалар болған. Бұдан былай балалар Рақиланың шын сөзіне де сенбей, күмәнданатын шығар – ау. Жолдастарыңның сеніміне кіру үшін оған қанша уақыт қажет боларын кім білсін!»

Машқар Гумеров

ҚОСЫМША 2

ҚОСЫМША 3

[attachment=26426:didaktikaly-material-shyarma-mazmny-bojynsha-sratar-oju-zhne-zhauap-beru-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу