Оян, қазақ! Асқар Дулатов «Аяулы Жақаң». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Оян, қазақ!
Асқар Дулатов «Аяулы Жақаң»
Оқу мақсаты:
3.2.6.1 Кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау;
3.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу.
Сабақ мақсаты:
Барлық: шығарманы түсініп оқиды, мазмұнын айтады;
Көптеген оқушылар: кейіпкерге мінездеме береді, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
Кейбір оқушылар: мәтіндегі көркем сөздерді анықтайды, кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды, іс-әрекеті туралы ойын айтады;
Бағалау критерийлері
мәтінді түсініп оқиды;
мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
мәтіннен көркем сөздерді теріп жазады;
кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды;
кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;
кейіпкерге мінездеме береді.
Қажетті ресурстар: плакаттар, маркер, стикерлер,оқулық, түсіндірме сөздік
Сабақ барысы
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
Оқушыларды ананың баласын суюінде қолданатын жылы сөздерімен өз таңдаулары бойынша 4 топқа біріктіреміз.
І топ. Айналайын
ІІ топ. Еркем
ІІІ топ. Ақылдым
ІҮ топ: Күн-Айым
Аналарының өздерін қалай жақсы көретінін әңгімелейді. (Еркеліктің жақсы мен жаман жақтарын да айтып өтуге болады.)
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
1-тапсырма
(МК, Ұ) «Болжау» стратегиясына сүйеніп «Оян, қазақ» бейнебаянын көріп, тыңдап бүгінгі күннің сабақ тақырыбына болжам жасайды. https://www.youtube.com/watch?v=kocc7M5sV_
(бейнебаянды қысқартуға немесе көре отырып диалог ұйымдастаруға болады)
«Бірге ойланайық» әдісі арқылы мұғалім көмегімен Міржақып туралы не білетінімен ой бөліседі. (мұғалім көмегімен)
Үлгі: ақын, жазушы, көсемсөз шебері, ағартушы, Қостанай обл. дүниеге келген, (1885—1935)
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды.
2 - тапсырма
(Ө, Т, МК) «ДЖИГСО» әдісіне сүйеніп мәтінді бөліктерге бөліп түсініп оқиды. (Мұғалім алдын-ала бөліктерді парақшада теріп жазуына немесе оқулыққа тікелей белгілеп беруіне болады )
•мәтін бөліктерін мазмұндайды;
•мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
•кейіпкерді анықтайды, іс – әрекеті туралы айтады;
•кейіпкерге мінездеме береді.
Үлгі сұрақтар: Міржақыпты шешесі Дәнеш қалай өсірген еді? Беліне байлап қоятын жіпті қандай шөптен жасады? Міржақыптың шешесінің түсінде берілген аян қандай еді? Міржақыпты сипатта. Оның алғашқы ұстазы кім? Міржақыптың арманы қандай еді? Алғашқы жарық көрген кітабы қалай аталды?
«Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
мәтінді түсініп оқиды;
мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды;
кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;
кейіпкерге мінездеме береді.
3-тапсырма
(МК, ЖЖ) «Тұлғаны таны» әдісіне сүйеніп Міржақыпқа сипаттама береді және оның портреті суреттелген жолдарды мәтіннен тауып оқиды. (Қосымшада көрсетілген кестені таратып береді мәтін жолына сүйеніп сипаттайды)
Сыртқы түр-әлпеті:
Денесі -денесі тығыршықтай жұмыр
Бойы - Бойы аласалау
Киімі - Киімі таза, жинақы
Қимылы - Қимылы шапшаң
Ерекшелігі - Үздік оқуы,өжеттігі, ізденімпаздығы
Автордың көзқарасы, ойы - Ұран салып халқын өнер-білімге шақырды; елінің терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген; патша үкіметіне қарсылық білдірген
Егер сыныптың білім сапасы жоғары болса онда осы әдіспен «Жұмбақ портрет» ойыны арқылы сыныптасының портретін жұмыс дәптеріне сипаттап жазғызуға болады. Олар сипаттаған оқушыны табады.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.
4 - тапсырма
(МК, Ө)
«Төңкерілген пирамида» әдісімен мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, М. Дулатұлы туралы әңгімелейді. Үлгі: Балам өскенде оқымысты болады. Мектепті үздік бітірді. Орыс, татар жазушыларының кітаптарын оқып, білімін толықтырды. Ақын «Оян, қазақ!» деп ұран салып, халықты білімге шақырды. «Оян,қазақ!» атты кітабы жарық көрді.
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау
5 - тапсырма
(ОТ, Ө) Сабақты қорытындылау мақсатында «Семантикалық карта» әдісімен білімдерін тексерді. Берілген картаға сүйеніп (+,-) белгілейді.
Берілген сөйлемдер | Дұрыс | Бұрыс | |
1 | Мәтін Асқар Дулатов туралы жазылған. | ||
2 | А.Дулатов Міржақыптың ағасы және ол туралы естелік жазған. | ||
3 | Міржақып Дулатов ақын, жазушы | ||
4 | Міржақыптың анасы оның 12 жасында қайтыс болған. | ||
5 | М. Дулатовтың «Маса», «Оқу құралы», «Әліпби» кітаптары бар. | ||
6 | «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы, «Бақытсыз Жамал» романы бар. | ||
7 | Ол Семей қаласында туған. |
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі
(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау
Сабақтың соңы
Кері байланыс «Сауалнама»
Сабақта мен … жұмыс жасадым белсенді/белсенді емес
Мен сабақта жасаған жұмысыма …. . ризамын/риза емеспін
Мен үшін сабақ … болды. қысқа/ұзақ
Сабақ барысында мен … . шаршаған жоқпын/шаршадым
Менің көңіл-күйім ….. жақсарды/нашарлады
Сабақтағы материал мен үшін …. болды. түсінікті/түсінікті емес
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?