алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Өнер алды-қызыл тіл. Әйтеке бидің шешендігі. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Өнер

Сынып: 3

Сабақ тақырыбы: Өнер алды-қызыл тіл Әйтеке бидің шешендігі

Оқу мақсаттары

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтай алады

Көпшілік оқушылар: негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемдерді анықтайды

Кейбір оқушылар:сөйлеу барысында көркем-бейнелі сөздерді қолданады

Бағалау критерийлері

Шығарманың тақырыбын анықтайды

Шешендік сөзден негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды

Ойын бейнелі сөздердің көмегімен жеткізеді

Сабақ барысы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Ширату:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Топқа бөліну: Түстерді таңдау арқылы топтарға бөліну

І топ Қызыл түс

ІІ топ Жасыл түс

ІІІ топ Көк түс

ІҮ топ Сары түс

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстырылады. Бағалау критерийін бірлесе құрастырады немесе таныстыру.

Сабақтың ортасы

Әйтеке би-қазақтың үш биінің бірі. Бұхара мен Самарқан медреселерінде араб-парсы тілдерін үйренген. Даудың шешімін айтқанда Әйтеке би әділдігімен әрі тапқырлығымен ерекшеленген.Содан да болар, халық «Әйтеке жарып айтады»деп риза болған.

Мәліметтер

Иә/жоқ

Әйтеке би медреседе оқыған

Араб,парсы тілдерін жақсы білген

Әйтеке «Қарлығаш би» атанған

Халық «Әйтеке жарып айтады»дейді

25 жасында Кіші жүздің бас биі атанған

Кесте топтарға таратылады.Толтырылғасын бірлесе отырып тексеріледі

1-тапсырма

(Ж,Т) «Мағынаны тану» әдісі

Ойлау мен үйренуге бағытталған әрекет мағынаны тану (түсіне білу) деп аталады. Мағынаны ашып, мәнін тану үшін оқушы бұл кезеңде жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жүмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады (арнайы мәтіндер, тапсырмаларды, түрлі амалдарды қолдана беру, әртүрлі әдістерге сәйкестендіру, т.т.).

Тақырыбы

Негізгі ой

1-сөзі

2-сөзі

3-сөзі

4-сөзі

Сөзге тоқтау

Жігіттің жақсысы-дұрыс сөзге тоқтай білгені

Нұсқаулық: Кесте топтарға таратылады. Топтағы оқушылардың барлығы бірге орындауларын қадағалау

Саралау: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөліседі.

ҚБ «Смайликтер»

2-тапсырма

(ЖЖ) «Аударыспақ» әдісі

Сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің білімін бағалау. Мұнда сұрақтың мазмұны, жауап мазмұны, дәйектілігі ескертіледі. Екеуіне де тең бөлініп шариктер беріледі. Сұраққа дұрыс жауап берген адам шарик алады, ал жауап дұрыс емес болған жағдайда немесе сұрақ қоя алмаған жағдайда өзі бір шариктен айырылады

Нұсқаулық:Сұрақтар алдын ала дайындалады. Тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылады.

Саралау:Оқушылар жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыланады. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады

ҚБ «Қол шапалақтау»

Тапсырманы дұрыс орындағандарды қол шапалақтау арқылы бағалау

3-тапсырма

(Ұ,Т) «Сәйкестендіру»әдісі

Ашу деген- олжаға жолығады

Ақыл деген- дария

Сөз қуған- ағын су

Жол қуған- пәлеге жолығады

Саралау: Топпен ұйымдаса отыра жұмыс жасалады. Топтағы оқушылар өз ойларын бөлісе отыра сәйкестендіріп, шешендік сөздің мағынасын ашады

ҚБ «Бір-бірін бағалау»

Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.

Ресурстар: Кестені топтарға тарату

4-тапсырма

(Т,Ұ) «Пікірлер базары» әдісі

Оқушылардың әрбір шағын тобы плакатқа (флипчартқа) сабақтың өздері ең маңызды деп шешкен бір тұсын жазады. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Әр плакаттың қасында сұрақтарға жауап беретін оқушы тұрады. Басқа топтар «Галереяны шарлау» тәсіліндегідей плакаттан плакатқа көшіп, оның төменгі жағына стикерлермен өздерінің сұрақтарын, пікірлерін, қарсы дәлелдерін, қойған бағаларын жазады. Сұрақтарға жауап беруші оқушылардың алмасып тұрғаны дұрыс.

Нұсқаулық: Соңында топтар өз плакаттарына қайта оралып, барлық пікірлерімен танысады, оларды талқылайды, сұрақтарға жауап іздейді, нәтижелерін сыныпқа ауызша жариялайды.

Саралау: Барлық оқушылар бір тапсырма орындаса да олардың нәтижесі әртүрлі болады. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

ҚБ «Бағдаршам»

Жасыл түс(тапсырманы толық,дұрыс орындаса)-Өте жақсы

Сары түс(тапсырманы толық орындамаса)-Жақсы

Қызыл түс(тапсырма толық емес және қателіктер болса)-Орташа

Ресурстар: Жасыл,сары,қызыл түстер,плакаттар,стикерлер

Сабақтың соңы

«Жақсылық тамшысы» әдісі

Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы