👈 қаріп өлшемі 👉

Өнер алды-қызыл тіл. Қарлығаш әулие. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Өнер

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы орта білім беретін мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өнер алды-қызыл тіл Қарлығаш әулие

Оқу мақсаттары

3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады

Көпшілік оқушылар: Нақыл сөздерді пайдаланып, сөз өнері туралы ойын айтады

Кейбір оқушылар: Шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді түсініп оқиды
  • Өз сөзімен түсінгенін айта алады
  • Мақал-мәтелдерді орынды қолданады
  • Сөз өнері туралы ойын жеткізе алады
  • Шығармашылық жұмыс жасайды

Тірек сөздер

Өнер,сөз өнері,билер

Құндылықтарды дарыту

«Құрмет», «ынтымақтастық»,«еңбек пен шығармашылық» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне,Отанына риясыз қызмет ететін, білімді,білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына ықпал ету

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игеру

  • Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқи алады.
  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-7 минут

Ширату тапсырмасы: Сынып оқушылары мақал-мәтелдер жазылған қағаздар арқылы топтарға бөлінеді

Әрбір топ мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіреді

І топ

Өнердің көптігі жоқ.

ІІ топ

Білім мен даналық-адам көркі.

ІІІ топ

Жақсының сөзі жырмен тең.

ІҮ топ

Өнерлі ел налымас,

Өнерсіз ел жарымас.

Қосымша 1

Слайд №4

Сабақтың ортасы

8-9 минут

10-15 минут

16-21 минут

22-29минут

30-36 минут

Қосымша мәлімет

Төле би (1663 – 1756) жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.

1-тапсырма

(ЖЖ,Т) «Үштік» әдіс(Ойлан, жұптас, бөліс)

«Қарлығаш әулие» мәтінін оқу үшін топтағы оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.

Саралау: Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады

ҚБ «Бас бармақ»

Оқушылар мәтінді оқып болған соң, қаншалықты түсінгендерін бағалау

2-тапсырма

(Т)«Даналық ағашы» әдісі

Оқушылар ішінен бір жүргізуші сайланады.

Жүргізушінің қолында қорап немесе сандықша болуы керек. Оқушылар тақырып бойынша ашық сұрақтар құрастырып, жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып біткен соң, оқушылар сандықшадан кез келген сұрақты алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге тырысады. Қойылған сұрақпен берілген жауап бағаланады.

Үлгі:

«Бір ауыз сөзі мың ауыз сөзге татитын» дегенді қалай түсінесің?

Төле би неге «Қарлығаш әулие»атанды?

Мәтіннен қандай қорытынды шығардың?(өмірмен байланыстыру)

Саралау:Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды.

ҚБ «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды

3-тапсырма

(Т,Ұ)«Данышпан үкілер» әдісі

І топ Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.

Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.

І І топ Маңызды өмірлік даналық.

Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.

ІІІ топ Иллюстрациялық бейнелеу.

Мәтіннің негізгі ойын сурет арқылы бейнелеп көріңіз.

ІҮ топ Үлгі боларлық қорытынды.

Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?

Саралау: Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.

ҚБ «Смайликтер»

4-тапсырма

(Ұ) «Пазлдар» әдісі

Әр топ «миқатырғыш пазлдар» алады. Бөліктерді жылдам жинайды. Тапсырманы тиімді орындауға үйренеді

Саралау: Топта тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.

ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»

Екі жұлдыз-Жұмыстарындағы ұнағаны

Бір тілек-Жақсартуға болады

Қосымша 2

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Слайд №5

Қосымша 3

Слайд №6

Слайд №7

Қосымша 4

https://www.google.kz/search

Слайд №8

Сабақтың соңы

37-40 минут

«Бір ауыз сөз»

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б

стикер

Саралау

1-тапсырмада

Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады

2-тапсырмада

Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды.

3-тапсырмада

Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.

4-тапсырмада

Топта тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.

Бағалау

«Бас бармақ» әдісі

«Бір- бірін бағалау» әдісі

«Смайликтер» әдісі

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі

Дескриптор

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;
  • мәтін мазмұнына сәйкес сурет салады.;
  • мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топқа бөліну кезінде қауіпсіздік ережелері ескеріледі

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы