Шебердің қолы ортақ. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: Шебердің қолы ортақ «Зергер» Фариза Оңғарсынова
Оқу мақсаттары
3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (салыстыру, теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: өлеңді түсініп оқып, қажетті ақпаратты табады.
Көпшілік оқушылар: түрлі дереккөздерден ақпаратты табады, сызба түрінде көрсетеді
Кейбір оқушылар: өлеңдегі әдеби көркемдегіш құралдарды табады
Бағалау критерийлері
- Мәтіннен нақты ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді
- Түрлі дереккөздерден нақты ақпараттар табады;
- Мәтіндегі көркем сөздерді анықтайды
Сабақ барысы
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы:
«Шаттық шеңбері»
Сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.
Топтарға бөліну:
Зергерлік бұйымдары арқылы топтарға бөліну
Өтетін тақырыпқа болжам жасау. Суреттерге зер салу. Ортақ тақырып табу
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
«Зергер» Фариза Оңғарсынова
(ЖЖ,Т) «Үштік» әдісі (Ойлан, жұптас, бөліс)
Топ бойынша тапсырманы оқиды. Топтағы оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.
Өлеңді талдағаннан кейін әр топқа тапсырма
Білемін | Білдім | Білгім келеді |
Саралау: Топтағы барлық оқушы жұмыс жасайды. Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады
Нұсқаулық
БББ кестесін жұппен, топпен толтыруларына болады. Кестені толтырып, жазғандарын оқиды
ҚБ «Жұлдызша»
Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату
2-тапсырма
(Ж) «Төрт сөйлем» әдісі
Үнтаспадан Бауыржан Жақыптың «Тобылғы» өлеңін тыңдау
1. Пікір. Тыңдаған материал бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2. Дәлел. Өлеңдегі көркем сөздерді табады,түсінік береді
3. Сұрақ. Өлеңге сүйеніп, тобылғы туралы сұрақ ойластырады?
4. Қорытынды. Өлеңнен нақты ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді
Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.
Нұсқаулық
Тобылғы туралы сұрақ ойластырып, басқа топтарға сұрақты қоюларына болады. Сұраққа жауап толық, нақты болу керек
Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,«Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау
3-тапсырма (ЖЖ) « Ғажайып көрме» әдісі
Өлеңдер бөліктерге бөлініп беріледі. Оқушылар өлеңнің бөліктерін оқиды. Оқыған бөліктері бойынша сурет салады. Жұмысты жұппен орындайды
Саралау: Орындау барысында бағалау тәсілі арқылы сараланады. Оқушылардың жұмыстарының барлығы бағаланады.
Нұсқаулық
Суреттер тақтаға ілінеді. Оқушылар суреттерді тамашалайды. Тақырыпқа сай және көркем салынған суреттер аталады
ҚБ «Бір-бірін бағалау»
Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.
4- тапсырма (Т) « Жаңалық ашамыз» әдісі
Оқушыларға түрлі дереккөздер ұсынылады.Ғаламтордан немесе энциклопедиядан халқымыз тобылғы мен қамшыны неліктен қастерлегені туралы мәліметтер жинастыру
Саралау: Орындау барысында қарқын арқылы саралау. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі
Нұсқаулық
Тобылғы мен қамшы туралы мәліметті бір-бірімен бөліседі. Оқушылар өздеріне қандай мәлімет жаңалық болғанын айтып өтеді
ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»
Топтарды бағалау үдерісінде екі жұлдыз және бір тілек айтамын.
Екі жұлдыз – жұмыстарында ерекше ұнағаны
Бір тілек - жақсартуға болатыны
Ресурстар:энциклопедия,қамшы және тобылғының суреттері
Сабақтың соңы
«Бір ауыз сөз» әдісі
Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?