Саятшы Ораз. 3 сынып
Саятшы Ораз
Сол жылы кездескен адамдардан есімде сақталған жалғыз адам – саятшы Ораз. Ол адамның түр-тұлғасына, кескін- кейпіне қызыға қарап жүрдім. Орта бойлы, кең жауырынды, төстек кеуделі, ақ сақалды, дөңестеу мұрынды, дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы адам еді.
Ораздың үйі мен біздің үй су жататын сайдың күнгей жағында отырды. Ораз жалғыз оқты шитімен ататын мерген екен. Бертініректе аспанда зырлап ұшып бара жатқан үйректі шитімен атып түсіргенін өзім де көрдім.
Ораздың ұсынған оғы тимегенін көрген емеспін. Құсбегілігі одан да бетер болған. Есін білгелі қыс бүркіт, жаз қаршыға мен тұйғын салудан қол үзбеген. Ораз әр күні қоржынын толтыра құс, қанжығасын толтыра аң әкелмей қоймайды екен. Ол қыстыгүні күзен, тышқан, түлкі, қасқыр сияқты аңдарды да көп аулаған.
1 - қосымша
«Суреттегі құсбегі туралы не айтасың?»
2- қосымша
Мәтінге сүйеніп, кейіпкердің портреті мен іс-әрекеттерін анықтап, жаз.
3-қосымша
Ораздың іс – әрекетін анықтап, баға бер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?