Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну. 3 сынып
Тарау: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну
Оқу мақсаттары:
3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу
3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: өлеңді мәнерлеп және қажетті ақпаратты теріп оқиды, шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады.
Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтауда өзіндік ойын түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшелігі туралы білетін білімін пайдалана алады
Бағалау критерийлері
- өлеңді мәнерлеп және қажетті ақпаратты теріп оқиды
- шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады.
Сабақ барысы
Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасы «Суретті жұмбақ» әдісі арқылы оқылатын өлеңнің мазмұнын анықтаудан басталады. Ол үшін:
Оқушылар екі топқа бөлінеді, топтар сурет бойынша өз ойларын ортаға салады. (Екі топ өз ойларынан қорытынды шығарады, табиғат туралы туралы өлең оқитындарын айтып түсіндіреді).
Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін сұрақтар қойылады. Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру. Демек, біз бүгінгі сабағымызда өлеңді мәнерлеп және қажетті ақпаратты теріп оқимыз, мұғалімнің көмегімен өлең мазұнын видеофильм нұсқасымен салыстырып, сұрақтар құрастырып және жауап береміз.
Сабақтың ортасы:
1-тапсырма. Оқиық.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
1. (МК, Ұ) «Моделденген оқылым» әдісімен Әдібай Табылдының «Қоршаған табиғат тамаша» өлеңін мұғалім дауыстап оқиды.
2. (Ө) Өлеңді оқушыларға іштей оқуды тапсырыңыз.
3. Барлық оқушылар өлеңді оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделей алуға жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздерді түсіндіріледі.(обал, тасжүрек, кесел, көкжиекке ұласқан).
3. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін өлеңді қайта шолу тапсырылады.
4. Қажеттілігіне қарай өлең бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.
- Қоршаған табиғат тамаша дегенді қалай түсінесің?
- Автор неге табиғатты қорғаңдар деп тұр?
- Табиғатты қорғау кімдердің жұмысы?
- Табиғатты қорғау үшін не істей аласың?
- Жанды табиғатқа не жатады?
Саралау: «Қарқын арқылы саралау» жүргізіледі. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
Қ/Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.
2-тапсырма. Зерттейік.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Т,Ж).«Ролдегі оқушылар» әдісі бойынша төрт топ жұмыс жасайды.
- Баяндаушылар оқулықтағы өлеңді оқып баяндайды.
- Сұрақ қоюшылар ашық сұрақтар қарастырады.
- Дәнекерлеушілер өмірмен байланыстырады.
- Із кесушілер қызықты мәліметтерді табады.
Саралау: қолдауды қажет ететін оқушыларға «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы көмек беріледі.
Қ/Б: «Бас бармақ» әдісі. Бас бармақтарын көрсету арқылы түсіндіргенді олардың ұғу деңгейі тексеріледі.
Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.
3-тапсырма. Бейнелейік.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Ө,Ұ) «Қоршаған табиғат тамаша» өлеңінің шумақтары бойынша суреттер салады. Топтар өзара өлең шумақтарын бөліп алып, суреттерді салады.
1-шумақ «Тал бүр жарып, астық өскен дала»
2-шумақ «Аңдар мен құстар»
3-шумақ «Орман, тоғай»
Салынған суреттерді «Галереяда ой шарлау» әдісі арқылы қортындылап, бағаланады.
Саралау: «Қорытынды» тәсілі арқылы көмек көрсетіледі. Барлық оқушы бірдей тапсырма орындаса да, нәтижелері әр түрлі болады.
Қ/Б.: «Ауызша кері байланыс» «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы. Өлеңді түсініп оқы. Өлеңнің мазмұны бойынша сурет сал.
Күзде
Аспайды да саспайды,
Дайындалып болсын деп.
Күн суыта бастайды,
Малға пішен орсын деп.
Кең аспанды бұлт қаптап.
Қыс жақынын сездірер.
Жаздай жүрген тұрақтап,
Көкөкті де бездірер.
Балаларды қара, әні,
Жүрегі алып -ұшады,
Мектебіне барады,
Гүлге толып құшағы.
Қ. Баянбаев
Сабақтың соңы.
Рефлексия: ««Жетістік баспалдағы» әдісі
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?