3.3. Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат» ортақ тақырып

Күні:

Сынып: 3 сынып

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

3.3. Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу

3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өлеңді мәнерлеп және қажетті ақпаратты теріп оқиды, шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады.

Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтауда өзіндік ойын түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшелігі туралы білетін білімін пайдалана алады

Бағалау критерийлері

  • өлеңді мәнерлеп және қажетті ақпаратты теріп оқиды
  • шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Құндылықтарды дарыту

Өзара бағалауда әділ бағалау.

Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықты арттыру.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі пәнімен байланысады

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта қолдану, слайд.

Бастапқы білім

Сұрақтарға жауап бере алады.

Шығарманың жанрлық ерекшелігіне байланысты өз ойын толық, жүйелі айтуға, жазуға дағдыланады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақ басында: Ширату: «Суретті жұмбақ» әдісі арқылы оқылатын өлеңнің мазмұнын анықтау. Оқушылар екі топқа бөлінеді, топтар сурет бойынша өз ойларын ортаға салады. (Екі топ өз ойларынан қорытынды шығарады, табиғат туралы туралы өлең оқитындарын айтып түсіндіреді)

Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

өлеңді мәнерлеп және қажетті ақпаратты теріп оқиды, мұғалімнің көмегімен өлең мазұнын видеофильм нұсқасымен салыстыра алады. үшін сұрақтар құрастырады және жауап береді.

4 слайд

Сабақтың ортасы

10 мин

7 мин

7 мин

6 мин

Оқиық. (Ө,Т) Әдібай Табылдының «Қоршаған табиғат тамаша» өлеңі оқылады.

  • Өлең шумағын мәнерлеп оқы
  • Өлеңнің мазмұнына назар аудар
  • Маңызды тұстарын анықта
  • Сұрақтарға жауап береді.
  •  Қоршаған табиғат тамаша дегенді қалай түсінесің?
  •  Автор неге табиғатты қорғаңдар деп тұр?
  •  Табиғатты қорғау кімдердің жұмысы?
  •  Табиғатты қорғау үшін не істей аласың?
  •  Жанды табиғатқа не жатады?

Қ/Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.

Зерттейік (Т,Ж).«Ролдегі оқушылар» әдісі бойынша төрт топ жұмыс жасайды.

  • Баяндаушылар оқулықтағы өлеңді оқып баяндайды.
  • Сұрақ қоюшылар ашық сұрақтар қарастырады.
  • Дәнекерлеушілер өмірмен байланыстырады.
  • Із кесушілер қызықты мәліметтерді табады.

Қ/Б: «Бас бармақ» әдісі. Бас бармақтарын көрсету арқылы түсіндіргенді олардың ұғу деңгейі тексеріледі.

Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.

Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.

Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.

Бейнелейік. «Қоршаған табиғат тамаша» өлеңінің шумақтары бойынша суреттер салады. Топтар өзара өлең шумақтарын бөліп алып, суреттерді салады.

1-шумақ «Тал бүр жарып, астық өскен дала»

2-шумақ «Аңдар мен құстар»

3-шумақ «Орман, тоғай»

Салынған суреттерді «Галереяда ой шарлау» әдісі арқылы қортындылап, бағаланады.

Қ/Б.: «Ауызша кері байланыс» «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы. Өлеңді түсініп оқы. Өлеңнің мазмұны бойынша сурет сал.

Күзде

Аспайды да саспайды,

Дайындалып болсын деп.

Күн суыта бастайды,

Малға пішен орсын деп.

Кең аспанды бұлт қаптап.

Қыс жақынын сездірер.

Жаздай жүрген тұрақтап,

Көкөкті де бездірер.

Балаларды қара, әні,

Жүрегі алып -ұшады,

Мектебіне барады,

Гүлге толып құшағы.

Қ. Баянбаев

5 слайд

1-қосымша

6 слайд

2-қосымша

7 слайд

8 слайд

Сабақтың соңы

5 минут

«Жетістік баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

9 слайд

Стикерлер мен смайликтер

Саралау: 1-тапсырмада қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

2-тапсырмада барлық оқушылар сұрақтарға жауап беру ұсынылғанда диалог және қолдау көрсету арқылы саралау жүргізіледі.

3-тапсырмада «Қорытынды» тәсілі арқылы көмек көрсетіледі. Барлық оқушы бірдей тапсырма орындаса да, нәтижелері әр түрлі болады.

4-тапсырмада бағалау арқылы сараланады.

Дескриптор:

  • Өлеңді оқиды.
  • Сұрақтарға жауап берді.
  • Өлең мазмұнын түсіну анықтау үшін талдау жасайды.
  • шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу