Стереометрия аксиомалары және оның салдарлары 1-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

 Стереометрия аксиомалары және оның салдарлары 1-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік
Сабақ тақырыбы: Стереометрия аксиомалары және оның салдарлары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.1 стереометрия аксиомаларын және олардың салдарларын білу; оларды кескіндеу және математикалық символдар арқылы жазып көрсету.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- стереометрия аксиомаларын, олардың салдарын біледі;
-математикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, стереометрияның аксиомаларын кесіндейді және жазады.

Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыруға көңіл бөлу.
Сабақтың тақырыбын және мақсатын оқушылармен бірге анықтау.
Білімді өзектілеу.
Сабақтың басында планиметрия курсындағы негізгі түсініктерді еске түсірейік.
(презентацияның көмегімен проблемалық диалог түрінде өткізіледі, негізгі сәттерді оқушылар жұмыс дәптерлеріне жазады).
Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
1.Аксиома дегеніміз не?Теорема дегеніміз не?
2.Планиметрия нені зерттейді?
(Планиметрия - фигуралардың қасиеттерін жазықтықта зерттейтін геометрияның бөлімі ).
а) Жазықтықтағы негізгі фигураларды атаңыздар.
ә)Тағы қандай фигураларды планиметрия курсында оқыдыңыздар?
б)Планиметрия аксиомаларын еске түсірейік.
в)Жазықтықта нүктелер мен түзулерді қалай белгілейді?
г)«А нүктесі а түзуіне тиісті» деген сөйлемді қандай символдардың көмегімен жазады? ( )
д)«А нүктесі  жазықтығында жатады» сөйлемі түрінде жазылады, ал «а түзуі  жазықтығында жатады» сөйлемі түрінде жазылады.
Жаңа материал.
Қалай ойлайсыздар, стереометрия дегеніміз не? (Стереометрия – фигуралардың қасиеттерін кеңістікте зерттейтін геометрияның бөлімі).
а)Қалай ойлайсыздар, стереометрияда қандай негізгі фигуралар болады? Неліктен?
bilimland.kz сайтындағы бейнематериалды көру және ондағы тапсырмаларды орындау. Нүкте, түзу және жазықтықтардың өзара орналасуына қатысты негізгі қасиеттері аксиомалар арқылы тұжырымдалған:
А1. Бір түзуде жатпайтын кез 3 нүкте арқылы жазықтық жүргізуге болады және ол жалғыз болады.
Оқушылар өздері А1 аксиомасын символдардың көмегімен жазуға тырысады. Сосын талдайды және ең дұрысын таңдап алады.(видеотүсіндіру, конспект, 1,2-жаттығулар).
А2. Егер түзудің екі нүктесі жазықтықта жатса, онда бұл түзудің барлық нүктелері осы жазықтықта жатады.
Бұл жағдайда түзу жазықтықта жатыр немесе жазықтық түзу арқылы өтеді деп айтады.
Оқушылар өздері А2 аксиомасын символдардың көмегімен жазуға тырысады. Сосын талдайды және ең дұрысын таңдап алады.(конспект, 3,4-жаттығулар)
А2 аксиомасынан: егер түзу жазықтықта жатпаса, онда түзу мен жазықтықтың бірден артық ортақ нүктесі жоқ. Егер түзу мен жазықтықтың ортақ бір нүктесі болса, онда олар осы нүктеде қиылысады.
А3. Егер екі жазықтықтың ортақ нүктесі бар болса, онда осы жазықтықтардың ортақ нүктелері жататын ортақ түзуі болады, яғни жазықтықтар түзу бойымен қиылысады.
Оқушылар өздері А3 аксиомасын символдардың көмегімен жазуға тырысады. Сосын талдайды және ең дұрысын таңдап алады.(конспект, 5-6 жаттығулар)
Өмірде қолдануға мысалдар.
Материалды бекіту.
Жұппен жұмыс: «Менің есіме сақтадым …»
Оқушылар жұппен жұмыс жасай отырып еркін түрде жаңа материалдан естерінде не сақталғанын бір біріне айтып береді.Әрбір оқушы кем дегенде 7-8 әртүрлі фактілерді еске түсіру қажет. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 605



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?