Квадрат түбір 2-сабақ (А-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

 Квадрат түбір 2-сабақ (А-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер
Сабақ тақырыбы: Квадрат түбір 2-сабақ (А-бөлімі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.2 санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі ұғымдарын біледі және ажыратады;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
«квадрат түбір» мен «арифметикалық квадрат түбір» ұғымдарының айырмашылығын түсіндіре алады;
арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін біледі;
√x=a түріндегі теңдеулерді шешеді.

1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеп, сынып тазалығы мен қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру. Үйге берілген тапсырманы тексеру, оқушыларға ауызша кері байланыс ұсыну, негізгі пайда болған кателіктердің пайда болу себептерін анықтау.Оқушыларды сабақ тақырыбымен және оқу, сабақ мақсаттарымен таныстыру.
2. Бұрынғы білімдерін белсендіру
Өткен сабақтағы білімді белсендіру мақсатында оқушыларға «Математикалық сағатты» жасау ұсынылады. Бұл тапсырмада оқушылар санды дәрежеге шығару мен саннан түбір алуды қайталайды. Сонымен қатар, оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін де дамыта алады, яғни олар өздерінің басқа жауаптарын ұсына алады.
Бағалау критерийлері
Оқушылар:
Санның дәрежесін қалданып табады;
Толық квадраттан түбір алады.

Өткен сабақтағы ұғымды тексеру мақсатында оқушыларға мынадай тапсырма ұсынылады:
Мектеп ауласындағы егілген қызанақ шаршы пішіндес жерге егілді. Оның ауданы 16 м2. 4^2=16 және (-4)^2=16 болғандықтан, 4 пен -4 сандары 16 санының квадрат түбірлері болып табылады. Неліктен бұл екі жауап та шаршының ұзындығы бола алмайтындығын түсіндіріңіз?
Бұл тапсырма көмегімен оқушылардың негіздеу, сыни тұрғыдан ойлау дағдылары дамытылады.

Анықтамаларды тексеру мақсатында №3-4 тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырмаларды орындауда оны шешу қажет емес, тек қана дұрыс/бұрыс екенін анықтау керек.
Бағалау критерийі
Оқушы:
Арифметикалық квадрат анықтамасын біледі;
Толық квадраттан түбір алады.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Оқушылар алдына келесі сұрақты қою арқылы басқа түрдегі теңдеуді шешу енгізіледі. Сұрақ мынадай: Санның квадрат түбірі 6-ға тең. Осы мәнмәтінді қолданып, х айнымалысы арқылы теңдеуді құрастырып, жазыңыз. Сонда оқушылар √x=6 түріндегі теңдеуді жазулары тиіс. Оқушыларға х-тің қандай мәнінде осы теңдеу дұрыс болатындығы жайлы сұралады. Осы жерде өткен сабақта қарастырылған x^2=a теңдеуі мен √x=a теңдеулерінің айырмашылығы айтылады.

4. Бекіту
№1 Тапсырма. Алдында қарастырылып өткен теңдеуді шешуді бекіту мақсатында келесі тапсырмалар оқушыларға жеке орындауға беріледі.
Бағалау критерийлері
Оқушы:
Теңдеуді √x=a түріне келтіреді;
Түбір астындағы белгісіз санды табады.

№2 Тапсырма. Бұл тапсырма алдыңғы тапсырманың кеңейтілуі болып табылады. Тек шешу жолында сызықтық теңдеу алынып, кейін ол шешіледі.
Бағалау критерийлері
Оқушы:
Түбір астындағы белгісіз өрнектің мәнін анықтайды;
Сызықтық теңдеу құрастырады;
Сызықтық теңдеуді шешеді.......

Материалдың толық нұсқасын жүктеу үшін сайтымызға тіркеліңіз!!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз:

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» “Бәрін шатастырды” - Алексей Цойға қандай ескерту айтылды? 07.05.2021, 0
» Мәжіліс жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңды қабылдады. 06.05.2021, 0
» Соғыс ардагерлері 1 миллионнан алады 02.05.2021, 1

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы