Ішкі жад (Информатика, 7 сынып, I тоқсан)

 Ішкі  жад (Информатика, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпараттарды өлшемдеу және компьютерлік жад
Сабақ тақырыбы: Ішкі жад
Осы сабақта жетуге тиіс оқытудың мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.1.1.1 компьютердің жад түрлері орнын сипаттау (ОЗУ, ПЗУ, ВЗУ, кеш-жад)
Сабақ мақсаты: • Жад орны мен негізгі сипаттамасын білу және түсіну
• Жад түрлерін ажырата алу.
• Ішкі жад ерекшеліктерін сипаттау .

Ортақ орта құру, тақырып пен мақсатты белгілеу: мұғалім сыныпты екі топқа бөліп, тақырыпты анықтауға оқушыларға тапсырма орындауын ұсынады. Топтарға компьютер құрылғысына арналған суреттерімен үлестірмелер таратады. Оқушылар қандай қызмет атқаратынын көрсетіп, құрылғы суретін таңдайды.
Тапсырма:
• 1 топ – ақпараттың кіру құрылғысы бейнеленген үлестірмені таңдау;
• 2 топ - ақпараттың шығу құрылғысы бейнеленген үлестірмені таңдау
Сабақтың түйінді терминді анықтау үшін сұрақтарға жауап беру ұсынылады: қай үлестірме тиіспелген қалпы қалды? Қалай бір сөзбен бұл құрылғыны атай аламыз? Олар қандай қызметке қолданылады?
Мұғалім оқушыларға ребусты шешіп, аталған термин дұрыстығын тексеруді ұсынады. Қорытындысында оқушылар сабақ тақырыбын жасады.
1-топ оқушылары ақпаратқа кіру құрылғысы суретін таңдайды, 2-топ шығу құрылғысы суретін алады. Оқушылар ребусты шешеді. Сұрақтарға жауап бере отырып, жұмыс қорытындысы бойынша олар сабақ тақырыбын жазады.

Талқылау сұрақтары:
1. Адам қандай оқиғаны ұзақ сақталады, ал қайсысы есте сақтала қоймайды? Мысалдар келтіріңдер.
2. Адам қоршаған әлем туралы барлық ақпаратты сақтай ала ма және бұл оған керек пе?
3. Ақпаратты ұзақ сақтауға әкелетін жад құрылғысын қалай атауға болады? (Ұзақ уақытты жад)
4. Ақпаратты тез сақтайтын жад құрылғысын қалай атауға болады? (Жедел жад).
Оқушылар адам есінде ақпараттар қалай сақталатыны туралы бір-бірімен пікір алмасады (талқылау үшін сұрақ); одан кейін жад анықтамасын жазады және қорытындысын жаза отырып, «Компьютер жады түрлері» сызбасын толтырады.

«Компьютер жады түрлері» сызбасы
Қорытынды: ішкі жад ерекшеліктері жоғары тез әрекет пен шектеулі көлем болып табылады.
Топтық жұмыстың ұйымдастырылуы: мұғалім оқушыларды 3 топқа бөледі: 1 топ – жедел топ, 2 топ– тұрақты жад, 3 топ – кеш-жад, әрқайсысы ғаламтор қорларына (анимация) сүйене отырып, 10 минут ішінде ішкі жадтың (тез әрекет, көлем-сыйымдылық, т.б.) орны, түрлері мен негізгі сипатамасы туралы постер дайындайды.
Топтық жұмыс: оқушылар 10 минут бойы орны, түрлері мен жедел жадтың негізгі сипатамасытуралы 1-топ, тұрақты жад туралы 2-топ, кеш-жад туралы 3-топ жұмыс нәтижелері презентациясын дайындайды.


Топтық жұмыс нәтижелері презентациясы (ОМ қалыптастырушы бағалауы 7.1.1.1, дағды – білу және түсіну): мұғалім 2 минут ішінде әр топтың жұмысы туралы презентацияға нәтижелер постерін құруға ұсынады.
Оқушылардың қорытынды шығару түйіні үшін, компьютердің ішкі жад түрлері туралы толық ақпараттар мазмұндайтын слайдтарды ауыстыру үшін түймені (1,2,3) басады.
Дифференциация кағидалары:
барлықтар – жедел жадтың бір сипаттамасынды көрсетеді;
көптеген – жедел жадтың, тұрақты жадтың, кэш-жадтың сипаттамасынды көрсетеді;
кейбір – жедел жадтың бірнеше сипаттамасынды көрсетеді;

Бағалау критерийлер Дескриптор Ұпай
компьютердің ішкі жад түрлерін атайды. Жедел жадтың міндетімен сипаттамасынды көрсетеді
Тұрақты жадтың міндетімен сипаттамасынды көрсетеді
Кэш-жадтың міндетімен сипаттамасынды көрсетеді .........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 680



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!