Табиғаттағы және адам өміріндегі бактериялардың маңызы (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

 Табиғаттағы және адам өміріндегі бактериялардың маңызы (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4Е Микробиология және биотехнологиялық
Сабақ тақырыбы: Бактерияларды пайдалану. Табиғаттағы және адам өміріндегі бактериялардың маңызы.
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.3.2 ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу
Сабақтың мақсаттары: Бактериялардың зиянды және пайдалы түрлерін біледі, ажырата алады.
Ірімшік және йогурт өндірісін зерттейді
Йогурт пен ірімшік және сүт өнеркәсібінде бактериялардың маңызын біледі
Жасау технологиясымен танысады.

І. Ұйымдастыру.
Ынтымақтастық атмосферасын құру
ІІ. Ой шақыру. Оқушыларға Бактериялардың сызба суреттері ұсынылады.
Оқушылар суреттер бойынша көргендерін сипаттайды.
Мұғалім жетелеуші сұрақтар қояды.
Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірлесе отырып айқындайды.
«Тест» сұрақтарын орындау
Мақсаты: Өтілген тақырып бойынша білім деңгейін анықтау
Сипаттамасы: Бактериялардың құрылысы мен формасы бойынша оқушылар тест тапсырмасын орындап білім деңгейін көрсетеді.
Мұғалім іс-әрекеті: Тест тапсырмаларын беру, бақылау.
Оқушы іс-әрекеті: Тест тапсырмасына оқушылар алдыңғы білімдерін қолданып жауап береді.
Бағалау: тест жауаптарымен жұпта бірін-бірі тексеру
(W)(f) «Иогурт дайындау» оқу фильмін көреді.
Мақсаты: Жаңа тақырыптың мазмұнын ашу
Бактерияларды пайдалану. Табиғаттағы және адам өміріндегі бактериялардың маңызы.
(J)(f) Зертханалық жұмыс «Өндірісте йогурт және ірімшік жасауды зерттеу»
Мақсаты: ірімшік және йогуртты дайындау әдісін үйрету, бактериялар маңызын анықтау.
Мұғалім: оқушыларды топқа бөледі, тапсырмаларды түсіндіреді, бағалау парағын береді, жетістік критерийлерімен таныстырады.
Қабілетті оқушыларға талдауға күрделі сұрақтар береді. Йогурт түрлерінің көп болуын ашытқы бактериялары түрлерімен қалай байланыстырар едің?
Қауіпсіздік ережесі таныстырылады.
 зертханада дайындалған кез келген йогурт немесе ірімшікті жеуге болмайды.
Топтық жұмыс дискрипторлары:
 ірімшік және йогурт дайындау әдісін біледі
 ірімшік және йогурт дайындаудағы бактерия маңызын түсіндіреді
 Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар үш топта жұмыс істейді. ірімшік және йогурт туралы мәтінді оқиды.
 Топтарда йогуртты өз беттерінше дайындау үшін оқушылар сүтті ысытып, оған белсенді йогурт қосады. Оны ұзақ уақытқа қалдырып, одан ірімшік алады.
Жұмыс барысы:
1.Топтағы оқушылар 200 см3 сүтті таза зертханалық стаканда қайнатады. Олар сүтті температураның 90°C аспайтынына көз жеткізіп, ұқыпты қайнатулары керек. Сүтті 35°C дейін суытуға қояды, сосын 4 шай қасық белсенді йогурт қосады......


0 + 0 -

Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала ашылудa...